Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017

Берекелі, мерекелі Қостанай!

Қазақстанда көрікімен және тазалығымен ерекшеленетін Қос­танай қаласы биыл өзінің 138 жылдығын атап өтті. Қос­та­найлықтардың жыл сайын сүй­ікті қаласының туған күнін атап өтуі тамаша дәстүрге ай­нал­ған. 

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Медициналық сақтандыру – ұлт денсаулығы үшін қажетті реформа

Биылғы 1 шілдеден бастап енгізілген міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің пайдасы мен денсаулық сақтау саласын дамытудағы рөлі жөнінде Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығының директоры, белгілі дәрігер, профессор Жақсылық ДОСҚАЛИЕВПЕН әңгімелескен едік.   

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Ақиқат жоқшысы

Қазақтың көрнекті жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдікұлы туралы сыр-толғаныс. Қазіргі қазақ әдебиетінің клас­сигі, Мемлекеттік сыйлық­тың лау­реаты Төлен Әбдік бұл күн­дері 75  жасқа толды. Жа­зу­­­шының қаламынан туған тұщым­ды дүниелер бүгінде ойлы оқыр­­манның рухани олжасы­на айналғаны әмбеге аян. Оның «Оң қол», «Тозақ оттары жы­мыңдайды», «Өліара», «Па­ра­сат майданы» сияқты сүйе­кті шығармалары халқымыз қа­шан­нан қастер тұтар сөз өнерінің алтын сөресінен ойып тұрып өз орнын алды. Біз қабырғалы қаламгерді осынау мерейтойымен құттықтай отырып, төмендегі мақаланы көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік.  

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017

Әбдікерім мектебі қайта жаңғырды

Асқақ Алтайдың алқымындағы Катон­қарағай ауданының Шыңғыстай ауылында бір ғасыр бұрын Әбдікерім болыс салғызған мектептің көшірмесі бой көтерді. 

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Балғындар болашаққа қадам басты

Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейде өткен салтанатты шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, Астана қа­ла­лық мәслихатының депутаты Ерлан Сы­дықов қатысып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғын жүзді ұрпаққа із­гі тілегін арнады.

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

5 күндік оқу аптасын енгізу қалай жүзеге асады?

Оқу жылы басталды. Ата-аналар Білім және ғылым министрлігінің былтырдан бері айтып келе жатқан жаңалық – мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесіне қатысты «Бұл идея қашан іске асырылмақ?», «Оқу жылы қанша күнге ұзаруы мүмкін?» деген сауалдар қойып отыр. Осыған орай Білім және ғылым министрлігі 5 күндік оқу аптасын енгізудің ең маңызды механизмдері жайлы түсініктеме берді.   

Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017

Оқулықтардың мазмұны жаңарып, мұқабасы жұқарды...

Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Биыл жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісінде жаңалық көп. Оның бас­ты­сы – былтыр басталған жаңартылған білім жүйесіне көшудің жал­ға­­сатындығы. Биыл 2, 5, 7-сыныптар жаңа мазмұнға өтеді. Білім бағ­дар­­ламасындағы мұндай өзгерістер неден туындап отыр? Оқытудың жа­­ңа мазмұны елдің үмітін ақтай ала ма? Оқулықтардың салмағы мен са­пасы сын көтере ме? Осындай сан-салалы сұраққа жауап іздестіріп көр­ген едік.  

Хоккей • 05 Қыркүйек, 2017

Қазақ хоккейінің болашағы

Футболда, хоккейде, жалпы, командалық спорт түрлерінде қазақтың баласы неге аз деп қара аспанды төндіретініміз бар. Әлбетте, індете берсең мұның себептерін іздеп таба алмайсың. Басқа ұлттың бапкері баламды кеудеден итерді деп, атты алысқа айдауға да болушы еді. Бірақ, көп жағ­дай­да мәселе шешімінің кілті мына өзіміздің қолымызда еке­нін мойындай бермейміз. Бұған біздің көзіміз Нұрболат Туыс­байұлы есімді азаматпен танысып, аз-кем әңгімелескен кезде әбден жетті.   

Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017

Кейкінің тағдыр-даласы

Батырдың табаны тиген жерлерге баспасөз туры ұйымдастырылды

Яндекс.Метрика