Кәсіпқой бокс • 05 Қыркүйек, 2017
Боксшы Қанат Исламның жекпе-жекте киетін киімі таныстырылды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның ЭКСПО аясында өтетін кезекті жекпе-жегінде рингке киіп шығатын киім үлгісі таныстырылды.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
ОҚО-да мұғалімдерге арналған тұрғын үйлер салынатын болады
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Облыста энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру жұмыстарының барысы» мен «Облыс аумағындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары» туралы екі мәселе қаралды.
Театр • 05 Қыркүйек, 2017
«Қиялға бойлау» фортепияно мен балеттің қайталанбас кеші
«Астана-Балет» театрында «Қиялға бойлау» деген тақырыппен балет премьерасы өтті. Әлемдік деңгейдегі түрлі композиторлардың фортепияноға арналған шығармалары арқау болған әсерлі кеште балет әртістері, симфониялық оркестр музыканттары мен әйгілі пианист Әмір Тебенихин өнер көрсетті.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Мәриямгүлді еске алуға арналады
– дейді КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова. Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы биыл 9-шы рет өткізілмек. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылып жатқан байқау қарсаңында елордадағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Жақында елордадағы Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінде 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Қоңыр Мұхамедиевтің «Туған өлкем – тағдырым» атты көрмесі өтті.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Өрт сөндірушілер жарыс жолында
Отпен «ойнауға» да болады екен. Олай дейтініміз – Маңғыстауда от пен судың арасында алқын-жұлқын жүгіріп, биікке өрмелеп, өртті ауыздықтаған топтар өзара сайысқа түсті. Бұл – Қазақстан Республикасының өрттен құтқару спорты бойынша ерлер арасында XXIV жазғы чемпионаты және әйелдер арасындағы IV жазғы біріншілік.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2017
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды
Кеше Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан IV әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Төртінші рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеде әлемнің 25 елінен 70-тен астам спортшы өздерінің бақтарын сынауда. Халықаралық турнир Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігінің мұрындық болуымен өткізіліп жатыр.
Кәсіпқой бокс • 05 Қыркүйек, 2017
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзінің отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек өткізіп, оны жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесетінін ресми түрде мәлімдеген болатын. Күз айының басты жекпе-жегі саналған Головкин-Альварес жекпе-жегіне қатысты бүгінге дейін жарияланған оқи қалар оқиғаларды назарларыңызға ұсынамыз.
Күрес • 05 Қыркүйек, 2017
Парижде өткен әлем чемпионатында 70 килоға дейінгі салмақта Ақжүрек Таңатаров Қазақстан қоржынына қола медаль салды. Ширек финалда италиялық Франк Чамизо Маркестен жеңілді. Маркес деген бір жампоз. Жолындағының бәрін қиратып, финалдың ауылына атойлап кіріп кетті. Соның арқасында Ақжүрек жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Алдымен өзбекстандық Ихтиёр Наврузовты жеңді. Әлем чемпионатына осал балуан келмейді. Ихтиёріңіз Рио-де-Жанейро олимпиадасында қола медаль алған. Риодан кейінгі әлем чемпионатында финалға шыққан. Азия чемпионаттарында талай рет топ жарған оғлан осымен екінші рет Ақжүректің қанжығасында кетті.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2017
Талдықорғандатағы да қоныс тойы
Талдықорғанда 168 отбасы үйлі болды. Мұның бәрі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары есебінен салынған 1 және 2 бөлмелі пәтерлер. «Арлан жоба» ЖШС-нің жобасы бойынша «Жетісужилсоцстрой» ЖШС тұрғызған 5, 6, 7 қабатты үйлердің құрылысы 2014 жылы басталыпты. Жалпы алаңы 11 мың шаршы метрге жуықтайтын үш үйді тұрғызуға 1 млрд теңге жұмсалған. Нысандар жоспарға сай қолданысқа беріліп отыр. Және сапасы жағынан да талаптарға толықтай жауап береді. Құрылыс барысын техникалық жағынан бастан-аяқ қадағалап отырған «Krav Инженеринг» ЖШС өкілдері осындай мәлімет беріп отыр.