Қазақстан • 31 Тамыз, 2017
Астанада «Қасиетті Құран кітаптары» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында «Қасиетті Құран кітаптары» атты көрме ашылды.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2017
Қостанайда дәрігердің адам өлтіруге қатысты ісі тыңдалуда
Облыстық психиатриялық аурухананың бұрынғы бас дәрігері, Амбулаторлық сот-психиатриялық сараптау орталығының төрайымы Рашида Сандыбаеваны өлтіруді ұйымдастырды деген күдікті психиатр дәрігер Зәуреш Ізалдинаны алдын ала тыңдау 29 тамызда басталды. Осы жөніндегі ақпаратты облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың баспасөз қазметі таратты.
Қазақстан • 31 Тамыз, 2017
Алдағы демалыс күндері Астанада үш облыстың жәрмеңкесі өтеді
2-3 қыркүйекте «Қазақстан» СК көлік тұрағы аумағында Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының жәрмеңкесі өтеді.
Спорт • 31 Тамыз, 2017
Атырауда тай боксынан кəсіпқой жарыс өтеді
3 қыркүйек жауынгерлік өнердің жанкүйерлері үшін ерекше күн болмақ.
Қазақстан • 31 Тамыз, 2017
Оңтүстік Қазақстанның қуыршақ театры Астанада өнер көрсетеді
Оңтүстік Қазақстан облысының қуықшақ театры елордалық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Театр • 31 Тамыз, 2017
Операның отаны саналатын Миландағы Ла Скала театры астаналық көрермендерге жауһар туындыларын ұсынбақ. Музыка мәдениетіне елеулі еңбек сіңірген Зубин Мехтаның дирижерлік пультты басқаратынынан-ақ, көлемді циклдерден тұратын музыкалық шығармалардың салмағын таразылай беруге болады. Сексеннің сеңгіріне шығып отырған маэстро жүздеген партитураларды жатқа білетіндіктен, көзді жұмып тұрып-ақ ноталарсыз дирижерлік етеді.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2017
Атырау облысында индустрияландыру аясында 5.6 мың жаңа жұмыс орыны ашылады
Аймақта индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы жүзеге асырылуда. 2017 жылы жалпы құны 5 млрд теңге болатын 5 жоба жұмысын бастайды, сол арқылы 344 жұмыс орыны құрылады. Бүгінге дейін 3 жоба іске қосылды, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Күрес • 31 Тамыз, 2017
Батысқазақстандық полицейлер самбодан жүлдегер атанды
«28-31 тамыз күндері Атырау қаласында өткен самбодан Ішкі істер министрлігінің чемпионатында жалпы командалық есеп бойынша Батыс Қазақстандық құрама командасы жүлделі ІІ орынға ие болды» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Спорт • 31 Тамыз, 2017
Қанат Исламның қатысуымен өтетін бокс кешіне 8 000-нан аса билет сатылды
Үш аптаға жуық уақыт аралығында ғана 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттерінің басым бөлігі сатылды. Осы күнге дейін ешкімнен жеңілмеген Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті көру үшін 11 000 адам келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2017
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Ата Заң күнін ұлықтауға арналған мерекелік шаралар өтті.