Қазақстан • 31 Тамыз, 2017

Оңтүстік Қазақстанның қуыршақ театры Астанада өнер көрсетеді

53 реткөрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының қуықшақ театры елордалық бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады.

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндерінде облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас көрермендерге Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» қойылым мен Антонина Малюченконың «Масақ» («Колосок») қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды.

Алтын балық қойылымы кедей баласы Фархаттың бойындағы әділеттілік, адамгершілік пен Хан шабармандарының бойын жаулап алған зұлымдық, қара басының қамын ойлаушылық, мансапқорлық секілді ымыраға келмес өзара қақтығысын көрсетеді. Қойылым жас жеткіншектерге адамгершілік, еңбекқорлық секілді кез-келген адам баласына тән жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге шақырады. Көрермендер мен ата-аналар тарапынан зор ықыласқа бөленген қойылым жас бүлдіршіндер мен жеткіншектерге ерекше әсер қалдыра алды.

«Масақ» қойылымының мақсаты –  балаларды еңбекке баулу. Спектакль барысы Әтеш пен Тышқанның бидайдың масағын тауып алуынан бастау алады. Еңбекқор Әтеш пен еріншек Тышқанның өзара қарама-қайшы әрекеттері көрініс тауып, қойылымды тамашалаған көрермен балақайлар «еңбекпен келген нан тәтті» деген мақалдың мағынасын осы қойылым арқылы терең түсінді деуге болады.

Кішкентай көрермендерді шат-шадыман қуанышқа бөлеген театр қойылымдарының басты мақсаты –  балалар мен жасөспірімдерге рухани тәрбие беру, жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуын қалыптастыру мен ұлттық мүддені насихаттау, мәдениетке, өнерге қызықтыру, Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға, құрметтеуге, адалдыққа, достыққа, адамгершілікке т.б. адами қасиеттерге жастайынан баулу болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, 29 тамыз бен 3 қыркүйек арасында елордамызда Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтуде. Оңтүстік өңірдің мәдениеті мен тарихын, құнды жәдігерлері мен бейнелеу өнерін дәріптейтін «Оңтүстіктің елордаға жеті керемет тартуы» атты бағдарламасында ән мен күй де, қолөнер бұйымдарының көрмесі де, ауыл­шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де, қайырымдылық акциялар да қамтылған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Рамазан айы 6 мамырда басталады

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Трансплантолог

Медицина • Бүгін, 09:54

Ұқсас жаңалықтар