Қазақстан • 24 Тамыз, 2017
Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Парламенттік Ассамблея өкілдерімен кездесті
Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының төрайымы Кристин Муттоненмен және Бас xатшысы Роберто Монтелломен кездесті.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2017
ОҚО әкімі 7 айда атқарылған жұмыс есебін берді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық мәслихаттың кезекті XIV сессиясында биыл 7 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2017
СҚО-да «Парасатты полицей» конкурсының ашылу салтанаты өтті
Бүгін Петропавл қаласында Қазақстан полициясының 25 жылдығы аясында Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті базасында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында «Парасатты полицей» республикалық конкурсының ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2017
Қазақстанда шыны бөтелкелерді жаппай тапсыру қайта жанданады
Қазақстанда шыны ыдыстарын (қайта пайдалану) кері өткізу нарығын дамыту бойынша қолға алынған пилоттық жобаның алдын ала қорытындысы келтірілді. Бірінші кезең аясында (2016 жыл соңы мен 2017 жыл қаңтар) 5 млн шыны бөтелке жиналды.
Парламент • 24 Тамыз, 2017
Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Э.Солхейммен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры Эрик Солхеймді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Парламент • 24 Тамыз, 2017
Парламент Сенатының депутаттары Ақтөбе облысына барды
Парламент Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Ақтөбе облысының Алға ауданына сапар барысында тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорнының алдағы қысқы кезеңдерге дайындық сапасына назар аударды.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2017
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектері – ұлттық кодтың негізі
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу», – деген болатын. Бұл орайда ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектері – ұлттық кодтың негізі бола алады.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2017
Қызылордада құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды
Қызылорда қаласында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен қатысты.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2017
«QAZAQSTAN» – жаңа маусым жаңалықтары
Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа маусымы таныстырылды. 28-тамыздан бастап корпорация құрамына енетін арналар мен радиолардың эфирінде ауқымды өзгеріс орын алмақ. Яғни, ребрендинг жүргізіліп, студиялар жаңартылып, жаңа бағдарламалар эфирге қосылады.
Футбол • 24 Тамыз, 2017
Ел футболы: ширек ғасыр шежіре
Отандық футболдың жай-күйі бәрімізге мәлім. Қазіргі кейбір жанкүйер мен мамандар «Астананың» Еурокубоктағы табысымен қазақ футболының дамуын бағалайтын болған. Шындығында ол дұрыс емес. Өйткені, елорда клубында негізінен легионерлер өнер көрсетеді. Ал қазақ футболының қай деңгейде екенін байқау үшін жастар және ұлттық құраманың көрсеткіштеріне қарау керек.