Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Технология • 24 Тамыз, 2017

Астанада Турецкий хорының гала-концерті өтті

«Қазақстан» Орталық концерт залында Астанадағы Мәскеу күндерінің ашылу салтанаты өтті. Осыған орай Ресейдің халық әртісі, музыкант Михаил Турецкийдің жетекшілігімен құрылған әйгілі хордың гала-концерті өтті.

Технология • 24 Тамыз, 2017

Жеңіл өнеркәсіп: ізденістер мен іркілістер

Халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруде жеңіл өнеркәсіптің игі ықпалы өлшеусіз. Жергілікті тұрғындардың, әсіресе, әйелдердің арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту болып табылады. Бұл саланың өнімдеріне деген сұраныс та жоғары – азық-түлік тауарларынан кейінгі екінші орынды иеленеді. Сондықтан, қарапайым жұрттың қамын ойлаған ел экономикалық даму стратегиясында бірінші кезекте жеңіл өнеркәсібі саласын дамытуға айрықша басымдық беруге тиіс.

Футбол • 23 Тамыз, 2017

«Астана» ойыншысы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің үздік сұрмергені атанды

«Астана» командасының шабуылшысы Патрик Твумаси Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жауапты кездесуінде «Селтик» қақпасына екі гол соққан болатын. Осы қос голының арқасында ол іріктеу кезеңінің үздік сұрмергені атанды.

Бизнес • 23 Тамыз, 2017

Шымкенттің кілемдері Қытайға экспортталмақ

Шымкенттегі «Оңтүстік» АЭА орналасқан кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС өз өнімдерін ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да белсенді таратуда. Бүгінде кілем өнімдерін сату үшін алыс және жақын шетел өкілдерімен байланыс орнатқан.

Теннис • 23 Тамыз, 2017

Балалар үйі тәрбиеленушілері арасында үстел теннисінен турнир өтті

«Ері жомарт елдің қызы жетім болмайды». Алайда, ресми статистикаға сүйенсек ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің саны аз емес. Оларға қолдан келгенше рухани-материалдық көмек көрсету барлық қоғам мүшелерінің міндеті. Алматыда Қазақстан балалар үйлерінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен республикалық «Пинг-понг» ханшайымы турнирі өтті.

ЭКСПО-2017 • 23 Тамыз, 2017

Лондоннан Астанаға электромобильмен келген шабандоз

Бүгін ЭКСПО қалашығында орналасқан Нидерланд корольдігінің павильонында «80 DAY RACE» дүниежүзілік жарысы өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Қазақстан • 23 Тамыз, 2017

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 80 үміткерге тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шет елдерде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ауыр атлетика • 23 Тамыз, 2017

Универсиада-2017: Қазақстан қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты

Қазақстандық Денис Уланов Тайпейде өтіп жатқан жазғы Универсиада-2017 ойындарында ауыр атлетика сайысында алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Sports.kz

Аймақтар • 23 Тамыз, 2017

Сарайшықтағы қазба жұмысы барысында алғашқы жәдігерлер табылды

Атырау облысының Махамбет ауданы Сарайшық ауылындағы көне қала орнында қазба жұмыстарын жүргізу барысында алғашқы жәдігерлер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Қазақстан • 23 Тамыз, 2017

Астанада генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Бүгін Астанадағы Мәскеу күндері аясында «Жерұйық» саябағында Кеңес одағының батыры, генерал И.В. Панфиловтың ескерткішіне және «28 панфиловшы» монументіне гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің медиа орталығы.

Яндекс.Метрика