Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Үкімет • 23 Тамыз, 2017

Міндеттер мінсіз орындалуы тиіс

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мемлекет бас­шы­сы­ның Жарлықтарын орындау бойынша Үкімет мүшелеріне бір­қа­тар тапсырмалар жүктеді.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2017

Арпа, бидай ас екен...

Әр жыл сайын келетін орақ нау­қанының тек өзіне тән ерекшелігі болатынын мамандар жиі қайталайды. Еліміздің батыс өңіріндегі егін ору ісіне тән биылғы өзгешеліктер қан­дай деген сауалға жауап іздер болсақ, көктемгі жаңбыр егіс салуға кедер­гісін келтіргенін айтқан жөн. Сон­дықтан, бұл науқан Ақтөбе аума­ғында өз уақытынан кештеу аяқталды. Соның салдары облыстың кейбір аумақтарында астықтың өз уақытында толық пісіп үлгермегеніне әкеліп соқтырды.

Футбол • 23 Тамыз, 2017

Бренден Роджерс: «Астана» камбэк жасауға сәл қалды

«Селтик» командасының бас  бапкері Бренден Роджерс «Астанаға» қарсы матчтан кейін кездесу жайлы өз ойын білдірді

Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Көне жәдігерлер көмбесі

Мемлекет басшысы «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласында «біз қай­та түлеудің айырықша маңызды екі про­цесін – саяси реформа мен эко­но­ми­калық жаңғыруды қолға алдық. Біз­дің мақсатымыз айқын, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» де­ген болатын.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Ең таңдаулы 100 оқулық қазақ тіліне аударыла бастады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ла­сында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бой­ынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты Ұлттық аударма бюросы құрылып, жоғары оқу орындарына арналған гуманитарлық бағыттағы жаңа оқулықтар жобасын әзірлеуге кірісіп кетті.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Елбасы Өскемен титан-магний комбинатының басшылығын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының басшылығын қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2017

Еліміздегі  «Тұтынушылардың Ұлттық Одағына» 25 жыл толды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жұмысын бастаған дербес ұйым осы уақыт аралығында тұтынушылардың талап-арыздары бойынша сотта 2448 істе жеңіске жетіп, 600 миллион теңгеден астам моральдық және материалдық залалдың өндірілуіне сеп болған.

22 Тамыз, 2017

Қазақ футболына жаны ашып отырған кім?

Қазақ футболындағы қандай да болсын клубты алып қарасаңыз, оның ту сыртында жергілікті «жарты патша» – әкім тұрады. Жасыратыны жоқ, біздегі футбол клубтарының тағдыры жергілікті әкімдердің қолында: «Шырқ айналар сорлы тауықтың» күйін кешін, бюджеттің қаржысына басыбүтін тәуелді болып алған.

Күрес • 22 Тамыз, 2017

Әлем чемпионаты-2017: Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты

Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні грек-рим күресінен 59 келі салмақта сынға түсіп жатқан балуанымыз Мейрамбек Айнағұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Яндекс.Метрика