Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Сириядағы сергелдеңге түскен отандастарымыз елге оралды
Сириядағы соғыс өрті тұтанғанына 8 жылға жуықтап қалды. Қарулы қақтығыстар салдарынан әлеуметтік және экономикалық жағдай тұралап, Шам елінің миллиондаған тұрғыны басы ауған жаққа босып кеткені мәлім. Өз халқы осылай босып жатқанда, мұндағы лаңкестік топтар сырт елдердің азаматтарын арбауына түсіріп, «жиһад» іздеп барған талай жанның өмірі ойран болды. Өкініштісі, солардың арасында еліміздің азаматтары, өрімдей жастар, бесіктен белі шықпаған балалар бар. Бірнеше жылдан бері Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұл бағытта жүйелі шаралар қолға алынып, талай азаматымыз ағымдар арбауынан құтқарылды. «Жусан» деп аталатын осындай кезекті операция 5-6 қаңтар күндері өтіп, сәтті аяқталды.
Президент • 10 Қаңтар, 2019
Президенттің жұмыс кестесі: 2018 жылдың негізгі қорытындылары
2018 жыл Қазақстан үшін еліміздегі бірқатар маңызды стратегиялық реформаның жүргізілуімен және халықаралық аренадағы елеулі табыстарымен есте қалды. Бұл Мемлекет басшысының әдеттегідей тығыз әрі барынша қарқынды жұмыс кестесінің мазмұнында көрініс тапты.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
Астаналықтардың орташа жалақысы қалай есептеледі
Астанадағы орташа айлық номиналды жалақы – 230 мың теңге. Астана қаласы Статистика департаментінің жетекшісі міндетін атқарушы Жанар Серікбаева бұл дерекке қатысты түсініктеме берді.
• 09 Қаңтар, 2019
Министр Қасымов Арменияның Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Арменияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Гагик Галачянмен кездесті.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2019
Елбасы Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздің сыртқы саясатын одан әрі экономикаландыра түсу жөніндегі жұмыс жоспары мен министрлік алдында тұрған міндеттердің орындалуы туралы мәлімет ұсынылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
Астанада қалалық туризм бойынша дүниежүзілік саммит өтеді
Туризм саласындағы осындай ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет өткізілгелі отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
Жамбыл тауы ма, Жамбы тауы ма?
Қиырына көз жетпейтін, кеңдігінен сұңқардың қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлы даланың ұлылығына таң қалмасқа амал жоқ. Көне тарихтың сабағы бізге елдік, ұлттық мәселелер хақында сыр шертеді. Тұлпар тұяғының сынығы, найзаның ұшы қасиетті кең даланың рухын көтеріп, мерейін үстем етіп тұрған көркем көріністер. Сол сияқты ұлы дала төсіндегі беймәлім үйінділер, аманат жазылған алып топырақ, қылыштың ізі қалған балбал тастар, барлығы да қазақ дейтін ұлттың ұлы байлығы. Қазақ даласындағы әрбір мекеннің, әрбір жердің талайлы тарихымызда орыны бар деуге әбден болады.
Әлем • 09 Қаңтар, 2019
The Points Guy: Қазақстанда құрметті қонақтарға қой миы тартылады
«The Points Guy» басылымы жақында «Қазақстанда құрметті қонақтарға қой миы тартылады немесе басқа да тәжірибелер» деген тақырыппен көлемді мақала жариялады. Назарларыңызға мақаланың қысқаша мазмұнын ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2019
Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығына арнап концерт қояды
Осы жылдың мамыр айында Ақтөбеге 150 жыл толады. Қаланың мерекелік мерейтойының дайындығымен және оны өткізумен айналысатын ұйымдастыру комитетін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев басқарады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2019
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 8 оқытушысы үздік деп танылды
Бүгінде еліміздегі білім беру жүйесін жаңа мазмұнда құру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру басты мәселе болып отыр. Осы орайда, әсіресе, өңірлердегі ұстаздардың біліктілігіне мән беру, сол арқылы оларды мемлекет тарапынан қолдау жоғары деңгейде жүзеге асып отырғанын да айтып өту керек.