Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Қарақияда құрылыс қарқынды жүріп жатыр
Аудан бойынша былтырғы жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі жоспар бойынша 52 569,0 млн теңге, нәтиже 56 048,8 млн теңге (2017 жылы 43 833,4 млн. теңге). Өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 127,9% өскен. Былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге көбейді. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 3,5 есе артып отыр. Бұл облыстық көрсеткіштің 40 пайызын құрап отыр.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
Маңғыстауда жас кәсіпкерлер қауымдастығы құрылады
Жастар жылына орай биыл Маңғыстау облысында жас кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілмек. Осы бағыттағы жұмысты жетілдіру үшін жас кәсіпкерлер қауымдастығы құрылады. Бұл туралы «Өңірлік Коммуникациялар қызметі» алаңында жүргізілген брифинг барысында Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрбек Қарасаев мәлім етті.
Спорт • 10 Қаңтар, 2019
• 10 Қаңтар, 2019
• 10 Қаңтар, 2019
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
Пошта қызметін жетілдіруге жәрдемдеседі
Ақтөбеде республиканың батыс өңірлерін түгелдей қамтитын ақпараттық-логистикалық орталығы (АЛО) құрылды. Оның тиімділігі мен артықшылығы неде?
Қазақстан • 10 Қаңтар, 2019
Іздеусіз, сұраусыз қалып келген қазынамыз аз ба? Кезінде Сарайшық пен көне Үргенішті жалғастырған Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан ортағасырлық Таскешу керуен сарайы да талай жылдар бойы топырақ астында елеусіз күй кешті.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2019
Қазынасын түгендеген Шыңғырлау
Тәуелсіздік алғанға дейін Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы халқының тең жарымы өзге ұлт өкілдері болған екен. Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектесіп жатқан өңірге Столыпин реформасы кезінде қарашекпендер көп келген. Орыстандырудың тағы бір толқыны тың игеру тұсында болды. Сөйтіп, кезінде хан жайлаған қазақтың тарихи топырағы орыстанған өңірге айналып кете жаздаған.
• 10 Қаңтар, 2019
Құмар ойындарға бақылау күшейтіледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның биылғы алғашқы жалпы отырысында депутаттар үш мәселе қарады. Атап айтқанда, депутаттар алдымен ойын бизнесі саласындағы заңнаманы жетілдіруге, құмар ойындар бойынша құқықтық реттеу деңгейін арттыруға, оларға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасын жұмысқа алды. Аталған заң жобасы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қызметін бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік бермек. Бұдан соңғы қаралған мәселелер ел қауіпсіздігіне қатысты болды.
Саясат • 10 Қаңтар, 2019
Ұлттық ұлан сарбаздары шыңдалып жатыр
Ұлттық ұлан ұйытқы болған әрбір іс-қимыл немесе кез келген жоспар-жобалар Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттермен ұштасып жатыр. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының қолдауымен Ұлттық ұлан үздік офицерлердің білім мен біліктілігін Ресей мен Беларусь және Түркия елдерінде жетілдіруге мүмкіндік алды.