Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 08 Қаңтар, 2019

«Ұлттық волонтерлік желі» - жастардың жолын ашқан жоба

2019 жылды Елбасы Н.Назарбаев «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Қазақстанда еріктілердің басын біріктірген «Ұлттық волонтерлік желі» бірлестігі жастардың жолын ашуға, елге пайдалы игілікті істердің көбеюіне үлес қосып жүр.

Қазақстан • 08 Қаңтар, 2019

Туристер Тараздан таңдағанын табуы тиіс

Бүгінгі таңда туризмнің түрлі бағыттарын дамытуға Әулиеата өңірінің әлеуеті жетеді. Кеше мен бүгінді жалғаған құнды жәдігерлер мен көнеден сыр тартатын тарихи нысандардың өзі Жамбыл облысының даңқын асырып, атын аспандатуда. Негізінен көне Тараз өңіріне келіп, тарихын тамашалауға ниетті туристердің қатары қалың. Ұлы даланың ұлылығын танытатын балбал тастардың өзі – тағылымды тарихымыздың айқын көрінісі. Бұдан бөлек, аймақтағы қолайлы климат және сауда-саттық саласы да өңір туризмін дамытуға негіз бола алады.

Театр • 08 Қаңтар, 2019

«Күміс ғасыр» жауһарлары «Астана Операда»

«Астана Опера» театры сахнасында­ на­ғыз ғажайып би мере­ке­сі орын алды – тал­ғампаз, нәзік әрі ро­ман­тикаға толы бірін­ші бөлім мен сән-сал­танаты жарасқан, қа­нық, шығыс нақышы, әзіл-қалжыңсыз құш­тар­лығы бар екінші бө­лім. «Шопениана» мен «Шехеразада»  шы­ғар­машыл тұлға Михаил Фокинге тие­сілі ХХ ғасырдың басын­дағы қос жауһар туынды қарама-қар­сылық қағидаты бойынша бір-бірінің ар­тықшылықтарын ба­сып-озып әрі көрер­меннің әсерін үдете отырып, бір сахна төрін­де кездесті.

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2019

Қызылордада алып жылыжай пайдалануға беріледі

Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерімен өзін өзі қамтуға қабілетті. Елбасы әр Жолдауында агроөнеркәсіп кешендерін жаңа технологиямен қамту мәселесін ұдайы көтеріп келеді.

08 Қаңтар, 2019

Каспий жағалауы шақырады

Мемлекет басшысы­ Н.Назарбаев­ 2011 жылы Маң­ғыс­тау облысына­ кел­ген­ сапарында өңірді халық­ара­лық іскерлік және туризм ор­та­лығына айналдыру ке­ректігін айт­қан болатын.  «...Маңғыстау тұр­­ғын­дарына көп адамдар өмі­рінде тым құрығанда бір рет болып көру­ді армандайтын­дай жерде тұру бақыты бұйырған. Осы бір қасиетті жерде көптеген әйгілі адамдар, әулиелер жаны тыныштық тапқан. Лайым олар­дың рухы сіздерді қоршап-қор­ғап жүрсін, сіздерді қолдап жүр­сін, бақытты өмір жолына бағдар берсін» деп ба­ғалаған Елбасы өңір­дің көркі мен тарихы мақта­ну­ға да, тағылым алуға да, қы­зы­ға қа­рап тамашалауға да та­­ти­тын­дығын атап айтқан-ды. 

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2019

Индустриялық аймақтағы ірі жобалар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында инвестицияға, әсіресе сырттан тартылатын инвестицияға, ірі трансұлттық компаниялардың әлеуетін пайдалануға көңіл бөлген болатын. Соңғы жылдары бірыңғай аграрлы облыстан индустриялық-аграрлық өңір болып қалыптасқан облыстың инвестициялық тартымдылығы да күшейе түсті. Ірі жобалар негізінен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуді дамыту мен өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін жүзеге асыруға бағытталып отыр. Өңірге халықаралық ірі компаниялар қызығушылық білдіре бастады.

Қазақстан • 08 Қаңтар, 2019

Алтайға кел, ағайын!

Қазақстан • 08 Қаңтар, 2019

Урбанизация − экономикалық дамудың маңызды драйвері

Президенттің өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауынан соң Қазақ­стандағы урбанизацияның жаңа кезеңіне жол ашылды деуге болады. Дегенмен бұл үрдістің экономикалық және әлеуметтік ықпалы зерттеуді талап етеді.

Театр • 08 Қаңтар, 2019

Отыз жылға созылған «Хэйсэй» дәуірі

Кеше Жапонияның Императоры Акихитоның таққа отырғанына тура отыз жыл толды. Алпыс төрт жыл тақта отырып, «Сёва Императоры» деген өзі атаған дәуір атымен тарихта қалған әкесі Хирохито 1989 жылы 7 қаңтар күні таңертең бақилық болған сәтте оның мұрагер ұлы Акихито күншығыс елінің 125-ші императоры болып жарияланды. Сол күні ұлттық жылсанақ дәстүріне («нэнго») сәйкес жапон үкіметінің арнайы жарлығы шығып, келесі күннен бастап Жапонияда «Хэйсэй» («Бейбіт өмір») дәуірі басталған еді.  

Әлем • 07 Қаңтар, 2019

Хоккейден әлем чемпионатында қазақстандық Артур Гатиятов үздік шабуылшылар тізіміне енді

Хоккейден Канадада аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық Артур Гатиятов үздік шабуылшылар тізіміне енді деп хабарлайды Olympic.kz.