Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
Дамудың жаңа міндеттері қандай?
Табалдырығымыздан аттаған 2019 жыл – толайым табыстарға, келелі келісімдерге, ілкімді жобалар мен қаржылық жетістіктерге толы боларына сенім мол. Болашаққа аттаған бір қадам – өзімен бірге тұрақтылық пен өсімді ала келмек. Әлемдік экономикалық ахуалдарға қарамастан ел экономикасына жасалған болжамдар жағымды. Себебі елімізде жүзеге асып жатқан индустрияландыру серпіні сезіліп, басымдық берілген бағыттар қаржы секторының екінші тынысын ашпақ.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2019
Зеленов ауданының атауы өзгерді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов 2019 жылдың алғашқы жұмыс күнін кеше ғана Елбасы Жарлығымен Бәйтерек болып өзгерген ауданның орталығы Переметное ауылында ел-жұртпен кездесуден бастады.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
Жол-көлік апаттарының елімізде өте жиі болатынын, оның салдарынан өлім-жітім де өте көп екендігін «Егемен» бұған дейін бірнеше рет жазды. Бірақ одан қаралы статистиканың азаяр түрі жоқ. Мұндай оқиғалар әсіресе Жаңа жыл қарсаңында үдей түсетіні белгілі. Деректерге көз жүгіртсек, қайғылы оқиғаларда ережені елемеудің және рульге мас күйінде отырудың үлесі көп. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы елімізде ішімдік ішіп рульге отырған 25 мыңнан астам адам анықталған.
Әлем • 04 Қаңтар, 2019
АҚШ-тың Сириядан шығуы: Ықтимал жаңа дағдарыс
Қазіргі жағдай тұрғысынан қарағанда Астана процесі Түркия, Ресей, Иран және АҚШ мәмілелеріне мүмкіншілік беретін механизм ретінде Сириядағы теңгерімді дағдарыстың барысын өзгерткендей. ИЛИМ-нің (ДАИШ) жеңіліске ұшырауы арқылы Сирияда үш топтың бақылауы орнады. Бірінші топқа Дамаск режімі мен оның одақтастары Ресей және Иран, екінші топқа Түркия мен оппозициялық күштер, үшінші топқа АҚШ және оның қолдауындағы ұйым кіреді.
• 04 Қаңтар, 2019
Виза электронды форматта ресімделеді
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында шетелдіктерге бір реттік визаны электронды форматта алу ресімі енгізілді. Осылайша Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға қолайлы жағдай жасалмақ. Сонымен қатар сырттан келетін туристердің саны айтарлықтай өсуі мүмкін.
Президент • 03 Қаңтар, 2019
Аймақтар • 03 Қаңтар, 2019
Зеленов ауданының атауы Бәйтерек боп өзгерді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №855 қаулысына сай Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталатын болды.
Хоккей • 03 Қаңтар, 2019
Жеңілсе де жеңімпаз: қазақстандық хоккейшілер көрермен көзайымына айналды
Канадада хоккейден өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы көрермен қошеметіне бөленді. Виктория қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада жерлестеріміз алғашқы төрт ойында қарсыластарына есе жібергеніне қарамастан, канадалық көрермендердің ықыласына ие болды.
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2019
Алматылықтар Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы опера және балет театрында жиналған зиялы қауым өкілдері қайраткердің азаматтық тұлғасы мен халқына сіңірген ерен еңбегі жайлы тебірене естелік айтты.
Әлем • 03 Қаңтар, 2019
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның бастамасы бойынша жаңа дәстүр енгізілді
Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі 2019-2020 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған елдердің ұлттық туларын орнату ресми рәсімін өткізді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.