Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
«Бәйтерек» монументінің күрделі жөндеуі 10 маусымға дейін аяқталады
Астанада қаланың басты символы – «Бәйтерек» монументіне басталған күрделі жөндеу жұмыстары ақталуға жақын. Қазіргі күні әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар жөндеуді мерзімінде – Астана ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін аяқтауды көздеп отыр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2017
Рамазанның алғашқы күндерінде балалар үйін қуанышқа бөледі
Рамазан айының алғашқы күнінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің тыныс тіршілігімен танысты.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Астанада мұсылмандарға арналған мобильді қосымша пайда болды
iMuslim Astana – Елордадағы мешіттер мен намазханалардың мекен жайын, намаз уақытын, қай жерде тегін ауызашар беріп жатқаны туралы ақпарат беретін мұсылмандарға арналған қолайлы мобильді қосымша.
Әлем • 29 Мамыр, 2017
Моңғолия президенті Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады
Моңғолия президенті Цахиагийн Элбэгдорж Астанада 8-9 маусымда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысу үшін Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Футбол • 29 Мамыр, 2017
Жаңа заңда шетелден легионерлер әкелуге тыйым салынған
Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп беру кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Спорт туралы» заң қабылданғанын, бұл заңның ерекшелігі ретінде бұқаралық спортты дамытуға арналатынын жеткізді.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
«Лотерея туралы» заң қабылданды
Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз баяндамасында «Лотерея туралы» заң қабылданғанын атап өтті.
Кино • 29 Мамыр, 2017
Тұрсынов сарбаз туралы фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісті
Режиссер Ермек Тұрсынов сарбаз туралы фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісті. Кино екінші дүнижүзілік соғыcқа қатысқан сарбаз туралы болмақ.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Қазақстанда Бейбарыс сұлтанға қатысты жәдігерлердің көрмесі өтеді
ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай Астанада Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен билік ету тарихына арналған «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» атты көрме өтеді. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт салалары бойынша қоғамдық кеңес алдында есеп берген министр Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2017
Димаштың концертіне билеттердің жартысы сатылып кетті
27 маусымда ЭКСПО аясында Астана-Арена стадионында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2017
Мемлекеттік күзет қызметі жас сарбаздарды қабылдады
Әскери қызмет өткеру және Отан алдындағы конституциялық борышын атқару үшін республикамыздың барлық өңірлерінен шақырылған жастар салтанатты түрде Әскери ант қабылдады. Акт әскери қызметшілердің патриоттық сезімін оятып, Отанға және Қазақстан Президентіне адал болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарғаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелейтін ерекше әскери жоралғы болып саналады.