Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Күзет сарбаздары ант қабылдады

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі өз қатарына жас сарбаздарды қабылдады. Салтанатты шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, қоғам қайраткерлері, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен туыстары қатысты.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Адалдық

...Қаскүнем бір зұлмат ойға табан тіреген еді. Мұнысы Ақтөбе қаласындағы Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан «Есетжан» дүкеніне кешкі уақыт кезінде басып кіру еді. Өйткені, бұл оңашалау, қалтарыста және жүргіншілері аз тұста орналасқан дүкен болатын.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2017

Ерлікке тағзым

Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Қазақстан Ішкі істер министрлігінің 25 жылдық мерейтойына орай Бұқар жырау аудандық ішкі істер басқармасының ауласында қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің құрметіне мемориалдық тақта орнатты.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2017

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсер жауын құяды. Кей жерлерде жел күшейіп, шаңды дауыл, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

Парламент • 30 Мамыр, 2017

Көшпелі отырыс күрделі мәселелерді көтерді

Үстіміздегі жылдың 25-27 мамыры күндері Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшелері Батыс Қазақстан облысына арнайы келді. Комитеттің Нұртай Сабильянов бастаған бір топ мүшесі жұмыс сапарымен облыстың Теректі, Бөрлі аудандарындағы нысандармен танысып, Ақсай және Орал қаласындағы өндіріс мекемелерін аралап көрді. Орал қаласында өңір басшылығы мен жергілікті құрылыс компаниясы өкілдерінің қатысуымен комитеттің көшпелі отырысы өтті.

Үкімет • 30 Мамыр, 2017

Жетілген заңдар жемісі

Ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес алдында есеп берді.

Парламент • 30 Мамыр, 2017

Адвокаттық қызмет құны аспандап тұр

Ал нотариустық қызметке қажеттілік азаюда.

Парламент • 30 Мамыр, 2017

Кандидаттар ұсыну аяқталды

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтің төрағалық етуімен Комиссияның отырысы өтті. Онда Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну кезеңінің аяқталу қорытындылары қарастырылды.

Қазақстан • 30 Мамыр, 2017

Елтаңбада ұлттың мұрасы мен мұраты бедерленген

Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Шығыс елдерінің сәулет өнері академиясының академигі, профессор Шот-Аман Уәлиханов биыл 85 жасқа, ал талантты тұлғаның қолынан шыққан мемлекеттік рәміздеріміздің бірі – Елтаңбаға 25 жыл толып отыр. Осыған орай, біз газет тілшісінің Шот-Аман Уәлихановпен әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.

Технология • 30 Мамыр, 2017

«Ақылды ғимараттар»

Енді санаулы күндерден кейін әлем назары Астанаға ауатын болады. Арқа төсіндегі елордамызда жаһандық айтулы шара – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі салтанатты түрде ашылады.

Яндекс.Метрика