Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 30 Қараша, 2018

Еліміз бойынша үш жоғары технологиялық компрессорлық станса іске қосылды

Сексеуіл стансасына тағы келдік. Қызылорда облысының Ақтөбе облысымен шектесетін ең соңғы иінінде отырған атақты станса соңғы уақытта үлкен оқиғалардың куәсіне айналды. Сонау Бейнеуден тұтанған көгілдір отын Бозойды басып өтіп, тап осы Сексеуілдегі Арал компрессорлық стансасынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне таралмақ. Нақтырақ айтсақ, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Арал» компрессорлық стансасын, сондай-ақ  «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінде №5 және №7 компрессорлық стансаларын іске қосты.

Президент • 30 Қараша, 2018

Әлем таныған Елбасы

Сонау тоқсаныншы жыл­дар­дың басында егемендік алған Қазақстан демократия жолын таңдап, тұңғыш рет президент сайлауын өткізді. Жал­пыхалықтық сайлауда ең көп дауыс жинаған, дәлірек айтсақ сай­лаушылардың 98 пайызынан артығы қол­даған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті болып тағайындалды. Сол уақыттан бастап ширек ғасыр­дан артық Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ елінің көшін бастап келеді.

Әлем • 30 Қараша, 2018

Еуразия идеясы – түркі ықпалдастығының негізі

Сонау Кеңес Одағы тарқап, Беловеж келісіміне қол қойылған жылғы тарихи жағдайды қазір еске алудың маңызы зор. Ол кезде тәуелсіздік буы әркімге қанат бітіріп, тоталитарлық кезең өткеннен, яғни КСРО бастаған жолдан және осыған ұқсас қандай да болмасын бір бұрынғыдай одаққа қайта оралудан түпкілікті бас тартылды. Тіпті соған ұқсас одақты құруды да билік басындағы демократтар қабылдамады. 

Президент • 30 Қараша, 2018

Елбасы Энергетика министрін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Президент • 30 Қараша, 2018

Ерлан Бекхожин: Елдің бәрін тәнті еткен ерек тұлға

Бізге сұхбат беруші Ерлан Бекхожин – есім-сойы елге белгілі жұлдызды журналистердің бірі. Қазақ қауымына қадірлі текті әулеттің түлегі. Ақпарат саласындағы жемісті жұмысы үшін алған атақ-марапаттары жетіп артылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Президент сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Кәсіби бәйгелерде қанжығасына байлаған кәделі жүлделері қаншама.

Қазақстан • 30 Қараша, 2018

Ерлан Сыдықов: Дара тұлға

Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі. Бұл – тарихи таңдау күні, барша отан­дас­та­рымыздың Елбасы төңірегіне топтасу күні. «Ері жоқ болса, ел жетім, елі бағаламаса, ер жетім» дейді халық да­налығы. Тәубе, бізде Елін өрге сүйрейтін Ер де, азаматын құр­­­мет тұ­татын Ел де бар.

Футбол • 29 Қараша, 2018

«Астана» алғаш рет жеңілді

Еуропа лигасы аясында киевтік «Динамо» клубымен кездескен елордалық «Астана» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Президент • 29 Қараша, 2018

Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевтің Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы мәлімдемесі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің қызығушылығын оятып, жігерлендіре түсті. Түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғалы бері елдік құрып, мемлекет қалыптастыру жолында талай тарихи бел-белестерден сүрінбей өтті. 

Әлем • 29 Қараша, 2018

Ақтөбеде «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асуда

Ақтөбе аймағында Тұңғыш Президент күні қарсаңында осы мерейлі дата құрметіне «Ауыл – ел бесігі» форумы өткізілді. Әрі осы бағытта қолға алынған өңірлік жобаның жүргізілу барысына жан-жақты талдаулар жасалып, оның кейбір алғашқы нәтижелері мәреге жетті. Осы орайда тұтастай республикамыздағы және өңірдегі бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері Алға ауданындағы Амангелді ауылында бас қосып меценаттықты ауылдарды қолдау құрал ретінде дамыту мәселелерін талқылады.