Күрес • 29 Қараша, 2018

Төрт дзюдошымыз үздік ондықтың қатарында

182 реткөрсетілді

  Жаңартылған әлемдік рейтингте «ТОП-10» дзюдошының қатарына Қазақстанның үш өкілі еніп отыр. Олар – Ғұсман Қырғызбаев, Ерлан Серікжанов және Жансай Смағұлов.

Аса жеңіл салмақта белдесетін Ғұсман Қырғызбаев жетінші орынға жайғасса, 66 кило салмақтағы Ерлан Серікжанов пен 73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов 10-сатыға табан тіреді. Дәл сол межеден көріну үшін Елдос Жұмаханов (66 кило), Елдос Сметов (60 кило), Дидар Хамза (81 кило) және Ислам Бозбаевтың (90 кило) жақсы мүмкіндіктері бар. Өткен аптамен салыстырғанда Елдос Сметов екі сатыға жоғарлап, бұл күндері ол 13-орынға табан тіресе, Ислам Бозбаев өз тұғырын сақтап қалды. Ол 15-сатыда. Ал Елдос Жұмаханов пен Дидар Хамза сәл төмендеді. Қазіргі кезде Жұмаханов 11 және Хамза – 15 орынды қанағат тұтуда. Қазақстан балуандар үшін ең үздік нәтиежелер осылар. Ал өзге жерлестеріміз үздік 50 дзюдошылардың қатарына ене алмай отыр.

Ерлер арасында Жапония мен Грузия құрамалары ағарып алда келеді. Күн Шығыс елінің – үш және Қпа тауының – екі өкілі өз салмақ дәрежелері бойынша көш басында. Сондай-ақ, топ бастап тұрғандар қатарында Иран мен Испанияның да балуандары бар. Олар – жапониялық Рики Нагаяма (60 кило), Хифуми Абе (66 кило), Сойши Хашимото (73 кило), ирандық Саид Моллаей (81 кило), испаниялық Николоз Шеразадвишвили (90 кило) және грузиялық Варлам Лапартелиани (100 кило) мен Гурам Тушишвили (+100 кило).

Әйелдер сайысында «ТОП-10» дзюдошының қатарына тек Отгонцецег Галбадрах қосылып отыр. Аса жеңіл салмақта күш сынасып жүрген ол тоғызыншы орында иеленуде. Одан кейінгі тәуір нәтиже Севара Нышанбаева (57 кило) мен Гүлжан Исанова (+78 кило) тиесілі. Олар 26 және 29 орынды еншілеуде. Ал Зарина Райфова (78 кило) – 32, Әлбина Аманкелдиева (78 кило) – 39, Кәмиля Берліқаш (+78 кило) – 42 және Зере Бектасқызы (70 кило) – 45 сатыларға табан тіреп тұр.

Өткен аптада Осакада аяқталған Grand Slam турнирінен кейін Жапонияның бес бірдей спортшысы әлемдік рейтингтің көшін бастады. Олар – Фуна Тонаки (48 кило), Ута Аббе (52 кило), Цукаса Иошида (57 кило), Шизуру Араи (70 кило) және Сара Асахина (+100 кило). Қалған екі салмақ дәрежесінде франциялық Кларисс Агбеньену (63 кило) мен голландиялық Гюше Стенхейстің (78 кило) өзгелерден көші ілгері.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Арыс балалары Бөбекте демалады

Аймақтар • Бүгін, 12:44

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:34

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Бүгін, 10:14

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар