Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Президент • 23 Қараша, 2018

Қырық ғасырлық ұрпақ сабақтастығы бар

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел газеті «Егемен Қазақстанда» жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып шығып, жазбаның идеялық мазмұнын болашаққа жаңа бағыт сілтеп, тың бағдарлама ұсынған аса құнды дүние деп түсіндік. Әсіресе халқымыздың көне тарихына қатысты тыңнан көтерілген ұғым-түсініктер – ұлт тарихының жаңа кезеңін айқындауға бағыт сілтеп тұр. Яғни, қазақ халқының этномәдени көнелігіне мән беру дегеніміз – сол халықтың түп-тамырына үңілу. 

Аймақтар • 23 Қараша, 2018

Оңтүстіктен – Солтүстікке қоныстанушылар үшін баспана салынады

Елбасы күн өткен сайын күшейе түскен жаһандық демографиялық теңгерімсіздікті екінші сын-қатерге жатқызып, туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елде еңбек нарығындағы проблемаларға, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкелетінін, әлеуметтік шиеленістерге соқтыратынын атап көрсеткен болатын. «Қазақстан-2050» даму стратегия­сында демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жетекші басымдықтар қатарына шығарылуы жағдайдың күрделі екенін айғақтаса керек.

Театр • 23 Қараша, 2018

Мен театрдың төл баласымын - Тілектес Мейрамов

Ол кісі ең әуелі адам, содан кейін актер. «Саф сұлу өнер көңілі бықсық адамнан тумайды» дейді үнемі. Өнердің тегі – тазалық, пірі – талант, өзегі – еңбек екенін өзінің өмір сүру қалыбы, өнерге іңкәр көңілі арқылы қалтқысыз дәлелдеп келе жатқан сахнагер жарты ғасырдан астам саналы ғұмырын қасиетті сахна, текті театр өнеріне бағыштады. Өнердің ұлы сапарына Алматыдағы М.Әуезов театры төрінен Қозы болып қанат қаққан бозбала актер бүгінде қазақ сахнасының кемеңгер Абайына айналып, көрерменіне абыздық биіктен үн қатады. «Адам бойынан адалдықты іздеймін. Барлық қасиеттер содан кейін туындайды» деп жиі қайталайтын әртістің арманшыл асқақ әлемі сол қағидасына ғұмыр бойы қылау түсірмей келеді. Бүгінде 70 жас белесіне шығып, алысқа көз тіккен сұлу ойлы сахнагер, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамовтың жан сарайын ашып, оқырманымен бөлісер сыры көп.

Аймақтар • 23 Қараша, 2018

Шетелге кететін түлектердің саны азайып келеді

Мектеп бітірген түлектеріміздің елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырмай, шетелге, оның ішінде теріскейдегі елдің жоғары оқу орындарына ағылуының өзіндік себептері бар болып шықты. Осы мәселеге үңіліп көрген едік.

Қазақстан • 23 Қараша, 2018

Моноқалалардың болашағы бар ма?

Өнеркәсіптік революцияның жаңа толқыны әлем халқын жаппай «қалалық» атандыруда. БҰҰ келтірген ақпаратқа сүйен­сек, бүгінде әлем бойынша қалада тұратын адамдардың саны 3,5 мил­лиардтан асады. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе өсіп, 6,5 млрд-қа жетпек. Жер-жаһанда урбандалу қарқы­ны бе­лең алған тұста қаланың кеспірін кетірмей сақтап қалу про­цесі­ де аса маңызды. Бұл ретте шағын қалалардағы өлімсіреген тір­шілік отын қыздырып, әлеуметтік-экономикалық салалар­ды жандан­ды­ратын басым бағыттар айқындалуға тиіс. Ал Қазақ­стан­­дағы 41 шағын қаланың 12-сі қала атауынан қағылу­дың ал­­дында тұр. Тайлы-тұяғы қалмай үлкен шаһарларға көшіп жат­қан халық бұл мо­ноқалалардың заманауи көштен қалып қой­ға­нын, тір­шіліктің көзі – өндірістің өрге баспай тұрғанын растайды.

Саясат • 22 Қараша, 2018

Ұлы Даланы ұлықтау сыртқы саясатымыздың басты бағытының бірі болуы тиіс

Екі күннен бері елімізде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қоғам тарапынан жан-жақты және түрлі тұрғыдан қызу талқылануда.  

Аймақтар • 22 Қараша, 2018

Медиаторлар слеті өтті

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыста алғашқы медиаторлар слеті өтті деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі.

Аймақтар • 22 Қараша, 2018

Халқымыздың жеті қыры - алдағы тарихтың жеті тарауы

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұжымында талқыланды.

Аймақтар • 22 Қараша, 2018

Қызылордада жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады

Қызылорда облысында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы арасында іске асырылудағы 51 жобаның ішінде «Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны шығару зауыты» және «Қуаттылығы жылына 1 миллион тонна тампонажды цемент зауыты» жобаларының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әлем • 22 Қараша, 2018

Президент Н. Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан зор жетістіктерге қол жеткізді - ҚХР Төрағасы

Елбасы тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ресми сапармен Қытай Халық Республикасына барды. Пекинде Қазақстан Премьер-Министрін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қабылдады, деп хабарлайды primeminister.kz