Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Білім • 21 Қараша, 2018

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

Орталық коммуникациялар қызметінде «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын ресми іске қосуға арналған баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Дүниежүзілік банктің білім тәжірибесі бойынша басқарушысы Харри Патринос және Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун қатысты. 

Аймақтар • 21 Қараша, 2018

Елімізде жол-көлік апаттарынан болатын адам шығыны көп

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен іш­кі істер органдарының қыз­метін жаңғыртуға арналған кеңесте көптен бері ел­дің көкейінде жүрген мәсе­лелер айтылды. Ішкі істер органдарының жұмысы қо­ғам күткен сенімді толық ақтай алмай отырғанын, аза­маттардың көңіл тол­­мастығын туғызуда еке­нін ескерткен Елбасы са­ланың құрылымы мен шта­тын оңтайландыруды тапсырды.

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Ынтымақтастық арта түседі

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Албания Республикасының Еуропалық және сыртқы істер министрі Дитмир Бушатимен кездесті. 

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Жастарды қолдауға арналған бастама

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Тұңғыш Президент күніне арналған жиын өткізді. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, республикалық және өңірлік этно­мәдени бірлестіктердің өкілдері және Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сы ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысты.

Аймақтар • 21 Қараша, 2018

НУ ма­гис­трант­та­ры «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек

Астанадағы Назарбаев Универ­ситет­­тің ма­гис­трант­та­рын «Қазцинк» компаниясының бөлім­шелерінде тәжірибеден өт­кізу мақ­сатында ар­найы бағ­дар­лама жұ­мы­сын бастады.

Медицина • 21 Қараша, 2018

Денешынықтыру пәні пән емес пе?!.

Қоңыр күзде ауылға жол түскен. Ауылдағылардың жайы белгілі ғой, отын-шөптің қарбаласында. Нағашым да көмір алдырған екен, жауынға тигізбей үйіп алу қамында. Жетпістен асып кетсе де қолына ауқымы кең, жалпақ күрек алыпты. Бірақ, қимылы пәс. Қайраты кеміген, қажыры азайған шағы ғой. Әйтсе де, тепсе темір үзетін жасқа жеткен қолғанаттары бар. Қозыжон болып үйіліп жатқан көмірдің екінші басында түртінектеп жүрген екі немересіне қарайлайтын тәрізді. Бірақ немерелері бар болғырлардың қимыл-қарекеті сылбыр. Тезірек үйіп тастайықшы деген түрлері көрінбейді.

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Журналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада «Қазақстан халқы Ассамб­леясы журналистика саласын­дағы «Шаңырақ» және медиация саласы бойынша «Ең үздік медиатор» байқауларының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты шараға ҚХА Төрағасының орын­ба­сары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаттары және қоғам қайраткерлері қатысты. 

Аймақтар • 21 Қараша, 2018

Тараздықтар халық қаһар­маны Ғазиз Байтасовты еске алды

Осыдан жеті жыл бұрын қарашаның қара суығында Жамбыл жұртшылығын ғана емес, бүкіл қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алған болатын. Тараз көшелерінде бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзып, оқ атқан лаңкесті құрықтау кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапты. Бүгінде бейбіт күннің батырларын жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету дәстүрге айналған. Ғазиз Байтасов, Полат Аянқұлов, Жақсыбек Байсейітов сияқты азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Аймауытов мұрасы жаңартылған білім мазмұны бағдарламасында басшылыққа алынды

Еліміздің білім беру жүйесінде 2016-2017 оқу жылынан бері жаңартылған білім беру мазмұнына көшу үрдісі бас­талды. Биылғы оқу жылынан бастап 4, 9, 10, 11 сынып оқушыларынан басқа сыныптардың барлығы жаңа мазмұнмен білім алып жатыр. Жаңа бағдарлама балаларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалды сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға негізделген. Жаңа мазмұнда білім берудің көздеген мақсаты қандай? Оқу үрдісі қалай жүзеге асырылады? Білім жүйесі неге өзгеріп жатыр? Осы және өзге де сауалдарға ата-аналар мен мұғалімдер әлі де болса жауап таппай жүргенін білеміз. Осы мақсатта жаңартылған білім мазмұны жайлы туындаған сұрақтарға жауап іздеп көрдік.