Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 20 Қараша, 2018

«Серпін» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мені шыңдаған «Серпін» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға «Серпін-2050» мем­лекеттік бағдар­ламасы аясында білім алып жатқан еліміздің жоғары оқу орындары мен кәсіптік білім беру колледждерінің студент­тері қатысты.

Қазақстан • 20 Қараша, 2018

Мәулен Әшімбаев ауыл еңбеккерлерімен кездесті

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылына арнайы барып, жергілікті ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. Оларды алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтап, осы салада табысты жұмыс істеп тұрған «Шаңырақ» серіктестігінің жұмысымен танысты.

Қазақстан • 20 Қараша, 2018

Цифрлы жүйеге көшу жемқорлықтың жолын кеседі

Ел дамуына серпін беретін негізгі салаларды цифрлы жүйеге көшіру ең алдымен заман талабы болса, екін­ші жағынан атқарылатын жұмыстар мен халыққа көр­сетілетін қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Алматыда жемқорлыққа қарсы қолданылатын цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарымен танысты.

Медицина • 20 Қараша, 2018

Балалардың қант диабеті көбейген

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, әлемде әр 500-ші сәби мен әр 200-ші жасөспірім қант диабетімен ауырады екен. Алаңдататыны, бұл көрсеткіш таяу жылдары 70 пайызға көбеюі де мүмкін. 

Қазақстан • 20 Қараша, 2018

Инновациялық жобалармен танысты

Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және IT бағытында мамандарды дайындайтын Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарындағы білім сапасын бағалау мақсатында Халықаралық ақпараттық теxнологиялар университетінде болды. 

Қазақстан • 20 Қараша, 2018

Сот реформаларының нәтижесі талқыланды

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми «Судьяларды іріктеу жүйесі мен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жаңғырту» та­қырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Ақтөбе • 20 Қараша, 2018

Аймақтарды дамыту – Президент стратегиясы бағыттарының бірі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекет­тік университетінде «Н.Назарбаев: Дәуір. Тұлға. Қоғам» көшпелі қоры көрмесі аясында «Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясы – аймақтық дамудың драйвері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Білім • 20 Қараша, 2018

Болашақ дәрігерге физика керек пе?

Былтыр Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кә­сіп­тік оқу бағдарламаларын бе­кітті. Осы құжатқа сәйкес меди­ци­налық жоғары оқу орындары жаңа тұрпаттағы оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын қолға алды. Әрине жаңа жоспар ғылымның, оның ішінде медицинаның даму ерек­шеліктерін, шетел білім беру жүйесінің педагогикалық жетістік­терін ескере отырып жасалған. 

Үкімет • 20 Қараша, 2018

«Нұрлы жол» мен энергия тиімділігіне арналды

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шараларға арналды. 

Қазақстан • 20 Қараша, 2018

Ресей ғылым академиясымен байланыс беки түседі

Кеше Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов Ресей ғылым академиясының президенті Александр Сергеевпен келіссөз өткізді. Жиын барысында екі елдің Ғылым академиялары арасындағы ынтымақтастықтың келешегі, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың өзара байланысын кеңейту мүмкіндіктері, ғылымды басқару мәселелері төңірегінде әңгіме өрбіді.