Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Әлем • 19 Қараша, 2018

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров бастаған қазақстандық делегация 15-16 қараша күндері Дубайда өткен Дүниежүзілік төзімділік саммитіне қатысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі. 

Аймақтар • 19 Қараша, 2018

Дін саласының жағдайы туралы баяндаманың қорытындысы жарияланды

Алматыда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігімен әзірленген «Қазақстандағы дін саласының жағдайы: көкейкесті мәселелері мен келешегі» тақырыбындағы баяндама тыңдалды.

Қазақстан • 19 Қараша, 2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың қазақстандық тәжірибесін тарату орталығына айналып отыр.

Аймақтар • 19 Қараша, 2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Алғашқы кезеңімен салыстырғанда мазмұны да, аясы да мейлінше кеңіп, ауқымды киноалаңға айнала алған бұл шара бүгінде еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың біріне айналып отыр.

Қазақстан • 19 Қараша, 2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

Соңғы он айда Алматы көшелерінде орын алған жол-көлік оқиғаларының салдарынан 114 адам ажал құшыпты. Олардың ішінде әлі бұғанасы қатпаған өрімдей жастар да бар.  Айтқызбай келер апаттың алдын ешкім болжай алмайды, алайда, тас жолда үзілген тағдырлардың қыршын ғұмыры өзгелерге сабақ болса дейсің.

Театр • 19 Қараша, 2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл бабамыздың өміріне арналған «Жыр-жолбарыс» музыкалық спектаклі қойылды.

Қазақстан • 19 Қараша, 2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

Қалалық жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, қазан айында өткен «Қауіпсіз жол» акциясында 2500-ге жуық құқықбұзушылық анықталыпты. Анықталғандай,  452 жүргізуші ұялы телефон қолданса, 7-і жылдамдықты шамадан тыс арттырса, 328-і қауіпсіздік белдіктерін тақпаған.

Президент • 19 Қараша, 2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

19 Қараша, 2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Киелі Түркістан және Түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы маңызды жиынды Түркістан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі Академиясы бірлесіп ұйымдастырды.  Сонымен қатар Түркі кеңесі мен Қожа Ахмет  Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті  де қолдау  көрсетті.

19 Қараша, 2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

Слет ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында «Азаматтық құқық» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді.