Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Технология • 08 Қараша, 2018

Астана Хаб Орталық Азияның «кремний алқабына» айналады

Бұрнағы жылдары Қазақстан экономикасы үшін цифрлы жүйе мен ақпараттық технологиялар таңсық болатын. Кейінгі уақытта қазақстандық өрендердің Америка Құрама Штаттарының Силикон алқабында Microsoft, Facebook пен Google секілді алпауыт компанияға барып жұмыс істей бастауы, одан қалды өнертапқыштарымыздың жасап шығарған ғылыми жаңалықтары мен өнімдерін шетелдік компаниялардың сатып ала бастауы отандастарымыздың ақпараттық технологияларға қыры бар екенін көрсетті. 

Қазақстан • 08 Қараша, 2018

Қауіпсіздік Кеңесінде тариф мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев Қауіп­сіздік Кеңесінің кезекті оты­рысын өткізді. Ақор­дада өткен алқалы жиын электр және жылу энер­гияларының қолданыстағы тарифі мен энергетикалық қызмет нарығындағы ба­ғаның белгіленуіне бақылау ж­а­сайтын мемлекеттік ор­гандардың іс-қимылдарына арналды. 

Өнер • 07 Қараша, 2018

Қандастардың қатысуымен өнер фестивалі өтті

Сәрсенбінің сәтінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен «Қасиетті қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалі өтті. Шараны Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Қоғамдық даму министрлігі бірлесіп ұйымдастырған.

Қазақстан • 07 Қараша, 2018

Астанадағы журналистер фактчекинг бойынша кеңес алды

5-6 қараша күндері Kazinform порталы мен «Егемен Қазақстан» газетінің журналистері халықаралық жаңалықтарды тарату, постшындық дәуіріндегі редакциялық саясат, сонымен қатар фактчекингтің тәжірибесі мен негіздерін үйренді. 

Аймақтар • 07 Қараша, 2018

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жаңа бас директоры тағайындалды

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры болып Вэй Юйсян тағайындалды деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа басшыны компания ұжымына 6 қараша, сейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «СНПС Интернационал» компаниясының Қазақстандағы бас директоры Биан Дыжы таныстырды.

07 Қараша, 2018

Алматыда бейтараптандырғыш цехы іске қосылды

Алматыда «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» мен «Ғылым қоры» АҚ бірлескен жобасы аясында  отандық каталитикалық бейтараптандырғыш цехы іске қосылды. Жаңа өнімді таныстыруға «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институтының» Бас директоры, ҚР ҰҒА президенті, академик Мұрат Жұрынов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мелс Елеусізов, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары қатысты. 

Аймақтар • 07 Қараша, 2018

Алматыда Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Білім және ғылым министрлігінің және Алматы аймақтық ректорлар Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі Атқарушы Агенттігінің қолдауымен, Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі мен Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті.

Қазақстан • 07 Қараша, 2018

Халықаралық сарапшылар: Қазақстанның инновациялық технологиялар саласындағы әлеуеті зор

Биылғы 5 қарашада Астанада Digital Bridge халықаралық инновациялық форумы өтті. Шара қатысушылары Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье, Priceline.com, ColorJar және LLC, the Idea Accelerator компанияларының негізін салушы Джефф Хоффман Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті интервьюде инновациялық технологиялардың қазақстандық нарығын дамытуға қолдау көрсету ниеттері туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Күрес • 07 Қараша, 2018

Олимпиада чемпионы «Әлем Файтерсте» қонақта болды

Ресейдің даңқты балуаны, еркін күрестен Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлемнің бес және Еуропаның үш дүркін чемпионы Хаджимұрат Гацалов Алматыдағы «Әлем файтерс» клубына арнайы ат басын бұрды.

Аймақтар • 07 Қараша, 2018

Атырауда жақында «2GIS» қалалық ақпараттық орталық іске қосылады

Қазір облыс орталығындағы барлық әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және бизнес нысандар  енетін қаланың ақпараттық картасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.