Қазақстан • 12 Қазан, 2018
«Хабар» арнасы күн сайын әлемдік фильмдер көрсетпек
15 қазаннан бастап күн сайын сағат 22.20-да «Хабар» телеарнасында әлемдік кинолардың көрсетілімі басталады. Көрермендер «Агенты А.Н.К.Л.», «Безумный Макс», «Одиннадцать друзей Оушена», «Двенадцать друзей Оушена», «Тринадцать друзей Оушена», «50 первых поцелуев», «Тихоокеанский рубеж» және басқа да ең үздік картиналарды жарнамасыз тамашалайды.
Экономика • 12 Қазан, 2018
Қызылордалықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд 864 млн теңге аударды
Қызылордалық тұрғындар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2 млрд 864 млн теңге аударды.
• 12 Қазан, 2018
Спорт • 12 Қазан, 2018
Солтүстікқазақстандық каратэші әйел 49 жасында Еуропа чемпионы атанды
Жасының ұлғайып қалғанына қарамастан Людмила Бутенко Швецияда өткен Еуропа чемпионатынан жеңіспен оралды.
Әлем • 12 Қазан, 2018
Роналду жақын арада құрамаға орала ма?
Криштиану Роналду жақын арада өз құрамасымен бірге футбол алаңына орала алады. Бұл жаңалықты бас бапкер Фернанду Сантуш та жоққа шығармай отыр, деп хабарлайды euronews.
Руханият • 12 Қазан, 2018
Туған жердің тағылымы түлеткен Серік Негимовпен сыр-сұхбат
Бұл күнде жеті белестің қазыналы тағында, жемістің бағында мерейленген Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Негимов туралы пайымдағанда ең алдымен бұл кісінің еңбекқорлық, ізденімпаздық, ересен білімдарлық, әңгімешіл, қашанда халық ортасынан табылар қарапайымдық қасиеттері көзге түседі дер едік. Бұлар бір жағынан, жас кезінде Секеңнің өзі ұстаз тұтқан, тағылымын алып, тәрбиесін көрген Әлкей Марғұлан, Сәбит Мұқанов, Мәлік Ғабдуллин, Рахманқұл Бердібаев, Зәки Ахметов, Тұрсынбек Кәкішұлы сынды абыздардан жұғысты болғандығына сөз жоқ. Құнарлы да қордалы шығармашылық жолда ғалымның төрт жүзден аса ғылыми, әдеби-сын мақалалар мен рецензиялар жариялауы соның айғағы. Оның сыртында «Өлең өрімі», «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі», «Өнерпаздық өрнектері», «Шешендік өнер», «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика», «Мәлік Ғабдуллин», «Қазақтың сал-серілері», «Әдебиет әлемі», «Қазақ өлеңдерінің көркемдігі» сынды күрделі де кесек зерттеу еңбектер авторының ақсақал жасында айтар ғибраты аз емес.
Экономика • 12 Қазан, 2018
Ет экспорты әлеуетін арттыру жолында
Елімізде биылғы жылы етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы іске қосылды. Мақсаты – мемлекет және қаржы институттары тарапынан шаруаларға кешенді түрде қолдау шаралары арқылы саланың экспорттық әлеуетін арттыру, еңбек өнімділігін көтеру болып табылады.
Экономика • 12 Қазан, 2018
Шипалы шұбат – шаһар туризмін дамытатын тағы бір бренд
Талай дертке құнарлы азықты дауа еткен ата-бабаларымыздың әлмисақтан келе жатқан әдісі бүгінде қайта жаңғыра бастағаны байқалады. Қазір әлемнің дамыған елдерінің өзі түйе мен бие сүтінің әрі ем, әрі нәрлі азық екендігіне назар аударып жатқанда, Қазақстан да бұл үрдістен тысқары қалмауға тиіс. Түркістан қаласының индустриялық аймағында орналасқан «Golden Camel» зауыты сондай кәсіпорындардың бірі.
Қоғам • 12 Қазан, 2018
Жолдау жаңа ізденістерге бастайды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы қостанайлықтарға ерекше серпін берді.
Қоғам • 12 Қазан, 2018
Мақсат – айқын, меже – белгілі
Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған облыстық актив жиналысы өтті. Алқалы жиынға облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің және жоғары оқу орындарының басшыларымен қатар, түрлі сала өкілдері қатысты.