Қазақстан • 12 Қазан, 2018
Дархан Ділманов: Маңызы зор тарихи құжат
Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы шын мәнінде халыққа арналған бағдарлама екендігімен құнды. Тәуелсіз еліміздің қасиетті шебін көздерінің қарашығындай күзетіп жүрген шекара сақшыларына ерекше жігер берген Мемлекет басшысы өзінің халыққа дәстүрлі Жолдауында алты маңызды бағытты атап өтті. Оның әр бағыты – Қазақстан халқын, оның ішінде әскери қызметшілердің ата-ана, туғандары мен отбасы мүшелерінің әл-ауқатын арттыруды қамтиды.
Қазақстан • 12 Қазан, 2018
Экспорттық өнім өндірісін қалыптастыру ерекше маңызды
Өңірде ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің, аудан, қала әкімдерінің, басқарма, департамент басшыларының, депутаттардың, этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы жан-жақты талқыланды. Актив жиынында облыс әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасап, сөйлеушілер ой-пікірлерімен бөлісті.
Қоғам • 12 Қазан, 2018
Жолдау міндеттерін жүзеге асырудың жолдары нақтыланды
Ақтауда облыс активінің жиналысы өтіп, жиын барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жаңа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге қажетті шаралар айқындалды.
Әлем • 12 Қазан, 2018
Түркі әлеміне қызығушылық толастамайды
Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Түркі әлемі зерттеулеріне арналған халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстаннан 200-ден астам ғалым мен қоғам қайраткері келді.
Қазақстан • 12 Қазан, 2018
Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 22 есеге ұлғайған
Соңғы оң жылда үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру 22 есеге ұлғайған. Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог, Ынтымақтастық, Жауапкершілік» VIIІ Азаматтық форумында мәлімдеді.
Бизнес • 12 Қазан, 2018
Солтүстік Қазақстанда биоэтанол өндіретін зауыт іске қосылды
Тайынша ауданында биоэтанол өндіруге бағытталған «Bio operations» кәсіпорны пайдалануға берілді.
Саясат • 12 Қазан, 2018
Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Бас хатшысымен кездесті
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті. ЕҚЫҰ жоғары өкілі қалыптасқан дәстүр бойынша Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына қатысуда.
Қазақстан • 12 Қазан, 2018
Қостанайда сегізінші Азаматтық форум өтті
«Азаматтық қоғам және мемлекет: ынтымақтастық, жауапкершілік, диалог» атты Азаматтық форум облыста сегізінші рет өткізілді. Оған қатысқан өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, ұйымдар өкілдері, қоғамдық белсенділерімен қатар Қоғамдық даму министрілігінің өкілі Қайрат Баймолдинов, Қазақстан Азаматтық қоғам Альянсының вице-президенті Мұсағали Дуамбеков, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ұлттық акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Оралова қатысып, күні бойы жұмыс істеді. Түске дейін диалог алаңдарында пікір алмасу болды, министрлікке, Азаматтық альянсқа олардың өкілдері арқылы ұсыныстар жасалды.
Үкімет • 12 Қазан, 2018
Тоғыз айдағы нәтижелер талқыланды
Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді.
Аймақтар • 12 Қазан, 2018
Қостанайда республикалық лекторий өтті
Аты айтып тұрғандай, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған республикалық лекторийдің мақсаты – қоғамдық сананы жаңғыртудың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Қазақстану» жобасын іске асыру аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің бағыттарын талқылау, өңірлік деңгейде ҚХА-ның практикалық міндеттерін белгілеу болатын. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «lituanica» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионас, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев, ғалымдар мен қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.