Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 11 Қазан, 2018

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде құжаттарды қабылдау басталды

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әлем • 11 Қазан, 2018

«Алтын Адам» Польшаның Гданьск қаласында

Қазан айының 10 күні Польшаның Балтық теңізіндегі қақпасы, елдің ірі ғылыми – мәдени орталықтарының бірі – Гданьск қаласы, Гданьск музейінде ҚР Ұлттық Музейінің «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты көрмесі өз жұмысын бастады.

Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Еуразия сөздігінде 2800-ден астам сөздер мен тіркестер бар

Қазіргі заманғы жан-жақты дамудың айқын­­даушы факторларының бірі – өңірлік эко­номикалық интеграция екендігі мәлім. Бұл ретте 2014 жылғы 29 мамырда қол қо­йылған шартқа сай 2015 жылдан бас­тап жұмыс істеп келе жатқан Еуразиялық эко­номикалық одақ (ЕАЭО) өткен кезең ішінде өзі­нің өміршеңдігін көрсетіп, Елбасымыздың Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық идеясының нақты жүзеге асқанын дәлелдеген халықаралық интеграциялық бірлестік болып қалыптасты.

Әдебиет • 11 Қазан, 2018

Қыз Жібек келін болып түскен жер

Сұрасаң руымды –Жағалбайлы,  жылқысын көптігінен баға алмайды. («Қыз Жібек» жырынан) 

Жеңіл атлетика • 11 Қазан, 2018

Мақтануға әлі ерте - Аян Бейсенбаев

Индонезияда мәресіне жеткен Азия ойындарында қазақ баласы тұңғыш рет триатлонда жүлдеге ілікті. Оның есімі – Аян Бейсенбаев. Қуанышты сәтімен құттықтап хабар­ласқанымызда, 22 жастағы жігіттің жігеріне ғана емес, қарапайымдылығына да қуандық.

Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Елбасы қойған міндеттерді орындауға әлеуетіміз жетеді - Жеңіс Қасымбек

Таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан­дықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй мәселесіне тоқталды. Онда Елбасы тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасының табысты іске асып келе жатқанын және тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынғанын атап өтті. Сондай-ақ Президент әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырды. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтар, медицина қызметкерлері, полицейлер мен өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыратынын алға тартты. Жолдауда жүктелген міндеттер туралы және тұрғын үй құрылысы саласындағы негізгі көрсеткіштер мен алдағы жоспарлар жайында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕКПЕН сұхбаттасқан едік.

Қазақстан • 11 Қазан, 2018

Рухани келісім – адамзатқа ортақ құндылық

Астанада Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­тың қатысуымен дін­аралық үнқатысудың халық­аралық деңгейдегі біре­гей алаңына айналған Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбас­шы­лары­ның VI съезі өтті. «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбымен ұйым­дастырылған Съезге 42 елден 82 делегация қа­тыс­ты. Олардың арасында ді­ни көшбасшылар, сая­си қай­раткерлер мен халық­аралық ұйымдар өкілдері болды.

Үкімет • 11 Қазан, 2018

Б. Сағынтаев Семей активі және жұртшылығымен Президент Жолдауындағы міндеттер жөнінде кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Семей қаласында қала активімен және жұртшылығымен Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында алға қойылған негізгі міндеттерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Үкімет • 11 Қазан, 2018

Президент Жолдауы: ШҚО кәсіпорындары еңбекақыны көтеру шешімін қолдайды

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының басты бағыттарын талқылау барысында бірқатар кәсіпорынның басшысы Жолдауға қолдау білдіріп, қызметкерлердің ең төменгі жалақыларын арттыру жөніндегі жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Премьер - Министрдің баспасөз қызметі.

Яндекс.Метрика