Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Әлем • 10 Қазан, 2018

Бүгін Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады

Бүгін Астанада Әлемдік және дәс­түрлі діндер көшбасшыларының VI съезі басталады. Еліміздегі айту­лы шараға қатысатын әлемдік дең­гейдегі көшбасшылардың есімдері қазірдің өзінде белгілі және олардың алды елордамызға келе бастады. Жалпы, Қазақстан Президенті Н.На­зарбаев идеясы бойынша бас­тау алған әлемдік жиын бұған дейін әрқашан жаһандық оқиғалардың шиеленісіп жатқан уақытында өткі­зілгені белгілі. Бүгінгі күні де әлем­дік ахуал күрделеніп тұр. Жуырда еліміздің өкілдері БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңесінің отырысына қатысқан уақыт­та әлемдегі қауіпсіздік пен тұ­рақ­тылықты қамтамасыз ету жолын­да діни лидерлер мен әлемдік сая­сат­кер­лер­дің күш-жігерін біріктіру мәселесінің де өзекті екендігін мәлімдеді. Сонымен кеше Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының ХVII отырысы өтті.

Президент • 10 Қазан, 2018

Ынтымақтастық жалғаса береді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесті. Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін тараптар шағын құрамда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден өтті

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден өтті. 

Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді

Съезд Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насермен кездесті. Сенат Төрағасы осы жылдың сәуір айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Аррия формуласы бойынша кездесу өткізу кезінде қолдау көрсеткені үшін БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкіліне алғыс білдірді. Аталған кездесу аясында Съезд мақсаттары мен тұжырымдамасының таныстырылымы өткен болатын, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі

Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Президент Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі.

Президент • 09 Қазан, 2018

Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Өнер • 09 Қазан, 2018

Қостанайда театр маусымы ашылды

І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры жаңа маусымын Е.Төлеубайдың «Мариям, Ілияс» спектаклімен ашты. Шығарма өне бойына қызыл империяның қылышынан қаны тамған, жеке басқа табынып, адам құқы тапталған заманда Қазақстанның халық ақыны Мариям Хакімжанованың қиындыққа толы өмірі арқылы қазақ зиялылары шеккен зардапты арқау етеді. Мариям бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахарбаену Есенғұлова сомдайды.

Қазақстан • 09 Қазан, 2018

Жазушылар Одағында Президент Жолдауы талқыланды

Елбасы Жолдауы мемлекетіміздің  даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық берудің маңызы зор деген аға буын қаламгерлер  Қазақстан Жазушылар Одағынының ғимаратында бас қосып, Мемлекет басшысының  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.