Үкімет • 03 Қазан, 2018
Үкімет отырысында үш мәселе қаралды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында үш мәселе қаралды. Бірінші болып Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында денсаулық сақтаудың қазіргі мәселелері мен медициналық көмек көрсету сапасын арттыру туралы баяндады.
Парламент • 03 Қазан, 2018
Н.Нығматулин әлеуметтік нысандарды тамақтандыруда сапа мен бағаға назар аудару керектігін айтты
Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалағымен өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда депутаттар талқысына ұсынылды, деп хабарлайды Парламент Мәжілісінің ресми сайты.
Аймақтар • 03 Қазан, 2018
Павлодар облысында жыл сайын 38 миллион тонна көмір өндіріледі
Павлодар облысында жыл сайын 38 миллион тонна көмір өндіріледі екен. Бұл елімізде өндірілетін жалпы көмір көлемінің 60,1 проценті болса, Қарағанды облысының үлесі – 33,5 процент, Шығыс Қазақстан облысының үлесінде 6,3 процент.
Әдебиет • 03 Қазан, 2018
Уәлихан Қалижановтың ғылыми-шығармашылық кеші өтті
Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ұлттық ғылым академиясының академигі, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі, Ш.Уәлиханов сыйлығының лауреаты, мемлекет және қоғам қайраткері Уәлихан Қалижановтың «Тілегім де, тірегім де, жүрегім де бір өзіңсің – Туған ел» атты ғылыми-шығармашылық кеші болып өтті.
ЭКСПО-2017 • 03 Қазан, 2018
Қырық градус аязда энергия өндіреді
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне Шығыс Қазақстаннан «Тұрғысын-СЭС-1», «Тұрғысын- СЭС-2» су электр стансалары құрылысы және Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдар тобы «ауа райын талғамайтын» гибридті жел электр стансасы секілді 3 жоба ұсынған еді.
Қазақстан • 03 Қазан, 2018
3 қазан – Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні
2009 жылы 3 қазан күні Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне қол қойылды. Сол уақыттан бері 3 қазан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық күні ретінде аталып келеді.
Ауыл • 03 Қазан, 2018
Егіндікөлдегі елеуге тұрарлық жәдігерлер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтың сырын шертеді, әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімі ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар» деп жазған болатын.
Аймақтар • 03 Қазан, 2018
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында Ардагерлер кеңесі есеп берді
«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында Ардагерлер кеңесінің жылдық қорытынды есебі тыңдалды.
Аймақтар • 03 Қазан, 2018
Торғайда дүрілдеп той өтті. Ол Жангелдин ауданының құрылғанына 90 жыл, Торғайдың қала мәртебесін алуына 150, батыр, мәмілегер Шақшақ Жәнібектің туғанына 325 жыл толуына арналды. Бұл біраздан бері осы өңірде болмаған басқосу еді. Ұлы дала төсінде жатқан Торғайдың басты байлығы – тағылымды тарихы, текті тұлғалары. Өйткені осы даланы шиырлаған тарих жолдарының барлығы да еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бостандығына алып келген. «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда бұл жан-жақты айтылды.
Таным • 03 Қазан, 2018
Иманжүсіп Құтпанұлының фотосуреті қалай табылған?
Газет бетіне жарияланып отырған мына сурет биыл туғанына 155 жыл толып отырған қазақтың қаһарман арыстарының бірі Иманжүсіп Құтпанұлының шынайы бейнесі. Бұл жәдігерге ұзақ жыл іздеу салып, ақыры тәңірдің бұйрығымен ойда-жоқта тауып алған адам – батырдың немересі Раушан Нұрқанқызы апамыз. Фотоның нұсқасы қазір елорда іргесінде орналасқан Жібек жолы ауылы И.Құтпанұлы атындағы орта мектептің музей-кабинетінде сақтаулы тұр.