Күрес • 21 Қыркүйек, 2018
Отгонцецег Галбадрах қола жүлдені иеленді
Дзюдодан Бакуде шымылдығы ашылған әлем чемпионатының алғашқы жарыс күні екі салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынды. Қазақстанның туы астында өнер көрсеткен Отгонцецег Галбадрах қола медальді иеленсе, Гұсман Қырғызбаев қалың топтың арасында қалып қойды.
Өнер • 21 Қыркүйек, 2018
Сырлыбек Бекботаев: Дала әуені
Ол қылқаламын сүйкеген тұста бір адамның мәселесі бүкіл адамзаттың басына түскен қиыншылыққа айналып шыға келеді. Бір ауылдың түйткілі жалпы қоғамның бас ауыртар мәселесі ме дерсіз. «Жалқыдан жалпыға» – фотосуретші Сырлыбек Бекботаевтің өмірлік ұстанымы.
Білім • 21 Қыркүйек, 2018
Видео • 21 Қыркүйек, 2018
Экономика • 21 Қыркүйек, 2018
Ауылдан әлемге жол тартқан өнім
«Әрине, әуелі жарық болуы керек...» деген ежелгі тәмсілді тура мағынасында қайталаудың реті келіп тұр. Бұл жердегі мысалды көне кітаптардан емес, шаруасы оңынан келген шағын зауыттың күнделікті тіршілігінен алмақпыз.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018
Үкіметтік емес ұйымдар діни экстремизмнің алдын алуға көмектеседі
Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінде қоғамдық институттардың рөлі» тақырыбындағы республикалық конференция барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарында діни бірлестіктерге үлкен үміт артылатынын мәлімдеді.
Бизнес • 21 Қыркүйек, 2018
Кәсіпкерлерге арналған фулфилмент-орталық ашылды
Алғаш рет ашылған интернет-дүкен орталығында тауарды қабылдау мен өңдеуден бастап, буып-түю, сақтау және оны иелеріне жеткізу секілді қызмет түрлері бар.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2018
«Eni» Қазақстанға инвестиция құюды жандандыруға дайын
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясының өкілдерін қабылдады. Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады: газ өңдеу зауытын салу, Каспий теңізіндегі Исатай және Абай кен орындарында жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ қайта қалпына келетін қуат көздерін дамыту.
Әдебиет • 21 Қыркүйек, 2018
Сөз қуаты мен қасиеті Еуразия қаламгерлерінің басын қосқан халықаралық әдеби форумда талқыланды
Тарихқа көз жүгіртсек, дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері алғаш рет, араға 45 жыл салып елордамыз – Астана қаласында өтіп отыр. Бұл шараны Қазақстан Жазушылар одағы Астананың 20 жылдық мерейтойына орай Президент Әкімшілігі және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырды.
Бизнес • 21 Қыркүйек, 2018
Ауыл шаруашылығы секторын дамытатын 8 шара
Ауыл шаруашылығымен қысы-жазы еңбектенуден қажымайтын бейнетқор қауым айналысатыны мәлім. Табиғатымыздың қатал мінезін ескерсек, бұл саланы дамыту ешқашан оңай болмаған.