Президент • 19 Қыркүйек, 2018
Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды
Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Парламент • 19 Қыркүйек, 2018
Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Қазақстандағы елшісі Марсия Доннер Абреуді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2018
Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы шыны зауытының құрылыс алаңына барып, іске қосылатын барлық 4 нысанның құрылыс жұмыстарымен танысты.
Президент • 19 Қыркүйек, 2018
Жанат Шаймерденов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бизнес • 19 Қыркүйек, 2018
Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде
Қазақстан Сапа және Инновациялық менеджменті ұйымы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Азия сапа желісі (Asian Network for Quality) ұйымдастыруымен Алматыда «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі Сапалы Көшбасшылықтың болашағы» ұстанымында XVI Азия Сапа Конгресі басталды.
Білім • 19 Қыркүйек, 2018
Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды
Сапар барысында Елбасының бес әлеуметтік бастамаларының жүзеге асырылу барысына басымдық берілді. Атап айтқанда, Мәулен Әшімбаев қала әкімі Бауыржан Байбекпен және Республикалық қоғамдық кеңес төрағасы, Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұловпен бірге жергілікті жоғары оқу орындарының жаңадан салынған жатақханаларына барды,-«Нұр Отан» партиясының Баспасөз - қызметі.
Білім • 19 Қыркүйек, 2018
Білім жарысында болашақ экономистер
Шымкенттегі Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы № 8 мектеп-гимназиясында Шерхан Егізбаев атындағы жас экономистер сайысы өтті. Мектеп қабырғасында өткен бұл іс-шараның негізінде нарықтық экономиканың заңдары жайлы білімдерін жетілдіре отырып, оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту мақсаты жатқаны мәлім. Оқушылардың бойына ыждағаттылық пен сенімділікті ұялата отырып, материалдық және рухани құндылықты бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу де ескерілгені анық.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Петропавлда жылу беру маусымы басталды
Облыс орталығында жылыту маусымы жылдағыдан он күн ерте басталды.
Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2018
Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшылар миссиясы 2018 жылғы 25-26 қазан аралығында Астана қаласында өтетін Алматы декларациясының 40 жылдығына арналған медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Жаһандық конференцияға дайындық мәселелері бойынша Астанаға келді.
Хоккей • 19 Қыркүйек, 2018
«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті турды өз мұз айдынында өткізіп, Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды.