Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

Қызылорда облысында жыл соңына қарай цемент зауыты іске қосылады

Қазір құрылыс алаңында 662 адам жұмыс істеуде, жалпы құрылыс жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Өндіріс орны 2018 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Әдебиет • 18 Қыркүйек, 2018

Термин жасаудың тарланбозы

Қазақтың ұлттық сөз қоры уақыт көш-керуенінің тоқтаусыз алға жылжуына байланысты жаңарып-жасарып, үздіксіз дамиды. Ғаламды толық қамтып отырған жаһандану дәуірінде технологиялық-инновациялық үрдістерге байланысты жаңа терминдермен байытылып отырады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың соңғы кезде мемлекеттік тілімізді жаңа терминдермен байытуға ерекше көңіл бөлуі де тегіннен-тегін болмаса керек. Өзі өмір сүрген дәуірде қолданысқа енген терминдердің ана тіліміздегі баламасын асқан шеберлікпен дәл тауып, әдеби қалыпқа келтіріп, халықтың қолданысына енгізіп отырған ғалымның бірі Ісләм Жарылғапов болатын. 

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

«Жетісу» географиялық қауымдастығы 7 шың бағындырды

«Жетісу» географиялық қауымдастығы құрылғалы бері өңірдің тұмса табиғатын қорғау мен аймақтың туристік әлеуетін арттыруға еңбек сіңіріп келеді. Әсіресе, ұйым мүшелерінің Жетісудың аспанға қол созған таулы аумағын зерттеп, адам аяғы баспаған биік шыңдарды бағындыруға ұмытылысы керемет.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

Көмір қоры жеткілікті

«Қызылжар өңірінде қатты отын тапшылығы орын алып отыр, көмір бағасы өсіп кетіпті» деген алыпқашпа сөздің шындыққа жанаспайтынын облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әділбек Әубәкіров жоққа шығарды.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

«Айша бибі» шипажайына алаңдаушылар көп

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2018

Қызылордада жаяу патрульдер қызметі күшейді

Қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстардың алдын-алу, тұрғындардың көшеде жүріп тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 10-нан  бастап  «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла», «Арай», «Универсам», «Титов» мөлтек ауданында, Теміржол вокзалы, Панфилов, Бектұрғанов, Қазантаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Толыбеков, Торайғыров, Сағымбаев көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аулаларына жаяу  бағыттар   шығарылуда, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

«Бармақ басты, көз қысты» әрекетке тоқтам

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, сондай-ақ бейнеконференцияға байланыс арқылы облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен қамқоршылық кеңестерінің белсенді өкілдері қатысты.

Өнер • 18 Қыркүйек, 2018

Мазмұны терең, мәні кенен

Петропавлдағы Жастар сарайында «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында Мә­дениет және спорт министр­лігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атын­дағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдас­тыруымен Қазақстан хал­қы тілдерінің ХХ респуб­ликалық фестивалі өтті.

Парламент • 18 Қыркүйек, 2018

Сенатта зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері талқыланды

Парламент Сенатында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының басшылығымен кездесу болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

Ағайындылардың атамекенге тартуы

Жақында Қазталов ауданының Әжібай ауылында қуанышты жағдай болды. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағайынды Асқар, Нұрлан, Ақылбек, Мейрам, Абзал Сыралиевтер туған ауылына фельдшерлік-акушерлік пунктті сыйға тартты.