Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
«Қызылжар өңірінде қатты отын тапшылығы орын алып отыр, көмір бағасы өсіп кетіпті» деген алыпқашпа сөздің шындыққа жанаспайтынын облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әділбек Әубәкіров жоққа шығарды.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2018
Қызылордада жаяу патрульдер қызметі күшейді
Қоғамдық орындар мен көшедегі қылмыстардың алдын-алу, тұрғындардың көшеде жүріп тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айының 10-нан бастап «Ақмешіт», «Мерей», «Шұғыла», «Арай», «Универсам», «Титов» мөлтек ауданында, Теміржол вокзалы, Панфилов, Бектұрғанов, Қазантаев, Тоқмағамбетов, Әуелбеков, Толыбеков, Торайғыров, Сағымбаев көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аулаларына жаяу бағыттар шығарылуда, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
«Бармақ басты, көз қысты» әрекетке тоқтам
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиын өтті. Іс-шараға Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, сондай-ақ бейнеконференцияға байланыс арқылы облыстық және қалалық білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен қамқоршылық кеңестерінің белсенді өкілдері қатысты.
Өнер • 18 Қыркүйек, 2018
Петропавлдағы Жастар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің ХХ республикалық фестивалі өтті.
Парламент • 18 Қыркүйек, 2018
Сенатта зейнетақы жүйесін дамыту мәселелері талқыланды
Парламент Сенатында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының басшылығымен кездесу болды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Ағайындылардың атамекенге тартуы
Жақында Қазталов ауданының Әжібай ауылында қуанышты жағдай болды. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағайынды Асқар, Нұрлан, Ақылбек, Мейрам, Абзал Сыралиевтер туған ауылына фельдшерлік-акушерлік пунктті сыйға тартты.
Тарих • 18 Қыркүйек, 2018
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018
Туған жерге қызмет ету – қарызым
Ресейде жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы түлектер Сыр өңіріне оралды. «Егеменнің» өткен нөмірлерінің бірінде 2014 жылдан бері 452 қызылордалық студенттің Мәскеу мен Санкт-Петербургтің таңдаулы оқу орындарында Ресей Федерациясы үкіметінің гранты негізінде оқып жатқандығын жазған едік.
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2018
Түркістан облысында 2,7 млн тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді
Өңірде ауыл шаруашылығы жетекші салалардың бірі ретінде дамып, көрсеткіштерді жақсарту, шаруашылықпен айналысатын азаматтарға қолдауды күшейту бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. Нәтижесінде биыл көкөніс, картоп, бақша дақылынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.