Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен Қостанай облысы Қарабалық ауданына барды
Парламент Мәжілісінің депутаттары Арман Қожахметов, Снежанна Имашева, Ольга Шишигина, Құралай Қарекен Қарабалық ауданына жұмыс сапарымен барды. Халық қалаулылары еліміз бойынша ең ірі мал бордақылау алаңы бар «Астық индустриясы» агрохолдингінің тыныс-тіршілігімен танысты.
• 05 Ақпан, 2019
Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша екпе жасалуы мүмкін
Денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой Үкімет отырысында елдегі қызылша ауруына шалдыққандар туралы айтты.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Атырауда eatyrau.kz электрондық қызметтер порталы іске қосылды
Портал өз жұмысын ағымдағы жылдың қаңтар айында бастады және 100-ден астам өтінім электронды түрде беріліп, өңделді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабаралды.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Қостанайда мемлекетке 290 мың гектар жер телімі қайтарылды
Облыстық жер пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Әбдуовтың баяндауындай, өткен жылы 395 рет тексерілу жүргізіліп, 231 заң бұзушылық тіркелген болатын. Оларға әкімшілік жаза белгіленіп, 21,3 миллион теңге айыппұл салынды.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Жамбыл облысының экономикасында өсім бар
Өткен жылғы өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Оған дәлел ретінде жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 106,6 пайызға жеткендігін келтіруге болады. Айта кету керек, бұл көрсеткіш 2017 жылы 103, 7 пайызды құраған.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Мәжіліс депутаттары Арал ауданында болды
Парламент Мәжілісінің депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Нұрлан Дулатбеков, Бақтияр Мәкен, Кәрібай Мұсырман арнайы жұмыс сапарымен Арал ауданында болды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Елорда маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты № 306, 310, 311 қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Түркістанда биыл «жасыл белдеу» алқабының жұмысы басталады
Түркістан қаласы маңынан өткен жылы 320 гектар жер «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынды. Оның 300 гектары өңделіп, 200 гектарына бадам (миндаль), қарағаш, өрік көшеттері егілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Түркістан облысында электрондық денсаулық паспорты 100 пайызға жасақталды
2018 жылы Түркістан облысында өлім-жітім көрсеткіші 2017 жылғы 12 айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 4,3 пайызға төмендеді. Ал, ана өлімінің көрсеткіші 35,9 пайызға азайған. Көрсеткіш бойынша ана өлімі республикада 10 орында. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа есеп беру кезінде мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
Мемлекеттік қызметке қабылдау талаптары өзгерді
Мемлекеттік қызмет саласы бойынша енгізілген жаңалықтар жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев арнайы ұйымдастырылған брифинг барысында айтып өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.