Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Мақсат – миллион шаршы метр үй салу
Алға асқақ та биік мақсаттар қоя білудің артықшылығы жоқ. Тек сол мақсатқа жету жолында нақты іс-қимыл мен мүмкіндік және қажетті ресурстар болса деңіз. Осы орайда Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тарапынан биыл тұрғын үй құрылысын салуда қос бірдей үлкен мақсат алға қойылған.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2019
Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту азайған
Жүргізілген рейдтік шаралардың нәтижесінде, бүгінде өңірде мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілері азайған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті хабарлады.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2019
Алматыны алабажаққа айналдырмайық
Алматы көшелеріндегі қабырғалардан, көпір жақтауларынан, автотұрақтардан, жерасты жолдарынан ашық әрі қанық түсті бояулармен салынған суреттерді, түсініксіз алабажақ жазуларды кездестіргенде, үйреншікті жайтқа айналғандықтан, көпшілік мән де бермейді.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Мәжіліс депутаттары Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілермен кездесті
Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Парламент Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова, Смағұл Бахытбек, Геннадий Шиповских, Шавкат Өтемісов, Шаймардан Нұрымов және Уәлихан Қайназаров Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, әдеп жөніндегі уәкілдер, арнайы мониторинг тобы өкілдері және мемлекеттік қызметшілермен кездесті.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2019
Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары бірнеше музей жаңадан ашылды. Бұрын мүлдем музейі болмаған аудан орталықтары жедел осы іске кірісті. Тіпті Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көрген соң көп ұзамай Орал қаласында «Рухани жаңғыру» музейі пайда болды.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Дала өркениетінің бастауындағы Ботай
Ертіс пен Жайық өзендерінің аралығын мекендеген Ботай тайпаларының тарихы бүгінге дейін әлем ғалымдарының назарын аударып отыр. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау өңіріндегі Ботай ескерткішіне өткен ғасырдың 80-жылдарының алғашқы жартысында тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Археология және дала өркениеті» ҒЗИ директоры, Герман археологиялық институтының корреспондент-мүшесі Виктор Зайберттің жетекшілігімен зерттеу жұмыстарының басталғаны белгілі. Міне, сол аралықтан бергі қырық жылға жуық уақыт ішінде энеолит дәуіріне тиесілі Ботай мәдениетінің жұмбақ әлемі ғалымдарды әр кез тың жаңалықтарымен таңдандырып келеді. Ғалым Виктор Зайберт дала өркениетінің бастамасына айналған әрі Еуразияда жылқыны қолға үйретушілердің алғашқы мекені болған Ботайда жатқан тарихи әлемнің құнды жәдігерлеріне қатысты ойларымен бөліскен еді.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Судьялардың жауапкершілігі күшейтіледі
Астанада сот жүйесінің 2018 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша республика судьяларының кеңейтілген кеңесі өтті.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Үкімет Елбасы тапсырмаларын орындауға кірісті
Кеше Үкімет отырысында күн тәртібінің мәселелерін қарастырар алдында бес бала қаза тапқан өрт оқиғасына байланысты Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың және Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың аталған отбасына қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта осындай жағдайлардың орын алмауы үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамалары тыңдалды.
Қазақстан • 06 Ақпан, 2019
Газетіміздің 25 қаңтардағы санында «Алатаудағы мұздықтар еріп барады» деген тақырыппен («Egemen Qazaqstan», №16, 25.01.2019) америкалық «Нью-Йорк Таймс» газетінің тілшісі Хенри Фаунтейннің мақаласын аударып басқан едік. Мақалада тілші Алатау мұздықтарының шегініп бара жатқанына назар аударып, оның ықтимал салдарларына тоқталған болатын. Мұздықтар мәселесі тұтас Орталық Азия өңіріндегі су тапшылығына қатысты түйткілдермен тікелей байланысты болғандықтан, бұл тақырыпқа өңір елдерінің ешқайсысы да бейжай қарай алмайтыны анық.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Ертең Астана оқушыларына сабақ болмайды
Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 6 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады.