Футбол • 03 Тамыз, 2018
«Қайрат» Еуропа лигасының үшінші кезеңіне шықты
УЕФА Еуропа лигасында сынға түсіп жатқан Алматының «Қайрат» командасы аталған турнирдің екінші іріктеу кезеңнің сырт алаңда өткен қарымта кездесуде «АЗ Алкмаар» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Дегенмен, екі ойын қорытындысы бойынша «Қайрат» келесі кезеңге өтті.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2018
Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы Тәжібаев тағайындалды.
Қаржы • 03 Тамыз, 2018
Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреу себептерін түсіндірді
Теңге бағамының ұзақ мерзімді үрдісіне іргелі факторлар әсер етеді, оларға негізінен мұнай бағасы, негізгі сауда әріптес елдері валюталарының бағамдары, сондайақ төлем балансының жай-күйі, инфляция деңгейі, Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер жатады. Соңғы уақытта Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) монетарлық саясатының қатаңдауы аясында портфельдік инвестициялардың әкетілуіне байланысты көптеген дамушы нарықтардың ұлттық валюталарының әлсіреуі байқалады, бұл тұрғыдан Қазақстан ерекшеленген жоқ.
Кино • 03 Тамыз, 2018
Эмир Байғазиннің жаңа мелодрамасының тұсаукесері Румыняда өтеді
6-12 тамыз күндері Румынияның Сфынту-Георге қаласында өтетін Anonimul фестивалінде Эмир Байғазиннің «Жұлдыздарды көргіңіз келе ме?» фильмінің тұсаукесері өтеді.
Тәрбие • 03 Тамыз, 2018
Ойласу: «Есті қыз етегін қымтар» деген
Мүгілсімнің қалаға келгеніне жылдан асқан. Әке-шешесі қайтыс болған ол аға-жеңгесінің қолында өсті. Жетімнің күні белгілі емес пе, жеңгесі жайсыз болды. Жұмысқа салып қойды, оқуы да мәз емес-тін. Өйтіп-бүйтіп мектепті де бітірді. Енді не істемек? Әрі ойлап, бері ойлап өз күнімді өзім көрейін деп қалаға тартып кетті.
• 03 Тамыз, 2018
2018: Қалыңдық көйлегіндегі соңғы өзгерістер қандай?
Есін біліп, етегін жапқан бойжеткеннің барлығы қалыңдық атанатын күнді өмір бойы күтеді. Жер бетінде жалғыз өзі ғана күйеуге шығып бара жатқандай сәнді де сұлу болуды армандайды.
Аймақтар • 03 Тамыз, 2018
«Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасына Павлодар өңірі қосылды
Елімізде «Денсаулық жолы» атты ұлттық бағдарлама қолға алынды. Бағдарламаның мақсаты – құрамында тұз, қант, әртүрлі майлар бар азық-түліктерді тұтынуды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру. Осы арқылы халық денсаулығын сақтау. Яғни халыққа саламатты өмір салты негіздерін үйретуді одан әрі жалғастыру. Елімізде басталған «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасына Павлодар өңірі де қосылды. Шалғайдағы ауылдарда бағдарлама барысында терапевт, кардиология, эндокринология, онкология қызметі мен саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар көшпелі жылжымалы медициналық кешендер іске кірісті.
Әлем • 03 Тамыз, 2018
«Винни-Пух» кітабының түпнұсқа иллюстрациясы 570 мың АҚШ долларына сатылды
CNN телеарнасының хабарлауынша, А. А. Милнның 1926 жылы жарық көрген «Винни-Пух» кітабына арнайы салынған түпнұсқа иллюстрация Sotheby’s аукционында рекордтық баға – 570 000 АҚШ долларына сатылды. Sotheby’s аукцион үйі туиттер парақшасында: «Винни Пухтың жүз акр орманының түпнұсқа иллюстрациясы 430 000 фунт стерлингке сатылды. Бұл аукционда осыған дейін сатылған кітап иллюстрацияларының ең қымбаты» деп жазған.