Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90785 материал табылды

Медицина • 23 Шілде, 2018

«Астаналық» саябақта балаларға арналған спорт алаңы пайда болды

Мұндай сыйлықты Астананың 20 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жасады. Бұдан басқа, саябақтағы негізгі арка, екі субұрқақ зонасы, саябақтың кіреберістері қалпына келтірілді.

Президент • 23 Шілде, 2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорда.

Әдебиет • 23 Шілде, 2018

Әділ Ботпанов. Ақтарылу

Қазақ пэзиясында жарқ етіп, содан ұшты-күйлі жоғалып кеткен Әділ Ботпановтың тағдыры – біз болжап біле алмайтын жұмбақ. Енді қалай талпынсақ та, оның шешуін тек бізге айнымас мұра болып қалған өлеңдерінен табамыз. Ақын досына, туысына айта алмаған сырын өлеңнен жасырмапты. Мына өмірге шексіз ғашық һәм жалғыздығы да сондай шексіздікке ұласқан Әділдің сүйгені де, сағынғаны да мұң екен. Бізге де сол мұңын қалдырыпты. Ақынның сыр бүкпей ақтарған жан сөзін үнсіз ғана ұғып оқу – парызымыз сияқты.

Театр • 23 Шілде, 2018

Н.Бекежанов атындағы театр халықаралық «Фриндж» фестиваліне қатысады

Облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры Эдинбург қаласында өтетін «Фриндж» халықаралық өнер фестиваліне қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпостық драмасының желісі бойынша сахналанған «Ақбаян» спектаклімен қатысады.

Білім • 23 Шілде, 2018

Еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру рейтингісі жарияланды

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасы рейтингінің бірінші кезең нәтижелеріне арналған баспасөз-мәжілісі өтті. Спикер ретінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Атамекен»  ҰКП басқарушы директоры Олжас Ордабаев және құрылыс саласы бойынша эксперт Әлібек Марданов  қатысты.

Күрес • 23 Шілде, 2018

Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирде бес жүлде иеленді

Түркияның Ыстамбұл қаласында грек-рим күресінен Анадолы елінің мақтан тұтар азаматтары Вехби Эмре мен Хамит Капланның мемориалы өтті. 36 мәрте жалауы желбіреген жарыста 25 мемлекеттен келген балуандар белдесті.

Бокс • 23 Шілде, 2018

Бокстан ағайынды Әйтеновтердің турнирі аяқталды

Қостанайда бокстан ағайынды Орал мен Қорған Әйтеновтерді еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Бұл жарыста Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан және Қазақстанның бірқатар аймақтарынан келген жас өрендер бақ сынады.

Күрес • 23 Шілде, 2018

Нью-Делиден олжалы оралдық

Үндістанның астанасы – Нью-Делиде күрес түрлерінен өткен жастар арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Бұған дейін біз жарысты жеті жүлдемен (2 алтын+5 қола) қорытындылаған Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері командалық есепте екінші орын алғаны жайында баяндағанбыз.

Қазақстан • 23 Шілде, 2018

Америкадағы кездесуде Қазақстандағы діни ахуал талқыланды

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев іссапармен АҚШ-қа барып, Вашингтонда және Нью-Йоркте АҚШ Конгресі мүшелерімен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілдерімен, сондай-ақ, АҚШ-тың Халықаралық дін бостандығы жөніндегі комиссиясының және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Хельсинки комиссиясының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды аталған министрліктің баспасөз қызметі.

Президент • 23 Шілде, 2018

Елбасы қысқа мерзімді демалысқа шықты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Яндекс.Метрика