Ауыл • 02 Желтоқсан, 2021
Ауылға қатысты мәселе алдымен ауылда талқыланса...
Таяуда ашық НҚА (нормативтік-құқықтық актілер) порталына Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына тұжырымдама жобасы» деген құжат салынды. Бірден айтайық, жобаның ауылдағы әрбір отбасына, олардың әлеуметтік көңіл күйіне тікелей әсер ететін шетін тұстары бар және бұл мәселелер шаруалардың айтарлықтай алаңдаушылығын тудырып отыр.
Пікір • 15 Қыркүйек, 2021
Адамзатты емдейтін салаға ашықтық керек
Осыдан 3 жыл бұрын ветеринария саласында көп жыл қызмет еткен бір кісі келіп: «Қолымда ветеринарияға қатысты «бомба» бар. Министрлікке кіремін, сосын сіздерге айтамын», деп мәлімдеді. Расында да, аталған салада табан аудармай қызмет еткен кәсіби маман екен. Алайда министрліктегілерге жолыққаннан кейін бастапқы ойынан айнып (әлде айнытты ма), ауылына қайтып кетті. «Бомбаның» не екенін де айтпады.
100 • 13 Тамыз, 2020
ҚазАқпарат хабарлайды... Ұлттық ақпарат агенттігінің қызметіне – 100 жыл
Байланыс және ақпарат технологиялары қарыштап дамыған, түрлі мессенжерлер мен әлеуметтік желілері кеңінен таралған ХХІ ғасырдың өзінде де әлем мемлекеттері жедел хабар тарататын ақпарат агенттіктерінен бас тартқан жоқ. Қайта ақиқатынан бұрын даурықпасымен дүниені дүрліктіретін жалған-фейк ақпараттардың жаһандық ауқымдағы толассыз тасқыны арасында сенімді, дәйекті дерекке құрылған, сапалы әрі жедел хабар ұсынатын медианың қоғамдық-саяси һәм әлеуметтік маңызы артып келеді. Бүгінде ұлттық ақпарат майданының алғы шебінен орын алған, Алаш жұртының жаңалықтарын әлемнің бес тілінде жаһанға жариялап отырған «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі де осы қатарда.
Руханият • 11 Мамыр, 2020
Бір тәулікте 264 шақырымға шапқан айғыр
Мына фотосуретте тұрған айғырдың аты – Палуан. Жай жылқы емес, Қазақ жылқысы. Пошымына қарап, көзден бұл-бұл ұшқан нағыз қазанат осындай болған шығар деп топшыладық. Өйткені, фотоның астына бұл айғыр бір тәулікте 264 шақырымды шауып өткені жазылған. Ал сурет бірнеше ғалымның авторлығымен 1964 жылы Мәскеуде жарық көрген Жылқы шаруашылығы туралы кітаптың Қазақ жылқысы туралы бөлімінде беріліп отыр.
Парламент • 29 Сәуір, 2020
Қуаныш Сұлтанов: Адам да, қоғам да өзгереді
– Қуаныш Сұлтанұлы, әңгімемізді ел жағдайынан бастасақ. Еліміз жұқпалы індеттен қалай өтіп келеді деп ойлайсыз? Мемлекет билігі тиісті шараларды өз дәрежесінде ұйымдастыра алды ма? Жалпы, бұл залалдың зардаптары қандай? – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің соңғы мәлімдемесінде осы індетке байланысты елдегі жағдайды толық қамтып, карантиннің 11 мамырға дейін созылатынын жариялады. Оқшаулау мерзімін ұзартуға шешім қабылдаудың қажеттілігін әрбір азамат түсініп, оның талаптарын орындауға жұмылары күмәнсіз. Осы өткен бір жарым айда халқымыздың ерекше жинақылығын, қоғамдық тәртіпке жауапкершілігін көрдік.
Сұхбат • 23 Қаңтар, 2020
Алик Шпекбаев: Парасаттылық парақорлықтан сақтандырады
Жемқорлықты түп-тамырымен жою – күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселе. Мемлекет пен қоғамның іргесін сөгіп, елдің ілгерілеуіне үлкен кедергі келтіретін бұл «кеселмен» күреске Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуелден айрықша мән беріп, осы бағыттағы іс-шараларды күшейту үшін өз Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін қайта құрғаны белгілі. Біз агенттік төрағасы Алик Шпекбаевпен арнайы жолығып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы жөнінде сұрап білдік.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Мәулен Әшімбаев: Ұлттық мүдде бәрінен биік
Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Қазақстан дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің ішкі және сыртқы саясатын ұлттық мүддеге сай жүргізіп келеді. Осы орайда Қазақстан Президентінің көмекшісі Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен арнайы жолығып, мемлекеттік маңызы бар бірқатар мәселе жөнінде сұхбаттасқан едік.