Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Балқаш қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып түсті
Балқаш қаласы Қараменді би 10-шы үйдің бір жақ бөлігі опырылып түсті. Бұл көпқабатты үй 1950 жылы салынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2026
Қонаевтағы желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы қала меншігіне өтті
Желкенді спорт оқу-жаттығу орталығы Қонаев қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қабылданды. Бұған дейін нысан «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның теңгерімінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 19 Ақпан, 2026
Аллергиясы бар адамдар оразаны қалай ұстайды?
Рамазан айы келген кезде аллергиясы бар адамдар әжептәуір әбігерге түседі. Дәрісін қабылдамаса мазасы қашып, денсаулығы болмайды. Қабылдаса оразасы бұзылады. Не істемек керек? Мүфтият жауап берді, деп жазады Egemen.kz
Ата заң • 19 Ақпан, 2026
Ақтөбелік жастар Конституцияның жаңа жобасына қолдау білдірді
Ақтөбе қаласында жастардың қатысуымен «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау, ашық диалог мәдениетін дамыту, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және 15 наурызда өтетін жаңа Конституция бойынша алдағы референдумды қолдауға бағытталған ортақ ұстаным қалыптастыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Енді ауа райы болжамы сурперкомпьютер арқылы есептеледі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Суперкомпьютер орталығында «Қазгидромет» Қазақстан аумағы үшін жоғары дәлдіктегі сандық ауа райы болжамы моделін іске қосты. Бұл қадам елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін күшейтіп, қауіпті табиғи құбылыстарды ертерек ескертуге жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 19 Ақпан, 2026
Отардағы сарбаз оқиғасы: Әскери бөлімнің 4 лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды
Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Ақпан, 2026
Қостанай облысында 100 орындық жаңа мектеп ашылды
Қостанай ауданына қарасты Еңбек ауылында 100 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ауылдық жерлердегі мектеп инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген екі қабатты білім ордасы 1 млрд 220 млн теңгеден астам қаржыға салынған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Гидротехниктер жаңа Конституция бойынша референдум өткізуді қолдады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасына сәйкес «Қазсушар» филиалдары мен өндірістік бөлімшелерінде, сондай-ақ барлық бассейндік су инспекцияларда жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
8 наурыз мерекесіне орай пойыздарға қосымша вагондар қосылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік, батыс өңірлер мен қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана және Алматы қалаларындағы айырбастау орныдарында доллар, еуро және рубльдің орташа өлшенген сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2026
Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трекші Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте 7-ші орынға табан тіреді. Осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір отандасымыз Абзал Әжіғалиев жарысты ширек финалда аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Ақпан, 2026
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
«Қазгидромет» 19 ақпан күні бірқатар өңірде дауыл болатынын ескертеді. Ал Астанада ауа температурасы түнде және күндіз күрт төмендеп, 11-13 градус аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 19 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жүлдеге таласады
Италияда өтіп жатқан төртжылдықтың басты бәсекесінің бүгінгі жарыс күнінде Софья Самоделкина еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Ақпан, 2026
Ораза кезінде қандай тағамдарды шектеу керек?
Мұқым мұсылман ас-судан тыйылып, рухани тазаратын Рамазан айы бәріне бірдей оңай соқпайды. Сол үшін әрбір ниет еткен жан ағзасын дайындауы қажет. Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше пайдалы кеңес ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Көпбалалы отбасыларға қамқорлық
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне тиесілі мемлекеттік жәрдемақы 875,2 мың отбасына беріліп, жалпы сомасы 56,5 млрд теңге мөлшерінде қаражат жұмсалды.
Кәсіпкер • 19 Ақпан, 2026
Балық өсіру – бәсі жоғары шаруашылық
Көлі мен өзені көп Жетісу жері балық шаруашылығында бәсі жоғары өңірдің бірі еді. Дегенмен тоқырау жылдары шаруалардың шырайы кетті. Бертін келе ішкі сұраныстың артуы тауарлы балық өндірісін қайта жандандырды. Бүгінде бұл кәсіпті дөңгелетіп отырғандар некен-саяқ.
Экономика • 19 Ақпан, 2026
Экономикалық аймақ іске кірісті
Қойнауы «қара алтынға» толы Атырау облысында тағы бір арнайы экономикалық аймақ жұмысын бастайды. Былтырғы 1 желтоқсандағы Үкіметтің қаулысымен құрылған жаңа аймақтың қандай ерекшелігі бар?
Қоғам • 19 Ақпан, 2026
Түрлі себеппен жайылатын ағайын дастарқанында көбіне өзгелердің әңгімесін еріксіз естіп отырасың. Мұндайда біреулердің өзара сұхбаты бостекі болса, көңіл аудармайсың, ал мәнді де мәністі тақырып өрби қалса, зейініңді бөліп, әсерлі, пайдалы дүние күтіп дәметесің. Кейде дәмең тентіреп кетсе, бірде олжаға кенеліп, жан дүниең рақаттанып, жоқ жерден жетісіп қаласың. Енді дәл осындай, яғни жанға жағымды тиген бір сұхбат жөнінде айтудың орайы келіп отыр.
Дін • 19 Ақпан, 2026
Рамазан - жаһанды ізгілікке жұмылдыратын, имандылыққа ұмтылғандарды түрлі дерттен тазартатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер», деп айтқан.
Мәдениет • 19 Ақпан, 2026
Бала кезіміздегі көп арманның бірі – Алматыны көру еді. Біздің ауылда Алматыға барып қайтқан бала сүйкімді көрінетін. Сөйткен арман қалаға алғаш рет әпкеммен жеттім. Абай ескерткішіне барып, суретке түстік. Адасып қалсақ, осы ескерткіштің түбінде күт дегені есімде. Қалтарыс-бұлтарысы көп үлкен қалада бір-бірінен көз жазып қалған адамның көбі осы алып ескерткіштің түбінде табысатын.
Өнер • 19 Ақпан, 2026
Аяқтың астында жатқан асыл тастарды біз байқай бермегенімізбен, Байболат Айтқалиұлы одан алқа жасап, жүзіктің көздерін жонады. Өңірде өтетін көрмелерден ғана көріп жүрген зергерді арнайы іздеп, шеберханасына барғанбыз. Жақұт пен лағыл, аметист пен опал сынды тастардан таңғаларлық әшекей жасап жүрген шебер «Креативті дамыту орталығының» жертөлесінде отырады екен.
Ата заң • 19 Ақпан, 2026
Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістері талқыланды
Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті. Іс-шара жаңа Конституция жобасы мен алда болатын республикалық референдум бойынша түсіндіру жұмысының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.
Білім • 19 Ақпан, 2026
Мектептегі қағазбастылық мәселесі көп жылдан бері білім жүйесіндегі шешілмейтін түйінге айналды. Мұғалімдер құжат пен есепке көп уақыт жұмсайтынын айтса, жас мамандар жұмысқа бейімделе алмай саладан кетіп жатыр. Ал Оқу-ағарту министрлігі цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы оқу барысын жеңілдетуге тырысып жатқанын алға тартады.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
Тиімді сауда – тұрақты өсімге сеп
Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында былтырғы жұмыс қорытындыланып, биылғы басты міндеттер айқындалды. Жиынды Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ашып берді.
Тұлға • 19 Ақпан, 2026
Адалдық антынан аттамаған адамның жүзі қай кезде де жарық болады. Еселі еңбегімен елдің құрметіне бөленген абзал азаматтардың жүйелі жұмысы ешқашан да жұрт жадынан өшпек емес. Тік жүріп турашылдығынан танбаған Тәліпбек Сапарбекұлының өзі өмірден өтсе де, артына қалдырған мұрасы оның тұлғасын биіктете беретіні даусыз.
Саясат • 19 Ақпан, 2026
Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.
Спорт • 19 Ақпан, 2026
Нью-Делиде нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды. Жарысты еліміздің құрамасы 26 жүлдемен (3 алтын, 16 күміс, 7 қола) қорытындылады. Жалпы командалық есепте мергендеріміз екінші орынды еншіледі. Бірінші орынды Үндістан олжаласа, үшінші сатыға Өзбекстан табан тіреді.
Медицина • 19 Ақпан, 2026
Медицина қызметінде кемшілік болмауға тиіс
Астанада Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Шахмат • 19 Ақпан, 2026
Бибісараның табысы – 10 668 доллар
2026 жыл табалдырықтан аттағалы бері түрлі турнирге қатысу арқылы ең көп табыс тапқан шахматшылардың тізімі жарияланды.
Реформа • 19 Ақпан, 2026
Дипломаттар Ата заң жобасын талқылады
Сыртқы істер министрлігінде Конституциялық реформа жөніндегі комиссия дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Онда Ата заң жобасында көрсетілген елдің сыртқы саясатының құқықтық аспектілеріне қатысты ережелері түсіндірілді.