Соңғы жаңалықтар
Ауа райы • 17 Ақпан, 2026
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 17 ақпанда еліміздің 17 облысы мен Астана қаласында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 17 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Италияда төртжылдықтың басты бәсекесі ХХV қысқы Олимпиада ойыны жалғасып жатыр. 17 ақпанға жоспарланған жарыс күнінде отандастарымыз 4 спорт түрі бойынша бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды
Өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлімнің офицері әскерден жалтаруға көмектесуге уәде беріп, шақырылушылардан бірнеше рет ақша алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Ақпан, 2026
Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласындағы бірқатар маңызды жобалардың жұмыс барысымен танысты. Ол әуелі ЖЭО-3 нысанына барды. Одан кейін бас қалада жүзеге асырылып жатқан индустриялық, цифрлық жобалармен, бұдан әрі орта және шағын бизнестің жай-күйін, заманауи спорттық инфрақұрылымды дамыту үдерісін тексерді.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді
Абай облысында 2025 жылы іске асырылған инвестициялық жобалар саны 29-дан 101-ге дейін артты. Өңірде Мемлекет басшысының қолдауымен Абайдың 180 жылдығына орай «Абайға құрмет» республикалық акциясы басталды. Ұлы ақын есімін иеленген өңірде басқа қандай ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр? Бұл туралы облыс әкімі Берік УӘЛИМЕН әңгіме өрбіткен едік.
Саясат • 17 Ақпан, 2026
Қаржы секторына салық салу жайы қаралды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті. Онда қаржы секторына қатысты 38-ге жуық мәселе талқыланды.
Білім • 17 Ақпан, 2026
Географиялық білімге мән беру – өмір талабы
Былтыр қараша айында газет тілшісі Э. Серікқызының «География пәнін оқытудағы жүйесіздік» («Egemen Qazaqstan» газеті, 28.11.2025) атты мақаласы жарық көрген еді. Осыған орай редакцияға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Орденбек Мазбаев келіп, осы мақалада көтерілген мәселелерге байланысты өз ойымен бөлісті.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Мемлекеттік тілде білім алатын оқушының саны жыл санап артып келе жатқан Рудныйдағы ағайын 2023 жылы іргетасы қаланған қазақ мектебінің ашылуын асыға күткен еді. Көптен күткен білім ордасы есігін айқара ашқан күн де келіп жетті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ел игілігіне берілген білім ошағында 900 бала оқитын болады.
Тұлға • 17 Ақпан, 2026
Ақпан айы келген сайын қазақ ғылымы бір ірі тұлғаны еске алады. Егер тірі болғанда, бүгін 16 ақпан күні қазақ ғылымы мен рухани ой-санасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым, терең ойшыл тұлға Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдин 93 жасқа толар еді.
Көрме • 17 Ақпан, 2026
Бірегей археологиялық жәдігерлер көрмесі
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Қазақстан археологиясындағы жаңа ашылымдар – 2025» көрмесінің ашылуына қатысты.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
«Egemen Qazaqstan» газеті – есімі елге танымал талай майталман түлеп ұшқан алтын ұя. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де еңбек жолын осы газеттен бастап, журналистиканың мәртебелі мектебінен өтіп, кейін сыртқы саясат саласына бет бұрған дипломатия саласы мамандарының бірі – Гүлсім Еңсепова.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Ұлт тұтастығын айшықтайтын референдум
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Көпшілік жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.
Тағзым • 17 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Сәлем саған, туған ел» атты музыкалық кеш өтті.
Пікір • 17 Ақпан, 2026
Жауапкершілік жүктейтін сындарлы сәт
Мемлекеттің Ата заңы – Конституция құқықтық құжат қана емес, ол елдің саяси құрылымы, билік тармақтарының тепе-теңдігі, азаматтың құқығы мен мемлекеттің жауапкершілігін айқындайтын төл құжат.
Руханият • 17 Ақпан, 2026
Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?
Ұлытаудан басталып, Түркістан, Атырау, Көкшетау өңірлерінде жалғасын тауып, қасиетті Қызылордада түйінделген Ұлттық құрылтай өткенімізді таразылап, болашақты бағамдайтын рухани алаңға айналды. Сыр бойында өткен бесінші Құрылтайда айтылған ойлар ұлттық мұрамызды әлемге танытудың нақты бағытын айқындап берді.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Онлайн марафон: Жаңа жобаның жай-жапсары түсіндірілді
Сенбі күні елордамызда жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған «Референдум-2026» онлайн марафоны өтті. Алты сағат бойы 100-ге жуық сарапшы, заңгер, қоғам белсендісі мен мемлекет қайраткері ашық диалог алаңында талқылаулар өткізіп, Негізгі заңның мазмұны мен маңызын, қоғам өміріне ықпалын жан-жақты талдады.
Олимпиада • 17 Ақпан, 2026
Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпия ойындарында еліміздің әнұраны шырқалып, көк туымыз желбіреді. Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы! Біз бұл тарихи сәтті табаны күректей 32 жыл күттік.
Референдум • 17 Ақпан, 2026
Қарағандыда «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы» тақырыбында өткен кездесу мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды. Сарапшылар, Конституциялық комиссия мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен қоғам белсенділері бас қосқан жиында елдегі конституциялық реформалардың негізгі бағыттары талқыланды.
Өнер • 17 Ақпан, 2026
Алматыдағы Ұлттық орталық музейде «Өрнекпен өрілген өнер атты» айрықша көрме ашылды. Айшықты жоба халқымыздың сәндік-қолданбалы өнеріндегі ою-өрнек дәстүрінің терең мағынасы мен көркемдік құндылығын жан-жақты танытуды мақсат еткен.
Саясат • 17 Ақпан, 2026
Ішкі саясат басымдықтары жөніндегі кеңес
Мемлекет басшысының ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары жөніндегі Жарлығын іске асыру аясында Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен республикалық кеңес өтті.
Басылым • 17 Ақпан, 2026
«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі қаламгер Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» атты романының тұсаукесері өтті.
Жануарлар • 16 Ақпан, 2026
Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды
Ұлттық парктің баспасөз қызметі хабарлағандай, сирек кездесетін аңдар Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған камера объектісіне түсіп қалған. Бейнежазбадан күндізгі уақытта Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген үнді жабайы бейнесінің үш дарағы байқалған, Egemen.kz.
Инвестиция • 16 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Оңтүстік Кореяның «Microbus» компаниясының бас директорымен кездесті. Кездесу барысында өңір аумағында бірқатар стратегиялық маңызы бар инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 16 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сараптамалық алаңының «Конституциялық реформа: трансформация және мемлекеттің келешегі» тақырыбында Философия, саясаттану және дінтану институтымен бірлесіп жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 16 Ақпан, 2026
Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң
Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң. Бұл пікірді Ақтау қалалық мәслихат депутаты Риза Сүйіндік айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды
Ұлытау облысының тарихи-археологиялық музейінде ұйымдастырылған «Сағаттар сыры» көрмесі көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады
Медельинде (Колумбия) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста екі алтын, бір күміс, үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қорқыт ата атындағы университеттің басқарма төрағасы-ректоры лауазымына тағайындалған Наурызбай Байқадамов таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дін • 16 Ақпан, 2026
Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды
Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде «Салт-дәстүр» орталығы ашылды. Бұл бастамаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.