Соңғы жаңалықтар
Экономика • 05 Желтоқсан, 2025
Киноиндустрияның экономикадағы үлесі қандай?
Киноиндустрия – жай ғана өнер емес, экономиканың маңызды құрамдас бөлігіне айналған қуатты сала. Сол арқылы елге жаңа инвестиция тартылып, туризм саласы дамып, елдің халықаралық беделі де нығаяды. Сондықтан мемлекет кино өндірісін қолдауға мүдделі. Кинотеатрлар мен онлайн-платформалар арқылы түсетін прокат табысы, лицензиялық құқық, әлемдік нарыққа шығарылған өнімдер елдің экспорттық кірісін арттырады.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Ауыл шаруашылығы алға сүйреген аймақ
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі бағыты саналады. Агроөнеркәсіп кешені жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайды. Биыл жалпы өнім көлемі 878,3 млрд теңгеге жетті. Осы нәтиженің арқасында өңір агроөнеркәсіп саласындағы көшбасшылардың үштігіне кіріп, азық-түлік қауіпсіздігіне салмақты үлес қосып отыр.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2025
Көгілдір отын – табиғи газбен тұрғындарын толыққанды қамтамасыз еткен бірегей өңір – Атырау облысы. Өзінің кем-кетігін бүтіндеп, республика бюджетіне қыруар қаражат құятын еліміздегі бірден-бір донор аймақ та осы өлке. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Серік Шәпкенов мұнайлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндады.
Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2025
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда
Қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ішкi саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Онда құқықтық мемлекеттің іргетасы және азаматтардың қоғамдық әрі жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің базалық шарты ретінде «Заң мен тәртіп» қағидаты айқындалған. Осы қағидатты прокуратура органдары қалай іске асырып жатқаны туралы Бас прокурор Берік Асыловпен сұхбаттастық.
Саясат • 05 Желтоқсан, 2025
Су тапшылығын азайту – басым бағыт
Вице-премьер Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровпен бірге Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, фермерлермен алдағы вегетациялық кезеңге дайындық, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін талқылады.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2025
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев баспасөз турын ұйымдастырып, журналистерді абаттандыру жұмыстарымен, жаңартылған жаяу жүргіншілер жолдары, автотұрақтар, балалар мен спорт алаңдары, аллеялар және саябақтармен таныстырды.
Саясат • 05 Желтоқсан, 2025
«Таза Қазақстан»: Мониторинг жүргізу орталығы құрылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиын қорытындысында бастаманың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылатыны айтылды.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Шырайы кірген Шыңғырлау ауруханасы
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау аудандық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне қайта берілді. Осыдан жарты ғасыр бұрын салынған ғимарат жаңа кейіпке келіп, аудан халқын қуанышқа бөледі.
Спорт • 05 Желтоқсан, 2025
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жылды тамаша табыспен қорытындылады.
Ғалам ғажаптары • 05 Желтоқсан, 2025
Эстония әлемде цифрлық басқару бағытында көш бастап тұр. Дүние жүзінде алғаш онлайн дауыс беру жүйесін енгізген де осы мемлекет еді.
Ғалам ғажаптары • 05 Желтоқсан, 2025
Жаңа Зеландияда медицина мамандарын таңғалдырған ерекше оқиға болды. Пейдж Суистед есімді бойжеткен оң қолының саусақтары жансыздана бастаған соң дәрігерге қаралған. Мамандар мұның қатерлі ісік белгісі екенін анықтап, небәрі 18 ай өмірі қалғанын жеткізген.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Әлемге әйгілі Ла Скала театрында «Астана Опера»-ның жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Алтынбек дебют жасады. Әнші италиялық композитор Сильвия Коласантидің «Анна А.» жаңа операсында екі партияны орындады.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Төлегеннің «Қыз Жібегі» – бренд!
Өткен жазда Парижде тұратын Нұржан Төлеген досымыз Астанаға арнайы сапармен келді. «Мені күтіп аларсың, сөмкем толы «Қыз Жібек» иіссуы» деп қалжыңдаған ол шынында да «Kiz Jibek» атты иіссуын ала келіпті. Ұстап көріп, иісін иіскеп, біз жаңа өнімге таңырқадық. Сан ғасыр бойы қазақ даласын өр рухымен, шынайы махаббат хикаясымен тербеп келген Қыз Жібек аңызы енді күллі әлемнің сұлулық астанасы аталған сонау Парижге жетіпті.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2025
1992 жыл. Үлкен кісінің үйінде
Толық тәуелсіздік алып, егемен елдік сипатымен барлық мәселесін ешкімге жалтақтамай дербес шешуге қол жеткізу әр халықтың да арман-аңсары болса керек. Бірақ азаттыққа апарар жолдың азабы да мол екені баршамызға белгілі.
Ауа райы • 05 Желтоқсан, 2025
Тұман, көктайғақ, жел: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Желтоқсан, 2025
Әріптестік көкжиегі кеңейе түседі
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Азия даму банкінің (АДБ) Орталық және Батыс Азия бойынша бас директоры Лея Гутьерреспен кездесті.
Спорт • 04 Желтоқсан, 2025
Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Аты аңызға айналған боксшы Геннадий Головкин әлемдік бокс Даңқ залына енген Қазақстанның алғашқы спортшысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы әуежайды жаңғыртуға 50 млн доллар инвестиция тартылады
Атырауда Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі қосылды. Қазір халықаралық 6 бағытқа әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Желтоқсан, 2025
Балқаш көлінен 700 мың текше метр тұнба шығарылады
Балқаш қаласында Бертыс шығанағы мен қалалық жағажай маңын су түбіндегі тұнбалардан тазарту жұмыстары басталды. Үш жылға жоспарланған ауқымды жоба аясында көл жағалауын тазарту және акваторияның тереңдігін үш метрге дейін арттыру көзделген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы туралы жаңа кітап жарық көрді
Әбіштанушы Бақтыбай Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 04 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың шабақтары жіберілді
Маңғыстау облысында теңіз аквашаруашылығы саласының жаңа кезеңі басталды. Қарақия ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Organic fish» ЖШС-нің теңіз фермерлігі жобасы аясында Каспий теңізіне албырт тұқымдас балықтың алғашқы партиясы – салмағы 200 грамм болатын 2 000 кг (9 890 дана) шабақ жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 04 Желтоқсан, 2025
Астанада құтқарушылар көпірден суға секіріп кеткен бойжеткеннің өмірін сақтап қалды
Астанадағы Сарыарқа ауданында орналасқан Атырау көпірінде 11:35 шамасында суицидке оқталу фактісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 04 Желтоқсан, 2025
Павлодарда кейбір кәсіпорындар қоршаған ортаны ластау лимитін асырып жіберген
Табиғат қорғау прокурорлары биыл жыл басынан мыңнан астам заңбұзушылықты анықтап, 900 млн теңгеге жуық айыппұлдар салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Желтоқсан, 2025
Талдықорған театрына академиялық мәртебе берілді
Жетісу облысының мәдени өмірінде маңызды жаңалық — Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына академиялық мәртебе берілді. Бұл мәртебе Премьер-Министрдің 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Желтоқсан, 2025
Биыл Ақтөбеде құны 110 миллиард теңгеден асатын сегіз жоба жүзеге асырылды
Ақтөбеде 20 мемлекеттің өкілдерінің қатысуымен өткен «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» жиынында жаһандық өзгерістер жағдайындағы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық саясат, инвесторларды қолдау шаралары, Еуразиялық экономикалық Одақ, Еуропа мен Азиядағы серіктестермен ынтымақтастық бағыттары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
«Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Антониу Кошта: Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отыр
Антониу Кошта Еуропа Одағы мен Қазақстанның серіктестігі нақты нәтиже беріп отырғанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Еуропа Одағы БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқық нормаларын сақтауға әрдайым бейіл екенін тағы да растады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Президент Еуропа Одағына ризашылығын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөз барысында цифрландыру бағытындағы ықпалдастықты арттыруға айрықша мән берілгенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта бірлескен мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен өте нәтижелі келіссөз жүргізілгеніне, кездесу емен-жарқын, достық рәуіште әрі конструктивті сипатта өткеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.