Соңғы жаңалықтар
Футбол • 29 Қаңтар, 2026
«Қайрат» лондондық «Арсенал» қақпасына екі гол соқты
Қазақстан уақытымен 29 қаңтар күні сағат 00:50-де «Қайрат» UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің сегізінші турында лондондық «Арсеналға» қарсы жасыл алаңға шықты. Сырт алаңда өткізген матчта жерлестеріміз екі гол соқты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қаңтар, 2026
Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инвестиция • 29 Қаңтар, 2026
Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес
Премьер-министр Олжас Бектенов Бас прокурор Берік Асыловтың, министрлер мен өңір әкімдерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялардың, «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен жаңа инвестициялық циклді іске қосу мен сапалы инвестициялар көлемін арттыру жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өткізді.
Оқиға • 29 Қаңтар, 2026
Руслан Желдібай лауазымынан босатылды
Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
Маңызды өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
Кеше Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төртінші отырысы өтті. Онда Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстырды.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Көлік хабын қалыптастыру – стратегиялық міндет
Елімізде алдағы уақытта аса ауқымды инфрақұрылымдық серпіліс болғалы тұр. Президент Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда елдің даму траекториясында көлік саласының шешуші рөл атқаратынына айрықша назар аударды.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
Мәжіліс бірқатар келісімді ратификациялады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, комитеттер жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Сондай-ақ депутаттар жыл басында ел ішін аралап, сайлаушылар аманаттаған өзекті мәселелерді негізге алып, депутаттық сауалдар жолдады.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
Адал қызмет пен табанды еңбек нәтиже береді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді. Алдымен сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Президенттің айтуынша, осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келеді.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Әлеуметті қолдау шараларының шапағаты
Жетісу облысында халықты әлеуметтік қолдау шаралары жан-жақты жүргізіліп келеді. Қиын өмірлік жағдайларға тап болған азаматтарға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек, материалдық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жемісін беріп отыр.
Саясат • 29 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай орталық органдар қызметшілерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттарын, басым міндеттерін талқылауға арналған кездесу өткізді. Басқосуда Президенттің Ұлттық құрылтайдың V отырысында айқындаған бағдарлары аясында мемлекеттік сектордағы ұйымдастырушылық мәдениетті жаңғырту мәселелері қаралды.
Шымкент • 29 Қаңтар, 2026
«Amanat» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруда нақты нәтижесін беріп келеді. Мәселен, 2024 жылы жоба аясында 11 мың адамды оқыту жоспарланған болса, бұл меже артығымен орындалып, 12 593 тұрғын арнайы курстан өтті.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Жүйе жетіліп, үдеріс оңтайланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде өткен жылғы қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қабылданды.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Арнаулы жәрдемақы кімдерге тиесілі?
Елімізде айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Қаңтарға дейін жәрдемақының осы түрін алғандардың саны 207 200 адамға жеткен. Жәрдемақыны жалпыға шақсақ, төленген қаржы 26,7 млрд теңге шамасында.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2026
Петропавл әуежайы қайта жаңғыртылып, оған арнайы сертификат берілді. Енді әуежай орташа магистральды «Boeing 767» және «Airbus A330» сияқты ұшақтарды да қабылдай алады.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Жеке мектеп: бүгіні мен болашағы
Елімізде жеке мектептер саны кейінгі жылдары күрт көбейді. Бұған олардың мемлекеттен әр балаға қаржы алатыны түрткі болған-ды. Ақша жүрген жерде кілтипан қоса килігетіні бар ғой, бұл қолдаудан да шикілік шықты.
Экономика • 29 Қаңтар, 2026
Жақында Мемлекет басшысы банктер және банк қызметі туралы жаңа заңға қол қойды. Заңға сәйкес енді екінші деңгейлі банктер бұрынғыдай бір ғана үлгімен емес, 2 түрлі лицензия арқылы жұмыс істейді. Олар – базалық және әмбебап лицензия. Бұл жаңашылдық банк нарығындағы бәсекені күшейтуге әрі жаңа ойыншылардың пайда болуына бағытталған.
Айбын • 29 Қаңтар, 2026
Дүниежүзіндегі 145 елдің қарулы күштер әлеуетін салыстырып, рейтингін жасап отыратын «Global Firepower» (GFP) атты беделді тәуелсіз платформа таяу күндері осы жылға арналған жаңа мәліметтерін жариялады. Зерттеулерге сәйкес, Қазақ елінің Қарулы күштері 58-орынға тұрақтаған.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Талапкердің көбі қазақ тілін таңдаған
Жаңа жылдағы алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) басталғанына да екі апта өтіп кетті. Осы аралықты қорытындыласақ, 90 мың адам тестілеуден өтіп үлгерді. Талапкерлердің басым бөлігі қазақ тілін таңдаған.
Тұлға • 29 Қаңтар, 2026
«Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай, Мына адамдар неге жатыр тойламай?»
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Оқу ошақтары қайта жаңартылады
Ақтөбе облысында білім беру ұйымдарын қайта жаңарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Солардың бірі – 60 жылдан астам тарихы бар Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі.
Тағзым • 29 Қаңтар, 2026
Астанадағы Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейде «Н.Төреқұлов – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби елші» атты ғылыми конференция өтіп, білім ошағында тұлғаның музейі ашылып, кеудемүсіні қойылды.
Айбын • 29 Қаңтар, 2026
Саперлер ұраны – «Қателікке жол жоқ!»
Таяу күндері еліміздегі ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтың бірі – Инженерлік әскерлер күні атап өтілді. Бұл әскер құрамына саперлер, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтер, т.б. мамандар кіреді. Олар бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фортификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгеттерді орнату мен залалсыздандыруға, өткелдер ұйымдастыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Еліміздің танымал теннисшісі Алан Құрманғалиев Қатар астанасы – Дохада ұйымдастырылған «WTT WTT Youth Star Contender» турнирінен олжалы оралды.
Әскер • 29 Қаңтар, 2026
Әскер құрылымында десанттық барлау – ең жауапты әрі күрделі бағыттардың бірі. Өйткені қарулы қақтығыстардың сипаты қанша құбылғанымен, қарсылас туралы нақты әрі жедел ақпарат әрдайым маңызды. Ал мұндай жауапты қызметке жауынгерлерді даярлау оңай шаруа емес.
Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026
Әлемдегі ең әйгілі желаяқ ямайкалық спортшы – Усэйн Болт. Ол жеңіл атлетикадағы ең қысқа әрі өте тартысты қашықтық саналатын 100 метрге жүгіру сайысында адам сенгісіз нәтиже көрсетті.
Зерде • 29 Қаңтар, 2026
Біздің азаттық жолында күрескен қайраткерлеріміз аз емес. Олардың бүкіл болмысы саяси мұратымен сабақтас. Ұлттық мүддені ту еткен сол бірегей тұлғалардың қатарында Әлихан Бөкейхан мен Хайретдин Болғанбайдың есімі ерекше дараланып тұр.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2026
Көрікті Көлсайға жетелейтін күре жолдың бойында орналасқан Жалағаш ауылы – облыс орталығы Қонаев қаласынан 300 шақырымға жуық қашықтықтағы құтты мекен. Бүгінде 700-ден астам отбасы берекелі тіршілік кешіп жатқан елді мекеннің ажары жыл санап ашылып келеді. Алақандай ауылдың шаруасы шалқып, туризм мен кәсіпкерлік өрістей бастаған. Әсіресе, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда жұртшылыққа үлгі боларлық ілкімді істерді айрықша атап өткен ләзім.
Тағзым • 29 Қаңтар, 2026
Баянауылда Арқаның дәстүрлі ән мектебінің айтулы өкілі Жарылғапберді Жұмабайұлының 175 жылдығына орай дүбірлі концерт өтті.
Спорт • 29 Қаңтар, 2026
Қытай астанасы – Бейжің қаласында мәнерлеп сырғанаудан беделді «Төрт құрлық біріншілігі» өз мәресіне жетті. Әлемнің әр қиырынан жиналған кіл мықтылар бас қосқан дүбірлі додада еліміздің намысын алты спортшы қорғады. Өкінішке қарай, байрақты бәсекеде жерлестеріміз жүлделі орындардан көріне алмады.
Ғалам ғажаптары • 29 Қаңтар, 2026
Адамның қабілеті мен мүмкіндігі ғаламат. Оған дәлел – америкалық альпинист Алекс Хоннольд. Ол Тайваньдағы ең биік «Taipei 101» ғимаратына қауіпсіздік арқанынсыз өрмелеп шықты.