Соңғы жаңалықтар
Қаржы • 17 Қазан, 2024
Жеке тұлға банкроттығы: мәселенің мәнісі
Ежелгі Рим империясында қарызға батқан адамдар өзін немесе отбасы мүшелерін кредитордың құзырына өткізуге мәжбүр болған деседі. Қарыз алушының өмірін толықтай бақылауға мүмкіндік беретін жүйе «Нексум» деп аталған. Мойнындағы борыштан құтылмаса, ғұмырының соңына дейін тәуелді болып қала береді. IV ғасырда жойылған осынау жүйе басқаша кейіпке еніп, қазіргі кезде де жалғасып жатқан секілді...
Теңге • 17 Қазан, 2024
Өткен аптада долларға қатысты теңге бағамы біршама жоғарылап, 490-ға дейін таяды. Тіпті сарапшылар арасында бағам 500-ге жетуі мүмкін деген болжамдар да айтыла бастаған. Бірақ кейін қайта төмендеп, 1 доллар 487 теңгеге саудаланды.
Білім • 17 Қазан, 2024
Жетісуда 20 мыңнан астам ұстаз білім береді. Биыл соның 2 мыңға жуығы мемлекет һәм облыс тарапынан түрлі марапатқа ие болды. Солардың ішінде Үмбетовтер әулетінің орны ерек. Нағыз еңбек адамы десеңіз де болады. Себебі үлкен отбасы үш буыннан бері шәкірт тәрбиелеумен айналысып келеді. Олардың жалпы еңбек өтілі – 332 жыл. Бүгінде шөберелері де атадан қалған жасампаз жолмен жүріп келеді.
Мектеп • 17 Қазан, 2024
Оқушылардың дұрыс һәм сапалы тамақтануы олардың денсаулығы мен біліміне тікелей әсер етеді. Бірақ осы күні мектеп асханаларына қатысты мәселелер оқу жүйесінің бітеу жарасына айналғандай. Астан уланған қаншама бала ауруханаға түсіп жатады, енді бірде тағамдардың сапасына көңілі толмай, кейістік білдіретіндер де бой көрсетеді. Осы мәселенің мән-жайын білмекке Астанадағы №84 мектепке арнайы барып, асхана жұмысымен танысып қайтқан едік.
Тағзым • 17 Қазан, 2024
Қазақ даласында театр өнерінің қазығын қағып, туын көтерген Жұмат Шанин тұлғасы қашан да еске түсіріп отыруға тиісті ардақты есімдер санатында. Театр өнерінің қалыптасып, орнығуына тер төккен Ж.Шаниннің жұбайы, ұлт театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике де айтулы актриса екені тарихтан мәлім. Халқымыздың маңдайалды перзенттеріне тартып туған ұлдары Қасымхан Шанин де театр мен кино өнерінің қайталанбас жұлдызы, режиссерлігімен қатар әншілігі де бір төбе.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Түркістан облысында жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді. Олардың арасында еңбегі жоғары бағаланып, кәсіби мерекелерінде түрлі марапатқа ие болғандар көп.
Тұлға • 17 Қазан, 2024
«...Кенет тұтқын балалардың бірі артындағының кеудесіне екі шекесін алма-кезек ұрғылап шыңғырып жіберді. Ақ тайлақтың терісі күнге күйіп тырысып барады. Қаудырлап кеуіп жатқан түйенің көні бас сүйекті сытырлатып шаға түсті. Қазір-ақ ұн қылып уатып жіберетіндей. Басқа тұтқындар да бебеулей бастады. Олар бір апта бойы осылай зар илеп, шыңғырды да жүрді. Сосын бастарына шаш шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан бастың құйқасын тесіп кері өсті. Алты тұтқын елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мәңгүртке айналды. Жүре-жүре тілден де айырылды. Түйемен бірге өреді, түйемен бірге келеді».
Алматы • 17 Қазан, 2024
Мың бояулы Алматы туристерге несімен қызық? Осы сауалға нақты жауап табу мақсатында алғаш рет мегаполиске табаны тиген саяхатшылардың орташа статистикалық бейнесі жасалды.
Өнер • 17 Қазан, 2024
Атақты хореограф – Абай театрында
«Британия империясы» орденінің кавалері, әлемге әйгілі биші, хореограф Акрам Хан елімізге келіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында бірнеше күн шеберлік сабағын өткізді. Жаңалығы мол қойылымдарымен би әлеміне жаңа серпін берген өнерпаз қазақ елі әртістерінің тәжірибесін толықтырып, тереңдете түсті.
Сұхбат • 17 Қазан, 2024
Көшпелілер өркениеті – туризмнің өзегі
Жылдан аса әзірлік жүргізіліп, апта бойы елорда төрін дүбірге бөлеген Дүниежүзілік көшпелілер ойындары туризм саласының күш алуына серпін бергені анық. Ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көшпелі өмір салтын қайта жаңғыртқан жаһандық доданың маңызды екенін атап өтті. «Біз – ежелден қонақжай халықпыз. Жаңалыққа – жаны құмар, түрлі мәдениетке – ашық жұртпыз. Біздің өмір салтымыз табиғатпен ерекше үйлесім тапқан. Көшпелілер – тумысынан қайсар халық», деді Президент. Тумысынан қайсар халықтың осы саланы қалай өрістетіп отырғанын Туризм және спорт вице-министрі Ержан ЕРКІНБАЕВТАН сұрадық.
Жоба • 17 Қазан, 2024
Ауыл спортын дамытуға бағытталған жоба
Алматыда «Halyk» қайырымдылық қорының қолдауымен ауыл спортын дамытуға арналған «AuylSport» жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында қордың аймақтардағы бұқаралық спортты дамытудағы рөлі, алдағы жоспарлары, соған сәйкес өңірлерде өтетін спорттық іс-шаралар туралы толық мағлұмат берілді.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Сырдария ауданы тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбіліктерге қатысып, тазалық сақтауға өз үлестерін қосып жүр. Аудан орталығы Тереңөзек кентінде жалғасын тапқан бастама аясында қарапайым тұрғындармен қатар, түрлі мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер «Сырдария еріктілері» штабының волонтерлері кент көшелерін тазалады.
«Таза Қазақстан» • 17 Қазан, 2024
Атырау облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту әлі жалғасып келеді. Акция кезінде жағалаудағы қоқыстар жиналып, көшеттер егілді.
Жәдігер • 17 Қазан, 2024
Қазақ тарихына қатысты құнды-құнды жәдігерлердің көшірмесі көзінен тізіліп, том-том еңбек елге таныстырылды. Бұл игіліктерді Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мамандары шетел архивтерінен жеткізген. Мамандар бұларды «Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасы шетелдің архив қорлары жинақтарында» ғылыми жобасы шеңберінде жүзеге асырған. Институт ғалымдары Мемлекеттік орталық музеймен бірлесіп өткізген «Шетелдің архивтік қорларындағы Еуразия тарихы» көрмесіне қазақ мемлекеттілігінің тарихына қатысты құнды мәліметтер шығарылды.
Таным • 17 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Алып асқабақтар
Калифорнияда дәстүрлі түрде өтетін бұл бәсекенің жыл сайын көрермені де, қатысушысы да артып келеді. Жарыс шарты біреу-ақ. Кімнің асқабағы үлкен, сол – жеңімпаз.
Аңдатпа • 17 Қазан, 2024
18 қазан - «Темір қатын» С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында Ш.Башбековтің «Темір қатын» комедиясы ұсынылады. Режиссері – А.Қырықбаев.
Қоғам • 17 Қазан, 2024
Елорда төріндегі Ұлттық кітапханада қазақ әдебиеті тарихында іргелі орны бар ақын, ағартушы Сәбит Дөнентаевтың туғанына 130 жыл толуына байланысты еске алу шарасы өтіп, жаңадан басылып шыққан «Көркемтай» жинағының тұсауы кесілді.
Аймақтар • 17 Қазан, 2024
Саламаттылықты насихаттайтын саябақ
Облыс орталығындағы №1 қалалық емхана алдында ақ халатты абзал жандардың құрметіне арналған дәрігерлер саябағы ашылды. Жайлы, жарасымды демалыс бағы жергілікті тұрғындар мен қала меймандарына белсенді, саламатты өмір салтын насихаттайтын қалаулы орын ретінде қызмет етеді.
Таным • 17 Қазан, 2024
Ежелгі грек мифологиясында ұйқы құдайы Гипнос пен өлім құдайы Танатос егіз болған деседі. Расында, «қазақ ұйқы – кіші өлім» деп жатады. Баба танымында адам ұйықтаған уақытында рухы жер-көкті шарлап жүреді-міс. Қалай десек те, ұйқы құбылысының мәні ерек, түбі тұңғиық.
Дін • 17 Қазан, 2024
Қасиетті Рамазан айы қашан басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2024
Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды
Танымал кәсіпкер, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 16 Қазан, 2024
Жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз, ойланыңыз - Бас прокуратура ескертеді
Егер сіз жұмыс іздеп курьер (бөлшектеуші, таратушы, кладмен, трафаретші) ретінде жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз, ойланыңыз. Өйткені аталған жарнама есірткі бизнесіне тартуды жасырын көздеуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Спорт • 16 Қазан, 2024
Қазақ тілін келеке қылған бапкер ірі айыппұл төлейтін болды
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қазан, 2024
Жауын-шашын, көктайғақ: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
«Қазгидромет» синоптиктері 17, 18 және 19 қазанға арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2024
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады
Ертең, 17 қазанда Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды және Алматы облыстарында жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 16 Қазан, 2024
Жолшылар «Таза Қазақстан» науқанына қатысты
Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде жолшылар 40 нысанды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Қазан, 2024
Біздің республика соттарының цифрлық сервистері әлемдегі ең озық сервистердің бірі болып саналады (ресми рейтингтерге сәйкес). Сот жүйесіне заманауи жаңа ақпараттық технологиялар енгізіліп, олар одан әрі жетілдіріліп жатқанына ерекше мақтанамыз.
Қоғам • 16 Қазан, 2024
Қазақстан ЭЫДҰ Конвенциясына қосылуға ниетті
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ЭЫДҰ Конвенциясына қосылуға ниетті, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 16 Қазан, 2024
Экспорт көлемін арттыру үшін логистикалық бағыттарды көбейту керек - депутат
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Respublica партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында Ресей мен Қазақстан өнімдерінің ел аумақтарына өту мәселесін қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 16 Қазан, 2024
«Қазақ газеттерінде» Республика күніне арналған жиын өтті
Астана қаласында орналасқан «Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында «Республика күнін қалай атап өту керек?» деген тақырыпта қоғам белсенділерімен бірге дөңгелек үстел өтті. Алқаға саясаткер Оралбай Әбдікәрімов, экономист Сапарбай Жұбаев, «Қазақстандық қоғамдық даму институтының» басқарма төрағасы Нұрбек Мәтжани, саяси сарапшы Берік Бекжанов және Ы.Алтынсарин атындағы «Стратегия, ғылым және талдау» орталығының директоры Еркебұлан Аманқосов қатысты. Жиынды «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.