Соңғы жаңалықтар
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Қырғызстан мигранттардың құқығын бұзғаны үшін Ресейді сотқа берді
Қырғызстан еңбек мигранттары туралы келісімді орындаудан бас тартып отырған Ресейге қарсы ЕАЭО сотына талап арыз берді. Жогорку Кеңештің еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің отырысында Міндетті медициналық сақтандыру қорының төрағасы Азамат Муканов Ресей тарапы ЕАЭО келісімдерінде көзделген талаптарды орындамай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 28 Қаңтар, 2026
Australian Open: Елена Рыбакина әлемнің екінші үздік ракеткасын жеңді
Әйелдер арасында әлемнің бесінші, еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекті қапы қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Қаңтар, 2026
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады
«Қазгидромет» РМК 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің басым бөлігінде қар жауатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 28 Қаңтар, 2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Өңірлерде көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе қаупі бар аумақтарды тексеруге кірісті. Олар нысандардың жай-күйін бақылап, мониторинг жүргізіп, инженерлік инфрақұрылымның деңгейін бағалайды.
Әлем • 28 Қаңтар, 2026
Бала және әлеуметтік желі: тыйым басталды!
Францияда келесі оқу жылынан бастап 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тыйым салуы мүмкін. Бұл жаңалықты ел президенті Эммануэль Макрон мәлімдеді.
Саясат • 28 Қаңтар, 2026
Қазақстан – Израиль: Ынтымақтастықтың жаңа деңгейі
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми сапармен Астанаға келген Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Саармен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында СІМ басшылары саяси диалогтің қазіргі ахуалы мен даму келешегін, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды, туризм саласындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тәжірибе алмасуды талқылады.
Саясат • 28 Қаңтар, 2026
Теңгерімді байланыс тереңдей түседі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Израильдің Сыртқы істер министрі Гидеон Моше Саармен кездесті. Басқосуда тараптар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, парламентаралық байланысты кеңейтудің басым бағыттарына тоқталып, бірлескен жобаларды іске асыру барысына назар аударды.
Саясат • 28 Қаңтар, 2026
Көктемгі егіске әзірлік барысы пысықталды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын даярлау мен өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.
Үкімет • 28 Қаңтар, 2026
Туризм түйткілдері: Сөзден іске көшетін кез келді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы талқыланып, бірауыздан қабылданды.
Туризм • 28 Қаңтар, 2026
Қысқы туризмге қызығушылық артып келеді
Қысқы туризмнің тамырына қан жүгірту арқылы да қомақты қаржы көзін табуға болады. Алты ай қардың құрсауында қалатын еліміздің таулы өлкелерінде осы бағытты өрістетуге мүмкіндік орасан.
Ғалам ғажаптары • 28 Қаңтар, 2026
Әлемдегі кейбір көлдер – адамзатқа тек туристік аймақ емес, көптеген құпиялардың мекені. Олар мыңда-ған жыл бойы сырын сақтап, ғалымдарды таңғалдырып жатады. Ал әр зерттеу жаңа жұмбақтарды ашады.
Басылым • 28 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік желіні әркім әрқалай қолданады. Біреу есеп берсе, енді біреу естелігін бөліседі. Тағы біреу танылудың мүмкіндігі, күнделік есебінде пайдаланатындар да бар. Желіде әртүрлі саланың адамы отыр. Ал журналистерге желі, соның ішінде фейсбук парақшасы шығармашылық алаңы іспетті. Желінің сондай мүмкіндігін пайдаланған қаламгердің бірі – эссеист, публицист, ғалым Бауыржан Омарұлы.
Тағзым • 28 Қаңтар, 2026
Алматы төрінде қазақ ұлттық кәсіби музыкасының негізін қалаған тұлға, композитор, дирижер әрі ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Ғасырлар пернесі» атты тағылымды концерт өтті. Мерейтойлық кешті Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырып, көрерменді ұлттық өнердің терең тамырына жетеледі.
Тағзым • 28 Қаңтар, 2026
Бір топ өрімтал ұлт қаһарманы хақында «Egemen Qazaqstan» газетінде Қанат Бірлікұлының «Азаттықты аңсаған жастар» (6.12.2025), Қазбек Құттымұратұлының «Елдік жолындағы ерлік. Алаш арманын жүзеге асыруға бел шешкен боздақтар» (19.12.2025) атты мақалалары шықты. Жарияланымдар кеңес билігі тұсындағы халықты ұлттық апатқа ұшыратқан алапат аштық, одан енді ес жия бергенде қайта есеңгіреткен үлкен террор қасіретінен кейін орын алған көпке беймәлім оқиғасы жайында жазылған екен.
Спорт • 28 Қаңтар, 2026
Ыстанбұлда каратэден Премьер-лига санатындағы жарыс өтті. +68 кг салмақта айқасқан Олимпиаданың қола жүлдегері Софья Берульцева алтыннан алқа тақты. Финалда ол непалдық Арика Гурунгты 4:2 есебімен ұтты. 55 кг салмақтағы Бэлла Самашева да қарсылас шыдатпай, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол шешуші тұста словакиялық Нина Квасникованы қапы қалдырды. Жалпы есепте жерлестеріміз (2+0+0) Мысыр (2+3+1) мен Түркиядан (2+2+2) кейінгі үшінші орынды иеленді.
Руханият • 28 Қаңтар, 2026
Өмірдің бұлтарыссыз да айқын жолын таңдап, алға қойған мақсатын зор адамгершілікпен орындай білудің өнегесін мінсіз танытып жүрген жақсы азамат Мұсахан Басшыбаев, міне, мерейлі жасқа шығыпты. Әрқашан ұстамдылығынан, білікті болмысынан айнымайтын ол ұл-қыз өсіріп, бүгінде ардақты ата мәртебесін де иеленіп отыр. Уақыт – адамға сыншы, сол сынақтан екінің бірі сәтті өте бермеуі мүмкін. Мұсахан – содан сәтті өтіп келе жатқан жігіт ағасы.
Шахмат • 28 Қаңтар, 2026
Шахматшы Бибісара Асаубаева Нидерландтың Вейк-ан-Зее қаласында өтіп жатқан аса ірі халықаралық турнирдің алтыншы турында жеңіліс тапса, жетіншісін тең ойнап, сегізіншісінде жеңіске жетті.
Кәсіпкер • 28 Қаңтар, 2026
Кәсіпкерлерге қолайлы экономикалық алаң
Ақтаудағы «Ақтау теңіз порты» АЭА кәсібін өркендетемін, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосамын деген кәсіпкерлерге қолайлы алаңға айналды.
Еңбек • 28 Қаңтар, 2026
Өндіріс мамандарына сұраныс көп
Түркістан облысында еңбек нарығына жүргізілген мониторинг нәтижесінде техникалық, өндірістік, ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықтар бойынша жұмыспен қамту деңгейі 90-100 пайыз аралығын құрайтыны айқындалды. Бұл өңірдегі нақты секторға қажетті кадрларға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Медицина • 28 Қаңтар, 2026
Сегізкөз стимуляторы жұлын кеселімен туған жасөспірімдерге салынды
Алматы қаласындағы №2 балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері туабітті жұлын ақауы бар пациенттерге күрделі операция жасап, жаңа хирургиялық әдісті емдеу тәжірибесіне сәтті енгізді.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2026
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қазірден басталып кетті. 2 мыңға жуық тұрғын үй мен 15 мың саяжайды су астына қалдырған 2024 жылдың сабағы ұмытылар емес.
Салық • 28 Қаңтар, 2026
Салық кодексі: міндет пен жауапкершілік
Салық кодексі – еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің негізін қалайтын басты құжат. Салық түсімдерінің есебінен мемлекет қазынасы толығып, бюджет жоспарланады, жолдар салынады, инфрақұрылым дамиды, денсаулық, білім, әлеумет сынды салалардың әлеуеті артады.
Талбесік • 28 Қаңтар, 2026
Маңғыстау ғажайыптары – әлем назарында
Бенилюкс елдері туризм саласындағы жаңа бағыттар қатарында Маңғыстау өңіріне ерекше назар аударып отыр. Жақында Нидерланд пен Бельгияның беделді басылымдары елімізді шетелдік саяхатшыларға тартымды мекен ретінде таныстырды. Жарияланымдарда Маңғыстау облысының экспедициялық әлеуеті мен қайталанбас табиғи ландшафты жан-жақты сипатталған.
Медицина • 28 Қаңтар, 2026
Шетелдіктердің шеберлік дәрісі
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында «Балалар кардиохирургиясындағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық шеберлік сағаты өтті. Іс-шара барысында Беларусь Республикасынан келген білікті мамандар жергілікті әріптестерімен бірлесіп, жүрегінде туа біткен ақауы бар үш науқасқа күрделі операция жасап, он шақты баланы медициналық тексеруден өткізді.
Талбесік • 28 Қаңтар, 2026
Тарихы мыңжылдықтармен сабақтасып жатқан Әулиеата өңірінде қойнауына сыр бүккен киелі жерлер жеткілікті. Қарбаласқа толы күнделікті күйкі тірліктен жабыққан жұрт тау самалына кекілін таратып, таза ауада тыныққысы келеді. Асқақ Алатаудың баурайында дем басқан жұрт әредік Берікқара қорығына да ат басын бұрады. Мұндағы көз де, көңіл де тояттайтын тамаша пейзаж адам жанын жадыратады. Төңіректі тұтас жаулаған сұлулыққа көз суарып, бір жасап қаласың.
Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026
Киберқауіпсіздік заң жүзінде жүйеленді
Цифрландыруға қарқынды бет алдық. Бұл дегеніміз – деректер ең құнды капиталға айналды деген сөз. Қазірдің өзінде кез келген қызметті алу үшін аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, электронды поштаңыз керек. Өзіңіз берген ақпарат түрлі компаниялардың, хакерлердің қолына оп-оңай өте береді. Әдетте бұндайға аса мән бермейміз. Алайда мемлекеттік деңгейде цифрландыруға көшкенде бұған бейжай қарамауымыз керек. Киберқауіпсіздікті қаперден шығаруға болмайтынын үнемі еске салып жүретін Мемлекет басшысы бұл мәселені Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында да айрықша атап өтті.
Театр • 28 Қаңтар, 2026
Жастар театрының төрінде бауырлас Өзбекстан елінен келген Кәттақорған қалалық драма театрының гастрольдік қойылымы елорда көрермені үшін елеулі мәдени оқиғаға айналды. Өнерлі ұжым Шыңғыс Айтматовтың адам жанына терең бойлайтын әйгілі туындысы – «Ерте қайтқан тырналар» спектаклін ұсынды.
Білім • 28 Қаңтар, 2026
Жетісу мектептерінің жайы қалай?
Өңірдегі білім саласына біржақты пікір айтуға келмейді. Бұрынғыдай емес, шалғай ауылдардағы орта мектептерді басым бөлігі заман талабына сай жасақталды. 3 ауысымды білім ошақтары жоқ. Жаңа оқу нысандары бой көтерді. Білім сапасы біртіндеп ілгерілеп келеді. Ендігі бір мәселе – маман тапшылығы. Бұл бағытта жұмыстар жүріп жатыр.
Ғалам ғажаптары • 28 Қаңтар, 2026
Сәбидің есімін мемлекет бекітеді
Кей елдерде есім қою ата-ананың еркіне толық берілмей, мемлекет бақылауына алынған. Мұндай тәжірибе бүгінге дейін сақталып, ғаламдағы ең тосын құқықтық құбылыстардың бірі саналады.
Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026
Реформаны халық сенімі тұғырландырады
Газетіміздің өткен санында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы үш отырысы өткенін жазған едік. Бұл комиссия бұған дейін жарты жыл жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы екенін, оған Ата заңымызды түбегейлі жаңғырту міндеті жүктеліп отырғанын, түрлі саладан бас қосқан білікті сарапшылар талқылауларға қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салғанын тілге тиек еттік. Жиындар барысында айтылған орайлы ойлардың бірқатарын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.