Соңғы жаңалықтар
Наурызнама • 24 Наурыз, 2026
Жаңа форматтағы Наурыз мерекесі: Робот-көкпар ел тұрғындарын таңғалдырды
Биыл Қазақстанда Наурыз мерекесі мүлде жаңа, жоғары технологиялық форматта өтті. Дәстүрлі киіз үйлердің орнына VR-аймақтар мен жасанды интеллект жобалары бар цифрлық кеңістіктер ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 24 Наурыз, 2026
Қазақстанда Наурыз мерекесі қалай тойланды?
Елімізде Наурызды тойлаудың жаңа моделі қалыптасып келеді. Мұндай үлгіде мәдени мұраны цифрлық форматта жаңаша ұсынудан бастап, инновациялар арқылы азаматтарды тарту және заманауи ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға дейінгі үдерістер қамтылған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 24 Наурыз, 2026
Қазақстан альпинизмінің аңызы: Ерванд Ильинскийдің еңбек жолы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен атақты альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары мемлекеттік атағы берілді. Бұл марапат оған альпинизмдегі зор жетістіктері, спортты дамытуға қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Қазақстанда жеке хаттарға бақылау жасала ма?
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Қаржылық мониторинг агенттігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жеке хаттарды толық бақылауға алады деген ақпарат тарады. Алайда Қаржылық мониторинг агенттігі бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Қазақстан мен Қытай контейнерлік пойыздар санын арттыруға келісті
Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытайдың теміржол саласы басшылары кездесті. Келіссөздер барысында ҚТЖ басшысы Талғат Алдыбергенов пен Қытай теміржол корпорациясының жетекшісі Го Чжусюе екі ел арасындағы жүк тасымалын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Алматыда жол апатынан 3 адам қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы қаласында әл-Фараби даңғылы бойында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Шарибаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Жаңа жеңілдетілген ипотека кімдерге беріледі?
2026 жылғы 24 наурызда Қазақстан Үкіметі көмір генерациясын дамытуға арналған жаңа ұлттық жобаны жариялады. Бұл бастама тек елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтіп қана қоймай, сала қызметкерлері үшін жеңілдетілген ипотека алуға мүмкіндік береді. Жобаны Премьер-министр Олжас Бектенов бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Орал қаласында орналасқан дәмхана ғимаратында өрт шықты. Оқиға Желтоқсан көшесінің бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Ташкент – Атырау бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Uzbekistan Airways әуе компаниясы 29 наурыздан бастап Ташкент – Атырау бағыты бойынша жаңа тұрақты рейсті іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 24 Наурыз, 2026
Тойған Сариева: Алтын асық қалмасын айдалада
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындары – жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді құралы. Соның ішінде асық ойыны ерекше маңызға ие. Бұл ойын тек балалардың уақытын қызықты өткізу үшін ғана емес, олардың ой-өрісін дамытып, денсаулығын нығайтуға, ұлттық рухта тәрбие алуына мүмкіндік береді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Атырау облысы, Махамбет ауданындағы «Алтын балық» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер, психолог қызметінен бастап көп жыл меңгеруші қызметін атқарған ардагер-ұстаз Тойған Сариева. Ол ұлттық ойынды жаңғыртуға үлкен үлес қосып, өз тәжірибесінде асықты оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, түрлі дидактикалық ойындар жүйесін қалыптастырған жан.
Әлем • 24 Наурыз, 2026
Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарды
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи соңғы 24 күн ішінде елдің АҚШ-пен ешқандай байланысқа шықпағанын айтты. Оның сөзінше, Иранның Ормұз бұғазы мен соғысты тоқтату шарттары бойынша ұстанымы өзгермеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Қазақстан Shell және Eni компанияларымен бірлесіп газ өңдеу зауытын салудан бас тартты
Қазақстан Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытын салу жоспарын қайта қарап, жобаны бұрынғы форматта жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдеді. Негізгі себеп – операторлардың инвестициялық соңғы шешімді ұзақ уақыт қабылдамауы және жобаның құны мен экономикалық тиімділігіне қатысты келіспеушіліктер болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Атыраудағы түрмеде тұтқын төбелестен кейін көз жұмды
Атырау облысындағы түзету мекемелерінің бірінде төбелестен кейін сотталған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Наурыз, 2026
Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Президент Ерванд Тихонович Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Елімізде соңғы екі айда 200-ден астам егіз бала дүниеге келді
Қазақстанда соңғы екі айда 200-ден астам егіз сәби өмірге келген. Статистикаға көз салсақ, 2025 жылы елде 3 367 жұп егіз және 25 үшем туған. Көрсеткіштердің салыстырмалы түрде жоғары болуы еліміздегі репродуктивтік денсаулық пен медициналық қызметтердің сапасы артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Наурыз, 2026
Арзан бензин артықшылық па әлде экономикалық тәуекел ме?
Қазақстан әлемде бензин бағасы ең төмен елдердің қатарында тұр. GlobalPetrolPrices мәліметінше АИ-95 бензині литріне шамамен 0,51 АҚШ доллары тұрады (2026 жылғы 16 наурыздағы есеппен). Бұл әлемдік орташа деңгейден үш есе арзан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Блогер Ильяр Ювашевқа іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Ильярға (Ильяр Ювашев) мемлекетаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Ол заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2026
Еліміздегі екі әуежай әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына енді
Астана және Алматы әуежайлары әлемдегі ең үздік 100 әуежайдың қатарына кірді. Бұл туралы AirlineRatings халықаралық порталының деректерінде айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Наурыз, 2026
Қазақстанда ұлтты өзгерту қанша тұрады?
Елімізде азаматтар өз құжаттарындағы ұлтын тегін өзгерте алады. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметі комитеті мәлімдеді. Яғни, ұлтты өзгерту үшін арнайы мемлекеттік баж салығы алынбайды. Тек жаңа құжаттарды рәсімдеу үшін ғана төлем жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Наурыз, 2026
Өскеменде патрульдік полицияға шабуыл жасалды
Өскемен қаласында екі ер адам жасөспірімге көмекке келген патрульдік полицейге шабуыл жасаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2026
Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 66 адам қаза тапты
Колумбияның Hercules C-130 әскери ұшағы әуеге көтерілу кезінде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 100-ден астам адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 24 Наурыз, 2026
Елена Рыбакина Майамидегі ірі турнирде ширек финалға шықты
Әлемнің екінші ракеткасы, Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан Miami Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Наурыз, 2026
Алдағы екі тәулікте ауа райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» Қазақстан бойынша 2026 жылғы 24-26 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде, сондай-ақ кей күндері солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Наурыз, 2026
Бүгін елімізде қандай жолдар жабық?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы автомобиль жолдарының қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді. 2026 жылғы 24 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еліміздегі кейбір жол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 24 Наурыз, 2026
Бакудегі отандастар Наурыз мерекесін кең көлемде атап өтті
20 наурыз күні Баку қаласының орталығындағы Теңіз жағалауында көктем мен жаңару мерекесі – Наурызға арналған мәдени-көпшілік іс-шаралардың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 23 Наурыз, 2026
Елорда театрының Наурыздағы балаларға базарлығы
22-23 наурыз күндері Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Наурыз-думан» деп аталатын балаларға арналған танымдық сазды ертегі жанрындағы мерекелік қойылым ұсынды. Екі күн қатарынан өткен қойылымының премьерасын көрген кішкентай көрермендер керемет әсерге бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Наурыз, 2026
Times Square-де Наурыз тойланды: Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әлемге әйгілі Times Square алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өтті. Көктемнің жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ұлттық мейрамды ұлықтауға жиналған жұртшылық қазақтың дәстүрі мен өнеріне куә болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Наурыз, 2026
Тазару күні ел аумағынан 2,7 тонна қоқыс жиналды
Бүгін Тазару күнінде Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында бүкіл ел бойынша ауқымды экологиялық акциялар басталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Наурыз, 2026
Спорт министрлігі мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік меморандумға қол қойды
Туризм және спорт министрлігі Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікпен (WADA) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 23 Наурыз, 2026
Әскери қызметшілер Тазару күні ағаш көшеттерін отырғызды
Наурызнаманың соңғы күні – Тазару күні Қарулы күштердің әскери қызметшілері ағаш отырғызу, аумақты тазалау мен абаттандыру акцияларын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.