Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 04 Наурыз, 2026
Қарағанды облысында жаңа Конституция жобасы Брайль қарпімен басылып шықты
Қарағанды облысында жаңа Конституцияның жобасы Брайль қарпімен жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше басылым облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада таныстырылды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 04 Наурыз, 2026
Ормұз бұғазындағы шектеулер отандық ауыл шаруашылығына қалай есер етеді?
Әлемде география саясаттан да, экономикадан да ықпалды болатын жағдай кездеседі. Соның бір айғағы – Ормұз бұғазы. Бұл тар теңіз өткелі жай ғана көлік дәлізі емес. Мұнда энергия, химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы тізбектері түйіседі. Сондықтан Ормұздағы кез келген тұрақсыздық тек мұнай бағасын ғана емес, тыңайтқыш пен азық-түлік құнын да бірге қозғай алады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының өкілі Екатерина Смолякова мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын жоспарлау мәселесін көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Талдау нәтижесі бірқатар өңірде қаржыны нақты қажеттіліктен артық жоспарлау фактілері бар екенін көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Наурыз, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада Қазақстан Президентіне сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 04 Наурыз, 2026
8 наурыз қарсаңында арзан бағада азық-түлікті қайдан сатып алуға болады?
Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтіп, Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Наурыз, 2026
«Бәйтерек» холдингі 300 млрд теңгеден асатын 144 жобаны мақұлдады
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру барысы талқыланды. Жиында бірқатар көрсеткіштердің орындалуы кешеуілдеп отырғаны айтылып, нысаналы индикаторларға қол жеткізбеген лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Салық кодексіндегі түзетулер қашан күшіне енеді?
Жаңа Салық кодексіне өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді. Қазір мемлекеттік органдардың құжатқа түзету енгізуге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
АҚШ пен Эквадор әскері есірткі топтарына қарсы біріккен операцияны бастады
3 наурыз күні Эквадор мен АҚШ әскери күштері Эквадор аумағында террористік ұйымдар деп танылған есірткі топтарына қарсы бірлескен операцияларды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 04 Наурыз, 2026
Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?
Былтыр еліміз Иранға бидай экспорттау жұмыстарын табысты аяқтаған болатын. Ал Ирандағы геосаяси жағдай сауда қатынастарына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Азық-түлік неге қымбаттап жатыр? Серік Жұманғарин баға өсімінің себептерін атады
Қазақстанда азық-түлік бағасының өсуін тек қосылған құн салығының (ҚҚС) көтерілуімен байланыстыру дұрыс емес. Бағаға бірқатар ішкі және сыртқы фактор әсер етеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еліміз әлі барлық азық-түлік түрімен өзін толық қамтамасыз ете алмай отыр. Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бойынша өзін-өзі қамту деңгейі 70-90% шамасында болғанымен, кей тауарлар сырттан импортталады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Наурыз, 2026
Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды
«Nigel James Elite Coaching» ағылшын футбол академиясының негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
Иран төңірегіндегі шиеленіс: Мұнай бағасы ай басынан бері шамамен 24%-ға өсті
Иран төңірегіндегі қақтығыстың өршуі салдарынан мұнай бағасы барреліне 83,7 долларға жетті. Айдың басынан бері шамамен 24%-ға жуық өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Наурыз, 2026
Астанада мереке күндері ауа райы құбылмалы болады
Астанада наурыздың алғашқы күндері ауа райы суық әрі желді болады. Синоптиктердің болжамынша, күндіз нөл градусқа дейін жылынғанымен, түнде аяз −10 °C-қа дейін қайта күшеймек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
«Наурыз» бағдарламасын қаржыландыру арқылы қалай табыс табуға болады?
Ел тұрғындары енді «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысушы ғана емес, оның инвесторы да бола алады. Отбасы банк 2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында әлеуметтік облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізеді. Сауда қорытындысы бойынша банк «Наурыз» бағдарламасы аясында азаматтарды несиелендіру үшін 200 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды
Түркия ирандықтардың елге кіруін уақытша шектейтінін хабарлады. Бұл тыйым басқа елдердің азаматтарына қатысты қолданылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
eGov арқылы темір тұлпарды тіркеу: Сатып алудан сатуға дейінгі үдеріс жеңілдеді
Ел тұрғындары енді автокөлікті тіркеу, техникалық паспорт пен мемлекеттік нөмірді ауыстыру, сондай-ақ сатып алу-сату шартын рәсімдеу қызметтерін толықтай онлайн ала алады. Жаңартылған сервистер eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен үш адам аман-есен табылды
Оралда криминалдық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған үш адамды бір тәулікте тапты, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 04 Наурыз, 2026
Алматыда балаға күш қолданған оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды
Алматыда әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан кейін оңалту орталығының қызметкері қамауға алынды. Полиция оны балаға қарсы заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұстағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы сайланды
Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы болып Моджтаба Хаменеи сайланды. Бұл шешімді конституциялық өкілетке ие Сарапшылар кеңесі қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 04 Наурыз, 2026
Астанада арнайы рұқсатсыз жұмыс істеген тамақтану орындары анықталды
Елорда құтқарушылары өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында қоғамдық тамақтану нысандарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2026
Семейдегі өрттен зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Семей қаласында 3 наурыз күні кешкі уақытта балалар ойын-сауық орталығында тұтанған өрт 3 100 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады: Қай уақытқа дейін үлгеру қажет?
«Наурыз» – пайыздық мөлшерлемесі 7-9% аралығында бекітілген ипотекалық бағдарлама. Жоба азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған. Өтінім қабылдау 31 наурызға дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 946 отандасымыз аман-есен жеткізілді
Көлік министрлігі 4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 04 Наурыз, 2026
Референдум-2026: Дауыс беру учаскесін ЖСН арқылы қалай табуға болады?
2026 жылғы 15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Осы орайда ел азаматтарының қолайлылығы үшін «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» атты арнайы сервис ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Наурыз, 2026
Қар, боран және көктайғақ: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 4 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғып және көктайғақ болады. Кей аймақтарда тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Мысыр бағытындағы рейстер тоқтай ма? «Scat» әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады
«SCAT» Airlines әуе компаниясы Таяу Шығыстағы әскери қақтығысқа байланысты «Мысырға ұшатын рейстердің тоқтатылуы мүмкін бе?» деген туристерді алаңдатып отырған сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Наурыз, 2026
Дубайдағы Америка консулдығы отқа оранды
Дубай қаласында орналасқан АҚШ консулдығының аумағында өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Наурыз, 2026
Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болды
Зілтемірші, ауыр атлетикадан «Рио» Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды. Куәлікті Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Наурыз, 2026
Алматы мен Астана қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 04 Наурыз, 2026
Тағы 15 мемлекет қатысуға ниет білдірді
Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды бағалау миссиясының басшысы Дуглас Брюс Уэйкпен кездесті. Жүздесуде елдегі жалпыұлттық науқанға дайындық барысы, сайлау үдерісінің ашықтығы мен қолжетімділігі сөз болды.