Соңғы жаңалықтар
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев алдағы референдумды еліміздің тұрақты дамуының іргетасы деп атады
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығына жаңа Конституцияның маңызы мен мәнін айтып берді. Ол алдағы референдумды еліміздің тұрақты дамуының іргетасы деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 03 Наурыз, 2026
Алматыда бірнеше қоғамдық көлік бағытында төлем тәртібі өзгереді
4 наурыздан бастап Алматының бірқатар қоғамдық көлігінде жол ақысын Avtobys электрондық жүйесі арқылы төлеу қолжетімді болады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 03 Наурыз, 2026
Сенат төрағасы Жетісу фермерлерімен жаңа Конституцияны талқылады
Елімізді орнықты дамыту, демократиялық қағидаттарды нығайту және саяси жүйені кешенді жаңартуда конституциялық реформаның тарихи әрі стратегиялық маңызы зор. Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 03 Наурыз, 2026
Алматы облысында кісі өлтіру дерегі 19 жылдан кейін ашылды
Алматы облысының прокуратурасы шамамен жиырма жыл бұрын жасалған кісі өлтіру ісі бойынша тергеп-тексеруді соңына жеткізді. Қадағалау органы қызметкерлерінің арқасында қылмысқа қатысқан үшінші сыбайлас анықталып, сотталды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Мәулен Әшімбаев: Конституциялық реформаның басым міндеті – азаматтардың әл-ауқатын арттыру
Жаңа Конституция ауыл өмірін жақсартуға, сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі, инклюзия және этносаралық келісімнің өзекті мәселелерін шешуге қалай көмектесе алады? Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгін Жетісу облысының фермерлерімен осы тақырыптағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Наурыз, 2026
Президент Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, осынау қиын сәтте бауырлас Оман халқына тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Наурыз, 2026
Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи нысан зақымданды
Иранға жасалған соққы салдарынан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысаны зақымданды. Бұл туралы Иранның мәдени мұра министрі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Азық-түлік бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау шаралары күшейтілді. 2026 жылдың басынан бері өңірде 20-ға жуық кәсіпкер шекті рұқсат етілген сауда үстемеақысын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Алматыдағы жеке оңалту орталығында ерекше балаларды ұрып-соққан
Алматыдағы жеке оңалту орталықтарының бірінде ерекше күтімді қажет ететін балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ата-аналар тарапынан «Феникс» орталығында тәрбиеленушілерді таяқпен басынан ұру, жұдырықпен соғу және қорлау әрекеттері болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Наурыз, 2026
Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикасына қалай әсер етіп жатыр?
Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикаларына барған сайын қаттырақ әсер етіп, тасқын, құрғақшылық, аптап ыстық пен басқа да табиғат құбылыстарының қатерін арттырып отыр. Десе де, аймақта мұндай апаттардан қорғайтын қаржылық тетіктер жеткілікті деңгейде дамымаған. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) сарапшылары «Климаттық және табиғи апаттарға төзімділік: Орталық Азияда сақтандыру мен қаржылық шешімдерді әзірлеу» атты есебінде осындай қорытынды жасайды. Біз аталған зерттеудің басты тұжырымдарын зерделеп, климаттық қатерлерден сақтандыруды дамыту еліміз үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашарына зер салып көрдік.
Экономика • 03 Наурыз, 2026
Қаржылық тұрақтылыққа бастар қарапайым қағида қандай?
Қаржылық әл-ауқатты арттыру күрделі инвестициялық құралдардан емес, қарапайым тәртіптен басталуы мүмкін. Экономист Руслан Сұлтанов табыстың кемінде 10 пайызын алдымен өзіңізге бөліп отыру қағидасын ұсынады. Бұл ұстаным ежелгі Вавилон дәуіріндегі бай саудагер Аркадтың сөзімен сабақтас. «Тапқан табысыңның бір бөлігі саған тиесілі, оны өзің үшін сақтауға міндеттісің» деген қағида бүгін де өзекті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Наурыз, 2026
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары елге оралды
Бүгін түнде Астана қаласының халықаралық әуежайына конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер әлем чемпионатына қатысқан Қазақстан командасы келді. Кристина Шумекова мен Вадим Чебардаков бастаған жеңімпаздарды жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Астанада көп қабатты үйден өрт шықты
Төтенше жағдайлар министрлігі елордадағы Сарайшық ауданы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Щучинсктегі қайғылы жағдай: Дәмхананың иесі қамауға алынды
Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасының иесі қамауға алынды. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 03 Наурыз, 2026
Apple iPhone 17e смартфонын таныстырды
Apple iPhone 17 желісіндегі ең қолжетімді модель – iPhone 17e смартфонын ұсынды. Бағасы 599-600 доллардан басталады, бұл елімізде шамамен 300 мың теңге. Алдын ала тапсырыс 4 наурызда, сатылым 11 наурызда басталады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 03 Наурыз, 2026
Шотына 1 млн теңгеден астам қаражат түсетіндерге айыппұл салына ма?
2026 жылдан бастап мобильді аударымдарға қатысты жаңа бақылау тәртібі енгізілді. Қаржы вице министрі Ержан Біржановтың айтуынша, басты өзгеріс – аударымдардың жалпы сомасына қосымша талаптың енгізілуі, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 03 Наурыз, 2026
Астанада қар тазалауға 1 748 техника шықты
Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерін, даңғылдар мен тұрғын алаптарын қар мен мұздан тазарту шаралары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Ақтөбеде әйелін өлтіріп, өзіне қол салған ер адамның ісі тоқтатылды
Ақтөбеде өткен жылдың қарашасында болған қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот күдіктінің қайтыс болуына байланысты қылмыстық қудалауды доғару туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?
Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты ешбір тараптың жағына шықпайды және өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау қағидатын ұстанады. Бұл туралы Сыртқы істер вице-министрі Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 03 Наурыз, 2026
Екі жақты экраны бар теледидар таныстырылды
Әлемде алғаш рет екі жағында да экраны бар теледидар жасалды. GP TV деп аталатын жаңа құрылғыны TPV Technology Group компаниясы ұсынды. Ерекше модельге TechRadar басылымы назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Ақылы жолдар: Елімізде қай бағыттарда төлем алынады?
Елімізде 1 900 шақырымнан астам республикалық автожолға ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы дәмханада болған газ жарылысы салдарынан зардап шеккендердің бірі бүгін ауруханада көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Жезқазған қаласының бюджеті екі есе өсті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ұлытау облысы құрылғаннан бастап Жезқазған қаласында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде алға ілгерлеушілік байқалды. Соның ішінде қала бюджетінің көлемі мен инвестиция тарту деңгейі айтарлықтай өсті. Өткен жылы Жезқазған қаласының меншікті кірістері үш есеге артып, 36,9 млрд теңгеге жетті. Жалпы қала бюджеті екі есеге өсіп, 57,1 млрд теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 03 Наурыз, 2026
Алмасадам Сәтқалиев: Ғылымды ілгерілету әлеуметтік инфрақұрылымнан басталады
Елдегі атом саласын дамыту жолында әлеуметтік инфрақұрылымға да басымдық беріліп отыр. Ядролық физика институтында бой көтерген жеті қабатты жатақхана – соның айқын көрінісі, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Ақмола облысында төрт бірдей туысын өлтірген күдікті психикалық есепте тұрған
Ақмола облысына қарасты Жібек жолы ауылында өз ата-анасын, мүгедектігі бар немере ағасын және 18 жастағы қарындасын өлтірді деген күдікке ілінген 42 жастағы азаматтың бұған дейін психикалық есепте тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылды
Таяу Шығыста жүрген қазақстандықтар елге әуе кеңістігі толық қауіпсіз деп танылғаннан кейін ғана қайта алады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Наурыз, 2026
Қазақстанда қылмыс деңгейі 8%-ға төмендеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 03 Наурыз, 2026
Ирандағы отандастарымыз қай елдер арқылы эвакуацияланады?
Қазақстанның шетелдегі мекемелері тиісті мемлекеттердің құзырлы органдарымен келіссөздер жүргізіп, азаматтарымызды Ираннан көрші елдер арқылы эвакуациялауға қатысты уағдаластықтарға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Наурыз, 2026
«Стрептоцидке» тыйым салынды: Препарат енді Қазақстан дәріханаларында сатылмайды
Елімізде кең қолданылған антибиотиктердің бірі – «Стрептоцид» препаратының белгілі бір сериясын сатуға және медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынды. Тиісті шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың екжей-текжейлі картасы әзірленеді
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов тасжолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, шекаралық өткізу бекеттеріндегі объектілерді қоса алғанда, жол бойындағы сервисті де дамыту қажет екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.