Ресми ақпаратқа сәйкес, тыйым «Химфарм» акционерлік қоғамы өндірген «Стрептоцид» дәрісінің 25080430 сериясына қатысты. Препараттың жарамдылық мерзімі 2030 жылдың тамызына дейін деп көрсетілген. Таблетка түріндегі дәрі 300 мг дозада шығарылған, бір қаптамада 10 таблеткадан, картон қорапшада бес қаптама болған.
Министрлік шешімі денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамаға және дәрілік заттарды қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес қабылданған. Осыған байланысты аталған сериядағы препаратты сату, тарату және емдеу ісінде пайдалану тоқтатылды.
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Дәріні нарықтан толық алып тастау барысын Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бақылап отыр. Бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде комитеттің аумақтық бөлімшелері, дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және СК-Фармация компаниясы хабардар етілген.
Министрліктің мәліметінше, бұл тәртіп препараттың ел аумағындағы барлық дәріхана мен медициналық ұйымдардан дер кезінде әрі толық алынуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай шара азаматтардың денсаулығын қорғап, дәріні қолдануға байланысты ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.