аң
Бизнес • 24 Қараша, 2025
Бизнесті қорғауға ерекше басымдық беріледі
Қызылорда облысында жыл басынан бері прокуратураның қадағалау актілерімен 3 187 кәсіпкердің құқығы қорғалып, олардың пайдасына 1,9 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген. Тәртіптік жауаптылыққа тартылған 45 адамның 15-і – облыстық және аудандық деңгейдегі басшылар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2025
Президент зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Аймақтар • 24 Қараша, 2025
Танымал шетелдік фотограф Маңғыстаудағы туристік нысандарды әлемге танытты
Әлеуметтік желіде миллион жазылушысы бар шетелдік танымал фотограф Макс Райв Қарынжарық ойпаты мен Боқты тауын суретке түсіріп, жеке парақшасына жариялаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қараша, 2025
Маңғыстаулық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының №18 мектебінің 11 сынып оқушысы Дәулет Айқын мектеп оқушылары арасындағы тоғызқұмалақтан II әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Ақтауда 2 000 бала Damu Bala арқылы үйірмелерге бара алмай жүр
Ақтауда екі жылға созылған ваучер тапшылығына байланысты мыңдаған бала спорт пен шығармашылық үйірмелерге қатыса алмай отыр. Бұл жағдай көпбалалы отбасылардың тұрмысын қиындатып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Ақтауды Жаңа жылға дайындық жұмыстары басталды. Қаланы мерекелік кейіпке келтіруге 80 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, №119/120 «Алматы - Қостанай» бағытындағы жаңа «Тальго» пойызы 16 желтоқсанда жолға шығады, жаңа пойыз жұп күндері қатынап отырады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2025
Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуежайлар қашан ашылмақ?
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) алаңындағы баспасөз-конференциясы барысында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Қараша, 2025
Қостанай облысында тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен жазаланды
Қостанай облысында әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын өсірген 135 дүкен анықталды. Кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабына енгізілген жаңа ережелерге сәйкес айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 20 Қараша, 2025
Сенат республикалық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды
Сенат депутаттары Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік заңының жеке баптарын мақұлдамай, Мәжілістің қайта қауына жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2025
Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқалары анықталған
Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 19 Қараша, 2025
ҚХА басшылығы мен Сенат депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды
2025 жылғы 18 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен Парламент Сенатындағы ҚХА депутаттары Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚХА баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 19 Қараша, 2025
Шетелдік бизнесмендер салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылады
Қазақстандағы герман экономикасы одағының (VDW) «Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында конференциясы өтті. Іс-шараға жүзге жуық бизнес өкілдері, консультанттар мен заңгерлер жиналды.
Қоғам • 19 Қараша, 2025
Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттай ма?
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жаппай өсу болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2025
Қызылордада браконьерлікке қатысты 105 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 105 құқық бұзушылықты анықтапты. Оның үшеуі қылмыстық, қалғаны әкімшілік жауапқа тартылған. Күдіктілерден балық, ау, түрлі құрал-саймандар мен 12 қару айғақ зат ретінде алынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қараша, 2025
Ерекше жаңалық: отандық ғалымдар бірегей табысқа қол жеткізді
Қазақстандық зерттеушілер қаратақтатасты кендерден ванадий электролитін алудың жаңа технологиясын жасады, бұл елімізге энергия сақтау жүйелерінің маңызды компонентін өз күшімен өндіру мүмкіндігін ашты, деп жазады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бизнес • 18 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер мемлекеттен салық жеңілдігін жасауды өтініп отыр
Қазақстанның Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі (КҚҚУ) Қанат Нұров Сенат Төрағасы М.Әшімбаевқа салық салудың жалпыға бірдей белгіленген салық режимі субъектілерге жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін (АСР) қолданатын субъектілерден алынған тауарлар бойынша КТС шегерімдерін есепке жатқызуға тыйым салуды (жаңа Салық кодексінің 286-бабының 16-тармағы) түзету жөнінде ұсыныстар жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қараша, 2025
Президент «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қараша, 2025
Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр
Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz .
Президент • 13 Қараша, 2025
Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты бірқатар заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Салық • 13 Қараша, 2025
Жаңа Салық кодексі такси жүргізушілеріне қалай әсер етеді?
2026 жылдан бастап күшіне енетін салық реформасы Taxi Forum Kazakhstan 2025 пленарлық алаңында талқыланды. Енді жаңа ережелер такси тарифтерін бірнеше есе өсірмейді, алайда инфляция мен салық талаптарының өзгеруі жол жүру құнының біршама қымбаттауына ықпал етуі мүмкін. «Атамекен» ҰКП форумда бизнес үшін оңтайлы шешім табудың маңызын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қараша, 2025
Маңғыстауда түйе сүтін өндіретін жаңа цех іске қосылды
Аталған өңірде «Қарағантүбек» серіктестігі жалпы құны – 600 млн теңгені құрайтын, түйе сүтін сауып әрі өңдейтін жаңа цехты іске қосып отыр. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 400 тонна түйе сүтін өңдеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 12 Қараша, 2025
Алматыдағы Медеу ауданын жаңа жылдық безендіруге 200 млн теңге бөлінді
Қаланың Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 12 Қараша, 2025
1 қаңтардан бастап зейнетақы жарнасы жүйесінде қандай өзгеріс болады?
2025 жылғы 7 қарашадағы Үкімет қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Қараша, 2025
Алматы облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық аулағандар сотталды
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Қараша, 2025
Көліктерді заңсыз тіркеуге көмектескендердің ісі әшкере болды
Қаржылық мониторинг агенттігі көлік құралдарын заңсыз тіркеу фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қараша, 2025
Жаңа үйлердің бағасы қалай өзгерді?
Қазақстанда қазан айында жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 1 пайызға қымбаттады. Алайда өсім барлық өңірде бірдей емес, тек бес қалада көтеріліп, кейбір аймақтарда керісінше төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қараша, 2025
Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі өсті
Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға жетті, бұл пандемия кезеңіндегі көрсеткіштермен шамалас, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 11 Қараша, 2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 5,4%-ға артқан
Биылғы қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 8,1 трлн теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4%-ға артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.