Ай
Заң мен Тәртіп • 13 Қаңтар, 2026
Әуежайда әріптесін алдап, 1 млн теңге алған экс-қызметкер сотталды
Алматыда әуежайдың экономикалық қауіпсіздік қызметінде жұмыс істеген бұрынғы қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Ол әріптесінен тәртіптік комиссияның шешіміне ықпал етемін деп уәде беріп, 1 млн теңге алған. Алайда сот оны алаяқтық деп таныды, деп жазады Egemen.kz
Дін • 13 Қаңтар, 2026
Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған мұсылман мерекелерінің күнтізбесін бекітті. Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Ирандағы ахуалға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттады. Бұған Ирандағы саяси ахуал және оған қарсы санкциялардың күшеюі себеп болды. 12 қаңтарда мұнай жеті аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2026
Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны рас па?
Әлеуметтік желіде Торғай өзенінде балық қырылып жатқаны туралы бейнежазба тарады. Алайда бұл жазба әлі ресми түрде расталған жоқ. Бейресми деректер мен болжамдарға сенсек, балықтардың жаппай қырылуына радонға бай жерасты суының өзенге қосылып кетуі себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Ал шығыс өңірлерде түнде қалың қар түсуі мүмкін. Батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды
Қостанай қаласының №2 соты 44 жастағы Юлия Хонды Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ одан 826 мың теңге көлемінде процессуалдық шығын өндіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 12 Қаңтар, 2026
Ұлттық ұланның «BURKIT TEAM» командасы AMMA Азия чемпионатында жүлдегер атанды
Қытайдың Сычуань провинциясына қарасты Лучжоу қаласында ересектер арасында аралас жекпе-жек өнері (AMMA) бойынша Азияның III чемпионаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Астана әуежайында ауа райына байланысты бірқатар рейс кешіктірілді
Қолайсыз ауа райы салдарынан елорда әуежайында ұшу кестесіне уақытша өзгерістер енгізілді. Қазіргі таңда Астана бағытына қатынайтын алты рейс кешігіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 12 Қаңтар, 2026
«Алтын глобус»: Үздік ерлі-зайыпты рөліндегі актер мен актриса анықталды
Дүйсенбіде Голливудтағы «Алтын глобус» сыйлығының бірінші марапаттары табысталды. Алғашқы жеңімпаздар қатарында актриса Тейана Тейлор және актер Стеллан Скарсгард болды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Отандық нарықтағы отын бағасы басқа елдермен теңестіріледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері желтоқсанда мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыруға келісті. Келісім 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осылайша, отандық нарықтағы отын бағасы ЕАЭО-ға қатысушы басқа елдердегі бағалармен теңестіріледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2026
Шекара шебіндегі Шіліктіге интернет жетті
Зайсан ауданының Шілікті ауылына интернет жетті. Алтын адам шыққан тарихи мекеннің тұрғындары бұл күнді көп күтті. Енді ауыл халқы ұялы байланысқа емін-еркін қосылып, интернеттің игілігін көретін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Блогер Қайсар Қамза өзіне іздеу салынғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Қайсар Қамзаға іздеу жарияланғаннан кейін блогер алғаш рет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 12 Қаңтар, 2026
Қостанайда екінші дүниежүзілік соғыс ардагері 100 жасқа толды
Меңдіқара ауданына қарасты Тарасовка ауылында 1926 жылғы 10 қаңтарда дүниеге келген майдангер Ділдәбек Нұрышевті қалалық ардагерлер кеңесі мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
СҚО-да үй өртенді: әкесі мен баласы көз жұмды, тағы бір бала іздестіріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы Майбалық ауылындағы жеке үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы бір адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Дүйсенбідегі сауда-саттық қарсаңында Brent бағасы қалай өзгерді?
Әлемдік мұнай нарығы демалыс күндері қалыпты өсімді сақтады. Десе де соңғы геосаяси жағдайлардың сауда-саттыққа әсері байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды
Қостанай облысының Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде құтқарушылар республикалық маңызы бар «Қостанай − Қарабұтақ» автожолында қиын жағдайға тап болған рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Қаңтар, 2026
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады
Белгілі спортшы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде еліміздің бокс федерациясы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Қаңтар, 2026
11 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде боран соғады
Қазақстанға батыс циклоны жақындап келеді. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, жексенбі, 11 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн алуға болады
«Smart военкомат» жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 10 Қаңтар, 2026
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері ауысты
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді
БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Әбу-Дабиде Әзербайжанның «Нефтчиімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 10 Қаңтар, 2026
Алматы хайуанаттар бағы тұрғындарды шыршаларға екінші өмір сыйлауға шақырды
Қаңтар айының соңында жаңа жылдық шыршалар қоқысқа шығарылады. Лақтырылған шыршалар бойынша нақты цифрлар жоқ, бірақ Алматыда 2026 жылғы 18 қаңтарға дейін хайуанаттар паркі үшін (жануарлар мен ортаны байытуға арналған) тірі шыршалар жиналып жатыр және қала тұрғындарын оларды лақтырудың орнына тапсыруға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Ресей әуежайларында қарлы боран салдарынан рейстер жаппай кешігіп жатыр
Ресейдің бірқатар ірі әуежайларында қалың қардың салдарынан әуе қатынасы қиындап, рейстер жаппай кешіктіріліп және тоқтатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Тағайындау • 09 Қаңтар, 2026
Оңал Бекиев Атырау облыстық полиция департаментін басқарады
Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау облыстық олиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2026
Базадағы қателік: Абай облысында жетім баланы баспанасыз қалдырды
Басқа базаға көшіру кезінде деректер жоғалып, жетім бала қарапайым қателіктің салдарынан баспанасыз қалған. Шенеуніктердің әрекетін сот заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Астанада бала еміне деп ақша жинаған алаяқ ерлі-зайыптыға үкім шықты
Екеуі де кінәлі деп танылды. Астанада ауыр дертке шалдыққан баланы емдеуге ақша жинау сылтауымен алаяқтық жасағаны үшін айыпталған Даулет пен Толқын Тотақановтарға қатысты сот үкімі шығарылды. Тергеу нұсқасына сәйкес, жиналған қайырымдылық қаражаты мақсатсыз жұмсалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты
АҚШ Венесуэла мұнайын сату арқылы бір күнде 4 миллиард доллар табыс тапты. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да өсе береді. Бұл туралы Fox News телеарнасына берген сұхбатында Дональд Трамп мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Бибігүл Жексенбай: Халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіледі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай елордадағы Еңбек мобильділігі орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында сенатор орталықтың елдегі еңбек нарығын дамытудағы, азаматтарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Мемлекет тарапынан әрбір азаматтың өз әлеуетін толық іске асыруына, лайықты жұмыс табуына және тұрақты табысқа қол жеткізуіне қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Венесуэладағы және Ирандағы болып жатқан жағдайларға байланысты мұнай бағасы екінші күн қатарынан қымбаттап, үшінші апта қатарынан өсім көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.