аң
Оқиға • 10 Қараша, 2025
27 тоннадан астам есірткі: «Қарасора-2025» операциясының қорытындысы жарияланды
Ішкі істер министрлігі елімізде маусым мен қазан айлары аралығында өткен «Қарасора-2025» республикалық жедел алдын алу іс-шарасының нәтижелерін жариялады. Операцияның басты мақсаты – есірткі айналымына тосқауыл қою және заңсыз өсірілетін құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қараша, 2025
75 тоннадан астам балық Еуропаға заңсыз экспортталған
Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті көлік прокуратурасының үйлестіруімен «СПК Қызылорда Балық» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 10 Қараша, 2025
Жаңа туған сәби Өскеменге тікұшақпен шұғыл жеткізілді (видео)
«Қазавиақұтқару» РМК әуе экипажы санитарлық рейсті орындап, денсаулық жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткен жаңа туған сәбиді санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қараша, 2025
Ақтау мектептерінде қантөгіс болады: желіде тараған ақпарат тексеріліп жатыр
Маңғыстау облысында тұрғындардың WhatsApp чаттарында білім беру мекемелеріне жасалатын шабуыл туралы қорқыту сөздер жазылған хабарламалар таратылуда, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Мемлекеттік қызметті онлайн алатындарға қатысты ерекше жаңалық жария болды
«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа функция іске қосылды – енді ел азаматтары мемлекеттік қызметтер бойынша өз өтінімдерінің мәртебесін үйден шықпай-ақ қадағалай алады, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 05 Қараша, 2025
Күніне 76 ата-ана жауапқа тартылады
Елімізде күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2025
34 жастағы мұсылман жігіт Нью-Йорк қаласының әкімі болып сайланды
Нью-Йорк қаласының жаңа әкімін сайлау америкалықтар үшін ұлттық деңгейде назар аудартқан оқиғаның бірі болды. Көп күткен сайлаудың қорытындысы бойынша, ABC News арнасының дауыс беру нәтижелеріне жасаған талдауына сәйкес, 34 жастағы демократиялық социалист Зохран Мамдани қаланың келесі әкімі болып сайланды, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 04 Қараша, 2025
Қансонарда бүркітші шығады аңға: Биыл қасқыр мен түлкі атуға рұқсат жоқ
Қазақстанның кең-байтақ даласы ежелден адам мен табиғаттың үйлесім тапқан мекені саналады. Дегенмен соңғы жылдары қасқыр мен қабан, тіпті қоңыр аюдың елді мекендерге жақындап келуі жиілеп, халық пен билік арасындағы алаңдаушылық арта түсті. Осыған орай Сенат депутаты Қайрат Тастекеев жабайы жануарлардың санын бақылау мен реттеуді күшейту жөнінде Үкіметке сауал жолдаған еді.
Аймақтар • 04 Қараша, 2025
Қарағандыда заңсыз киік аулау дерегі тіркелді
Облыста жабайы табиғатты қорғау саласында «Браконьер» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Оның басты мақсаты – жабайы табиғатты қорғау, браконьерлік іс-әрекеттерді болдырмау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 03 Қараша, 2025
«Халық заңгері» акциясының игілігін қанша адам көрді?
Елімізде өткен «Халық заңгері» республикалық акциясы аясында 120 мыңнан астам азамат тегін әрі білікті құқықтық көмек алды. Бұл шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру бағытындағы ең ірі әлеуметтік бастамалардың біріне айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Қараша, 2025
Ірі үш қаламызда алдағы күндері қандай ауа райы болады?
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге – 3, 4 және 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Қараша, 2025
3 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан аумағында алдағы дүйсенбі күні ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Заң • 02 Қараша, 2025
Елімізде пәтерге жалған тіркеу дерегіне қатысты жауапкершілік күшейтіледі
2025 жылғы 31 қазанда ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте бір мекенжай бойынша жалған тіркеу жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 02 Қараша, 2025
Келесі жылдан бастап кімдер салықты аз төлейді
Елімізде көлік пен мүлік салығына қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 01 Қараша, 2025
Парламенттік реформа – тек құрылымдық өзгеріс емес, заңның рөлін қайта пайымдау
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкіровамен сұхбат.
Заң • 31 Қазан, 2025
Мыңнан астам тұрғын отбасы, еңбек, жер салалары бойынша заңгерлерден тегін кеңес алды
Бүгін Шымкент қаласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2025
1 қаңтардан бастап зейнетақы, кейбір әлеуметтік төлемдер сомасы артады
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үкімет жас және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 10%-ға арттыруды бюджетке енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қазан, 2025
Жаңбыр жауып, үсік жүреді: бірнеше өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 31 қазанда елімізде тұман түсіп, найзағай ойнайды, жел күшейіп, үсік жүреді деп болжап отыр, соған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қазан, 2025
Ақтауда «Сән Құрақ Fest-2025» фестивалі өтті
Ақтауда қолөнер дәстүрін жаңғыртуға бағытталған «Сән Құрақ Fest–2025» фестивалі өтті. Көрмеге «құрақ құрау» дәстүрімен әзірленген көрпелер, киімдер мен аксессуарлар қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 30 Қазан, 2025
31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді
Таңертеңнен кешке дейін әр аймақтағы үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес береді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 30 Қазан, 2025
Жаңартылған мектептерде 130 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін 1300-ге жуық мектепте реновация бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Қазан, 2025
Вьетнамда нөсер жаңбырдан болған су тасқынынан 10 адам қаза тапты
Вьетнамның орталық өңірлерінде толассыз нөсер жауын салдарынан жойқын су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, кем дегенде 10 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 29 Қазан, 2025
Көкшетауда «Келешек мектебінде» биыл 1100-ден астам оқушы білім алып отыр
Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі – Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназиясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи инфрақұрылымымен және білім сапасын арттыратын инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қазан, 2025
Атырауда заңсыз айналымнан 30,6 мың литр алкоголь, 9,7 мың тонна мұнай алынды
Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 29 Қазан, 2025
Астанада 36 мыңнан астам тұрғын жаңа жұмыс кестесіне ауысты
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданы тұрғындарымен кездесу барысында жаңа жұмыс уақытының режиміне негізінен мемлекеттік органдардың, ұлттық және коммуналдық компаниялардың қызметкерлері көшкенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Қазан, 2025
АҚШ Президентінің арнайы өкілі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы орынбасарының Қазақстанға сапары басталды
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Қазан, 2025
Қытай киберқауіпсіздік туралы заңын жаңартты
Қытай Халық Республикасы киберқауіпсіздік туралы заңға түзетулер енгізіп, цифрлық саланы және жасанды интеллектіні (ЖИ) реттеудің құқықтық негізін күшейтті. Бұл шешім 18-ші Бүкілқытай халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің отырысында қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 28 Қазан, 2025
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды
Казгидрометтің болжамынша, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында күздің ызғары сезіле бастайды. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында биыл қылмыс деңгейі төмендеді
Маңғыстау облысында биыл тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 15,7%-ға азайды. Атап айтқанда, аса ауыр қылмыстар 73,7%-ға, ауыр қылмыстар 8,1%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 29,5%-ға, онша ауыр емес қылмыстар 9,7%-ға төмендеген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республика күні • 28 Қазан, 2025
Тәжен ауылында медициналық пункт ашылды
Бейнеу ауданына қарасты Тәжен ауылында 25 қазан – республика күні қарсаңында жаңа медициналық пункт ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.