ек
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Шекара бекеттері тозып тұр – депутат
Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутат Болат Керімбек шекара бекеттерін материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі түйткілді мәселені көтеріп, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 18 Қазан, 2023
Президент: қазақ-қытай қатынастары стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейіне жетті
Мемлекет басшысы Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен келіссөз жүргізді, оған ілтипат білдіре отырып, оны аталған лауазымға сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қазан, 2023
Ақын Несіпбек Айтұлын ақтық сапарға шығарып салды
Бүгін Астанада Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ақын Несіпбек Айтұлының жаназа намазы оқылып, ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Қазан, 2023
Президент: «Бір белдеу, бір жол» Ұлы Жібек жолы ренессансына тың серпін берді
Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» жобасы елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға, тату көршілік қатынастарды, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2023
Президент: Екі ел арасында белсенді әрі сенімді саяси диалог орнаған
Қазақстан Президенті Бейжіңге ресми сапары аясында Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қазан, 2023
800 теңге: Мектепте ыстық тамақ қымбаттайды
Мектеп асханасындағы түскі астың құнына енді азық-түлік бағасы ғана емес, кәсіпкерлердің басқа да шығындары кіреді. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы: Ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз
Мемлекет басшысы SINOPEC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэнді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қазан, 2023
Қытайда Әл-Фарабиге қойылған бюст салтанатты түрде ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі білім алған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюстті салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 17 Қазан, 2023
Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?
«Decision Dividida» промоутерлік компаниясының матчмейкері Кике Родригес қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен доминикандық Карлос Адамес (23-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жекті тамашалау қызық болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Әскер • 16 Қазан, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары елдің шығысы мен батысындағы гарнизондарда болды
Жұмыс сапары барысында Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әкімдермен кездесіп, әскери бөлімдер мен мекемелердің жылу беру маусымына дайындығын тексерді.
Өнер • 16 Қазан, 2023
Жасанды интеллект суретшілерді алмастыра ала ма?
Соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жасанды интеллект мүмкіндіктері, соның ішінде қылқалам өнері, шығармашылық индустрия ортасында алаңдаушылық туғызып отыр. Қазір нейрожелілер көркем шығармаларды жасаудың жаңа құралы ретінде белсенді қолданылады, оған студенттер де білдей сала иелері де машықтанып алған. Себебі ол арнайы білім беруді қажет етпейді, өнер саласында таза техникалық дағдыларға ие болу қажеттілігінен де арылтады.
Президент • 16 Қазан, 2023
Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды - Президент
Мемлекет басшысы ақын Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Поэзия • 16 Қазан, 2023
Ақын Несіпбек Айтұлы қайтыс болды
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы 74-ке қараған жасында дүниеден озды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Қазан, 2023
«Хамас» шабуылы: Қазақстан азаматы туралы ақпаратты министрлік теріске шығарды
«Хамас» шабуылынан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалып кеткендер туралы Израиль Қорғаныс министрлігі жариялаған тізімнің ішінде бір Қазақстан азаматы бар деген ақпаратты Сыртқы істер министрлігі теріске шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Қазан, 2023
15 қазанда сағат 10:40-та Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында Түпқараған ауданында Баутино ауылының маңында 25 өлі итбалық ұшасы мен 33 дана бекіре тұқымдас балықтарды тапқан.
Спорт • 15 Қазан, 2023
Боксшы Қанат Ислам Президенттен көмек сұрады
Кәсіпқой боксшы, әуесқойлар арасында Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қазан, 2023
Ел Президентінен құттықтау қабылдау үлкен мәртебе – боксшы
Президенттің құттықтауына жазған жауабында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алғысқа толы лебізін арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Қазан, 2023
Айтулы жеңіс: Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа жіберді
Бүгін 15 қазанда таңертеңгі уақытта Розенбергте (АҚШ, Техас штаты) орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен IBF белбеуінің иегері неміс Винченцо Гуальтиери (21-0-1, 7 КО) арасында жекпе-жек өтіп, Қазақстан боксшысы жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2023
Жәнібек қазақ бокс мектебінің мықтылығын тағы да паш етті – Президент
Мемлекет басшысы қазақ боксшысын айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қазан, 2023
Президент: Қазақстан лаңкестік әдістерді қолдануға мүлдем қарсы
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сенат • 13 Қазан, 2023
Жастар Сенат Төрағасына қандай уәж айтты?
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Digital Nomads қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Шетелде тұратын және әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істейтін қазақ жастарын біріктіретін қауымдастықтың мүшелері Астанада өтіп жатқан Digital Bridge халықаралық технологиялық форумына қатысу үшін арнайы келген, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 13 Қазан, 2023
ЖРВИ ішіндегі ең қауіпті вирус - тұмау
Эпидемия маусымының бірінші аптасында елорда тұрғындары арасында ЖРВИ-дің 12 876 жағдайы тіркелсе, алдыңғы эпидемиялық маусымның осы кезеңінде 7 146 жағдай тіркелді. Бұл туралы Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қазан, 2023
Танымал актер Асқар Жұмабек 6,5 жылға сотталды
Алматы қаласының №2 Бостандық ауданының сотында қаладағы караоке-бардың бірінде болған төбелеске қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс - Президент
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумындағы баяндамасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Президент: Жасанды интеллектіні дамыту үшін стратегиялық құжат қабылдау керек
Мемлекет басшысы Digital Bridge форумындағы баяндамасы барысында жасанды интеллектіні қолдану аясын және оны дамытудың міндеттері мен құралдарын айқындайтын стратегиялық құжат қабылдау керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қазан, 2023
Президент: Жасанды интеллект өмірдің ақиқатына айналды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған Digital Bridge форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 12 Қазан, 2023
Мектептерде информатиканы оқыту сапасын арттырған жөн - Президент
Digital Bridge форумына қатысқан Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні қолданысқа енгізу адамдарға арналған жұмыс орындарының жаппай жойылуына алып келмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2023
Жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу қажет - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge форумында жасанды интеллектіні нормативтік тұрғыда реттеу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Қазан, 2023
Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы деген атаққа ие Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын 14 қазан күні АҚШ-тың Розенберг қаласында өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.