ас
Президент • 21 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тұлға • 21 Желтоқсан, 2025
Халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
КСРО Халық әртісі, кино және театр өнерінің абызы Асанәлі Әшімов 89 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2025
Илон Масктің байлығы 700 млрд доллардан асты
SpaceX, Tesla және xAI компанияларының негізін қалаушы Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 млрд доллардан асқан адам болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 21 Желтоқсан, 2025
Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды
Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Нөсер жауыннан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде қалуға, су басқан аймақтардан аулақ болуға және саяхатты шектеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2025
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды
Астанада бүгінге жоспарланған дрондар шоуы ауа райының нашарлауына байланысты өтпейтін болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Желтоқсан, 2025
Тарихи алтын: Қазақстан құрамасы голболдан топ жарды
Жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындарында Қазақстанның голбол құрамасы алғаш рет алтыннан алқа тағып, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2025
Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады
Бүгін елорданың 6 ауданында сағат 18:00-де 40-тан астам шыршаның шамы жағылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Желтоқсан, 2025
Астанада бір күнде екі адам өзіне қол жұмсады
Елорданың екі түрлі ауданында бір тәуліктің ішінде екі қайғылы жағдай орын алды. Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?
Соңғы екі жылда Қазақстанның су шаруашылығы саласына 579 млрд теңге инвестиция тартылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің қорытынды отырысында бұл қаражаттың елді мекендерді, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысын су басу қаупінен қорғауға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 19 Желтоқсан, 2025
32-қабаттан Каспий көрінеді: Атырауда зәулім «Ақ-Жайық» кешені салынады
Атырауда «Арман қала» даму тұжырымдамасы аясында бірегей «Ақ-Жайық» қонақүй-іскерлік орталығының жобасы таныстырылды. «TEXOL» компаниялар тобы жүзеге асыратын бұл ауқымды нысан 2030 жылға қарай пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Қасым-Жомарт Тоқаев Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетіне барып, «Дүрбелеңге толы дәуірдегі стратегиялық сенімді қалпына келтіру: әділетті әрі тұрақты әлем құру жолындағы Қазақстанның ұстанымы» тақырыбында дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сіілтеме жасап.
Қаржы • 19 Желтоқсан, 2025
Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты
Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
2026 жылы үш облыста жаңа су қоймалары бой көтереді
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ислам даму банкінен бөлінетін несиенің есебінен 2026 жылы еліміздің бірнеше өңірінде су нысандарының құрылысы басталады. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2025
Цифрландыру саласында Қазақстан мен Жапонияның ынтымақтастығы артады
Жапония тарапынан Қазақстанмен цифрландыру, жасанды интеллект, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және инновациялық технологияларды енгізу салаларында ынтымақтастыққа қызығушылық байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Жапония Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі
Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңызды бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. Жапония Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді. Жиналған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 8,5 млрд долларды құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Mitsui басшылығына ризашылығын білдірді
Қазақстан Президенті Қасы-Жомарт Тоқаев Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев JOGMEC ұйымының төрағасымен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорацияларының бірі саналатын Sumitomo жетекшісі Шинго Уэнонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
«Қош келдіңіз!»: Токио губернаторы Қасым-Жомарт Тоқаевты қазақ тілінде қарсы алды
Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі кезінде Мемлекет басшысына қазақ тілінде ілтипат көрсетіп, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығының жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 18 Желтоқсан, 2025
Қарағандыда студенттер фестивалі өтті
Қарағанды қаласында студенттік жастарға арналған ең ауқымды әрі маңызды жобалардың бірі – Qaragandy Student Fest 2025 жарқын да мазмұнды түрде аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 18 Желтоқсан, 2025
Елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті
Астананың Сарыарқа ауданында мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алғырлар – 2025: идеядан болашаққа» атты оқушылар жобаларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Қызылордада мас жүргізушілер 1 жылда 763 рет құқық бұзған
Жыл басынан бері Қызылорда облысы аумағында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару дерегі бойынша 763 құқық бұзушылық анықталған. Шара қатаңдатылса да, заң бұзушылықтың осы түрі әлі де толастамай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Желтоқсан, 2025
ЛГБТ насихаты үшін салынатын айыппұл көлемі белгілі болды
Қазақстан Парламенті БАҚ, әдебиет және ойын-сауық шараларында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңнамалық түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес • 18 Желтоқсан, 2025
Сенат маңызды заң жобасын мақұлдады
Елімізде мемлекеттік қызметкерлерге теңестірілген кей тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуына рұқсат етілуі мүмкін. Себебі бүгін Сенат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.