он
Әлем • 21 Қаңтар, 2026
Жапонияда туристер мінген тікұшақ жоғалып кетті
Жапонияның Кумамото префектурасында туристік тікұшақ жоғалып кетті. Оның бортында үш адам болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қостанайда өңір оқырмандарының «Оқы және жең» байқауы мәреге жетті
Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған онлайн байқауға 10 мыңға жуық оқырман қатысты. Облыс әкімінің қолдауымен көпшіліктің кітапқа құштарлығын ояту мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқау үміткерлердің жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Қонаевта жол жағдайы жақсарды ма?
Қонаев қаласында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Атқарылған істердің нәтижесінде бүгінде қаладағы қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Елімізде арнайы Конституциялық комиссия құрылатын болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Арнайы Жарлыққа ертең қол қояды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қаңтар, 2026
Орталық Азиядағы рекорд: Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қазақстан экономикасы өткен жылды мол табыспен аяқтап, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім үлесі Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баға • 20 Қаңтар, 2026
Былтыр желтоқсанда бұл өнімнің жылдық қымбаттауы 26,2 пайызға жеткен. Бұл соңғы бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ұлттық статистика бюросы дерегінше, кофе бағасының индексі жаз айларынан бастап шапшаң өсіп, 19 пайыздан 26 пайызға дейін көтерілген, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 19 Қаңтар, 2026
Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті
V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт өтті. Іс-шараға Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша Бейбітшілік кеңесінің мүшесі болуға шақырды
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа бойынша құрылатын Бейбітшілік кеңестің құрамына кіруге ресми шақырып, ал Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болуға ұсыныс білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мемлекет басшысы еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2026
Берлинде павильон ашылды: Немістер Қазақстан өнімдеріне қызығушылық танытты
Берлинде өткен халықаралық Grüne Woche көрмесінің жүз жылдық мерейтойы мен Global Forum for Food and Agriculture халықаралық конференциясы аясында Қазақстанның Ұлттық павильонының ашылуы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қаңтар, 2026
Олимпиада: Қазақстан биатлоншыларына 4 жолдама берілді
Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Италияда өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға бөлінген квоталардың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қол-аяғын байлап, үйін тінтіген: Қарақшылар әйелдің 30 млн теңгесін қолды қылды
Алматыда қарақшылар күндіз әйелге шабуыл жасап, 30 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Қала полициясы көп ұзамай күдіктілерді қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2026
Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты
Жапонияда теңіз жағалауындағы шағын үй бар болғаны 6,5 млн теңгеге сатылымға қойылды. Бұл туралы TrendWatching Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қаңтар, 2026
Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын
Бішкек қаласында Орталық Азиядағы ең ірі спорттық нысан, FIFA стандарттарына сай халықаралық деңгейдегі стадионның құрылысы жалғасуда. 51 мың көрерменге арналған жаңа кешен Қырғызстанның спорт инфрақұрылымындағы маңдайалды жобаға айналды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Әскери спортшы Азия чемпионатында топ жарды
Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының спортшысы, қатардағы жауынгер Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатына қатысып, 70 келіден аса салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүниеден озды
Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева 91 жасында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Қаңтар, 2026
Ел экономикасы қалай өсіп жатыр: Депутат қарапайым сөзбен түсіндіріп берді
Мәжіліс депутаты Болатбек Алиев Қазақстанда «үздіксіз дағдарыс» туралы айтылатын әңгімелер көбіне нақты экономикалық үдерістерді көрсетпейтінін айтып, жағдайды эмоциямен емес, фактілер арқылы бағалауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды
Астана қаласында ауа райының нашарлауына байланысты 16 қаңтар күні екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Қызылордадағы 21 млрд теңгеге салынған стадион УЕФА тексерісінен қашан өтеді?
2025 жылдың 4 қазанында салтанатты түрде ашылған Қызылордадағы жаңа «Қайсар Арена» стадионына УЕФА тарапынан жүргізілетін тексеріс алдағы айларға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Астронавт ауырып қалған: Ғарыш кемесі кері қайтарылды
Бұл – Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) тарихында алғаш рет болған жағдай. Florida Today хабарлауынша, бүгін, 15 қаңтарда, Қазақстан уақытымен сағат 13:41-де Crew Dragon ғарыш кемесі Crew-11 миссиясының 4 мүшесімен бірге Флорида жағалауына жақын Атлант мұхитына сәтті қонған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2026
Салық режимдерінің ауысуы кітап нарығына қалай әсер етеді?
Қосылған құн салығына қатысты бастамалар қоғамдық пікірде көбіне «баға қымбаттайды» деген бір ғана өлшеммен қабылданады. Алайда бұл өзгерістердің салдары кей салаларда әлдеқайда терең әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Соның бірі – баспа ісі. «Мазмұндама» баспасының директоры, баспагер Шыңғыс Мұқан салық режимдерінің ауысуы мен ҚҚС мөлшерлемесінің өзгеруі кітап нарығындағы қалыптасқан экономикалық тепе-теңдікті шайқалтуы мүмкін екенін айтады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
2032 жылға дейін Айда қонақүй салынады
GRU Space Айда алғашқы қонақүйлер салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сан-Францискода орналасқан стартап 2032 жылдан бастап Айға туристерді жібере бастауға ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қаңтар, 2026
Президентке Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың жаңа жоспары таныстырылды
Мемлекет басшысы Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономаревті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 15 Қаңтар, 2026
«Каспий» мен «Жетісудың» бұрынғы ойыншысы Лайонел Адамс қайтыс болды
Мәскеу түбіндегі Звенигород қаласында кезінде еліміздің бірнеше футбол клубында атой салған ресейлік қорғаушы Лайонел Адамстың мәйіті табылды. Құзырлы органдар қайғылы жағдайдың мән-жайын жіті тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшылары барабанда бірге ойнады
Әлеуметтік желіде Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшыларының барабанда ойнап отырған видеосы тарады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның ірі кен орындарында мұнай өндірісі күрт төмендеді
2026 жылдың қаңтар айының алғашқы 12 күнінде Қазақстанның Каспий қайраңындағы ірі кен орындарында мұнай мен газ конденсатының тәуліктік өндірісі айтарлықтай азайды. Көрсеткіштер өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 14 Қаңтар, 2026
Энергетика министрлігі: Желтоқсан айында КҚК арқылы мұнай жөнелту көлемі төмендеді
Энергетика министрлігі 2025 жылғы желтоқсан айында Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелту көлемінің төмендеуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 14 Қаңтар, 2026
Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасын 122 елдің оқырмандары пайдаланады
Ұлттық электронды кітапхана – 2007 жылы Ұлттық академиялық кітапхананың негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде құрылған. Кітапхананың 2025 жылғы көрсеткіштері айтарлықтай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 14 Қаңтар, 2026
14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды
Астана қаласында ертең, яғни 14 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.